Авторы: Байтурганова Роза Оралбековна
Алматы облысы Талдықорған қаласы Ескелді ауданы Көкжазық ауылы Балпық би атындағы орта мектебі
Ұйыдастырушы -ұстаз
Тақырыбы: «Алғыс айту парызым!»
Эпиграф: «Өмірге риза болып, алғыс айт»
Халық даналығы
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
– үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
– әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Барысы:
1-жүргізуші : Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші : «Алғыс
айту
парызым!»
атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош
келдіңіздер!
1- жүргізуші
: Талайлы тағдырлардың басын өз
шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай,
қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін
күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық
ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін
бекітті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деді Президент Нұрсұлтан Әбішұлы.
2-жүргізуші : Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.
1-жүргізуші : Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
2-жүргізуші :
Жер- Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде
1 – жүргізуші : Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Ендеше «Нұр аға» өлеңін 7 сынып оқушысы Ізтұрған Айгерім мәнерлеп оқиды.
Нұр аға
—
Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад…
Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш - дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
— Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…
2-жүргізуші : ----------------менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?
1-жүргізуші : Тізімді бірге құрайық!
2-жүргізуші : Бастысы – алғыс айта білу...
1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..
Бірге: Рахмет айтамыз!
1-жүргізуші : ---------------біздің ойымызды өлеңмен толықтырған Кенже Оразай ағамыздың өлеңін көпшілікке жеткізсем деген ниетпен келіп отырған 6 сынып оқушысы Мақсатов Мирасты ортаға шақырсақ.
Аллаға әуелі рахмет!
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт-санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.
Кенже Оразай
2-жүргізуші :
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1-жүргізуші:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім
ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап
қажетті кеңестермен сусындатады.
2-жүргізуші : Иә, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білімнің кәусар бүлағынан сусындататын асыл жандар-аяулы ұстаздар туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз.
1-жүргізуші : Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
2-жүргізуші :
Өнерпаздар жарысып сан- салалы,
Жиын десе, той десе ән салады.
Ұлағатты ұстаздардың құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады-дей келе 10
сынып оқушысы Жақсылық
Арсеннің орындауында әнін қабыл алыңыздар.
Ән: « »
1- жүргізуші : Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы,
көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен
іс–әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі
үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасының
басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың
берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана –
бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша
құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті
атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар
тау.
2- жүргізуші
: Жан әке, Сіз жүргенде
көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғастырып дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
1- жүргізуші :
әнін
тамашалаңыздар.
2- жүргізуші :
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.
1-жүргізуші:
Ана- әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,
қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған
ардақтысы. Мен
ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі
ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге
келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап
өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына
елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың
амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы
қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
2-жүргізуші:
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ,
мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз
сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын
басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші,
өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата - анасын сыйламайтын
адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана - тіршіліктің гүлі,
отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар
да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес.
Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
1-жүргізуші:
Бүгінгі ризашылық күнін және алдағы келе жатқан 8-наурыз
халықаралық аналар мерекесін пайдаланып аналарымызға да
басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!
2- жүргізуші :
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй -деп, келесі кезекті ана туралы әнге
берсек. 4 сынып оқушысы Рахат
Лала қыздарыңыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ән: «Ана»
1-жүргізуші : Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыз бұрала билейді би.
« қазақ » биі ортада 7 сынып оқушысы
Серікова Ақмерей
2-жүргізуші : Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.
1-жүргізуші : Қазақстан халқы мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
2- жүргізуші :
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!
1-жүргізуші :
Біздің қазақстан жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгін
осында татар, орыс, үнді,
өзбек, , кәріс ұлт өкілдерінен біздің мектебімізде
оқитын оқушылары бүгінгі іс-шарамызға өз ризашылықтарын
білдіруге
келіпті. Осы ұлт өкілдеріне қошеметтеп
қол шапалақтап қояйық.
2-жүргізуші :
Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен
тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым –
деп, орыс халқының өкілін шақырамыз.
1-жүргізуші :
Жолым түсіп, тағдыр талап,
Кәріспен болдым дос қонақ ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ –
дегендей кәріс ұлтын шақырамыз
1-жүргізуші :
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда – Үнді ұлтын шақырамыз
2-жүргізуші :
Бұралып гөзал билегенде
Өзбектің асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар айтыңдаршы қандай пенде. - өз
биімен өзбек жерлесімізді ортаға
шақырайық
1-жүргізуші :
Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден! –татар ұлтын шақырамыз
2-жүргізуші :
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде тұр аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
1-жүргізуші :
Ортақ бізге бір Отан.
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы-дегендей өздеріңіздің бүгінгі алғыс айту
күнінде елімізге айтар алғыс-тілектеріңіз болса айтып
өтсеңіздер.
1. Орыс ұлтынан:
Своих детей храни, земля,
Пусть ночи будут мирными
У нас на всех одна, одна земля.
Своих детей люби , Земля
Мы вместе будем сильными,
Ведь Родина унас на всех одна.
Қазақстан еліне алғысым шексіз, Қазақ елі жасасын!
2-жүргізуші: Ендігі сөзді кәріс ағайынымызға
берейік.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызғае
айтарым, қашанда жүзіміз жарқын,көңіліміз шат болып тұру үшін
ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай, берген уәдені
орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір,
Конституциялық құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда. Біз
қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді
қалаймыз. Ешкім де, ешқашан да ұрыс-керіс,жанжал,айқай шумен жақсы
тұрмыс жасай алмайды. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!
1-Жүргізуші :
Келесі сөз кезегін үнді
халқына берейік.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! –
2-Жүргізуші : Келесі сөз кезегін көршілес мемлекетіміз өзбек халқына берейік.
Қуаныштан желпілдейді түндігім,
Шын ниетпен алғыс айтар күн бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.
1-Жүргізуші
: Келесі сөзді татар елінің өкілдеріне
берейік.
Біз қазақ халқының шексіз
дарқандығын айтқымыз келеді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына
болады. Өйткені достығы, бірлігі мықты ел қашанда дараланып тұрады.
Қазақстан Республикасында тұратын мақтан тұтатын ұлттың бірі-
біздер татарлар. Дініміз бөлек болса да, түркі тіліміз бір
болғандықтан қазақ тілін үйренуге дайынбыз. Қазақ жеріндегі жақсы
тұрмысымыз туралы сырттағы бауырларымыздың аузынан естіп төбем
көкке бір елі жетпейді. Жасасын Қазақстан! Баршаңызға
мың алғыс!
2-Жүргізуші : Тілектеріңізге көп-көп рахмет!
Осындағы түрлі ұлттан шыққан бауырларымызға қазақ балаларының да айтары бар екен. Ендеше, тыңдап көрелік.
Дильназ:
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Жырласа қазақ, түркімен,
Орыс,татар үн
қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері
жарасқан.
Мирас:
Қадірменді бір досымыз – өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің
Дәм- тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен басбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Ақмерей:
Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар
тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз
1-жүргізуші : Бейбітшілік жасасын!
2- жүргізуші : Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші : Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
1-жүргізуші: Иә, Егемен ел бесігі жыл
өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
Осы тәуелсіз мемлекетімізді уақыт талабына сай
салиқалы ақылмен, терең парасат- пайыммен басқарған Н.Назарбаев
сынды ерен елбасын қалай мақтап, мадақтасақ та жарасады.
Көп ұлтты халықтың арасында «ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың
ұйтқысы болып, дер кезінде республикадағы ұлттардың Ассамблеясының
жұмысын жандандырып , олардың тілін, әдет-ғұрпын насихаттауға
мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Осылайша ел басқарудың ауыр
міндетін қайыспай көтеруде.
2-жүргізуші :
Көңіліміз әсем әнге бір толсын,
Халқымызға қыдыр дарып, бақ қонсын.
Көңіл қойып тыңдаңыз көрермендер,
Есте қалар кештердің бірі болсын - 8 сынып оқушысы Мырзабай
Қарақаттың орындауында «Қазақ елі
осындай» а
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: Алғыс айту парызым! Мерекелік іс - шара

шағым қалдыра аласыз