Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Ашық сабақ. "Пирамидалар" сенсорика

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге жәрдемдеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: Пирамидалар

Мақсаты: Бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (түсі мен пішіні) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды үйрету

Міндеті:

1.Биік және аласа заттарды ажыратуға жаттықтыру ;

2.Танымдық қызығушылықтарын арттыру.

3.Жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Пирамида суреті, үшбұрыш пішіні.

Әдіс – тәсілі: Көрсету, айту, түсіндіру.

Сөздік жұмыс: Пирамида

Билингивалды компонент: пішін – фигура


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті

Танымды оятушылық

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу: «Күнмен амандасу»

Мақсаты: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.


Балалар шаттық шеңберін орындайды.

Орындарына отырады

Ұйымдастыру - іздестіру

- Балалар, мынау үшбұрыш пішіні.

- Үшбұрыш деп аталу себебі, оның үш бұрышы бар: саусақпен жүргізіп бұрышын санайық: біреу, екеу, үшеу.

- Мынау біздің күнделікті ойнап жүрген ойыншығымыз, бұл ойыншықтың атауы - пирамида. Пирамида деп аталу себебі – оның астыңғы жағы жалпақ, ал үсті жіңішке болып келеді, пирамиданың пішіні - үшбұрыш.

Сергіту сәті:

Қызыл, жасыл, сары, көк

Алуан - алуан пішіндер.

Ал, қанекей балақан

Тап үшбұрыш ішінен.

- Ал балалар, қазір бәріміз бірге пирамида құрастырамыз.

- Пирамиданың ең астына қандай дөңгелек қоямыз?

- Үлкен.

- Оның үстіне қандай қоямыз?

- Орташа.

Ал ең үстіне қандай дөңгелек қоямыз?

- Кішкентай.

- Өте жақсы балалар енді келіп өздерің реті бойынша пирамиданы құраңдар.

Ойын: «Қай зат артық?»

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Үшбұрыш пішінді заттардың арасына дөңгелек пішінді зат қойып, қайсысы артық екенін тапқызу.

Балалар мұқият тыңдайды.











Тәрбиешімен бірге сергіту сәтін орындайды




Балалар тәрбиешінің көмегімен пирамида құрайды.









Балалар ойын ойнайды

Рефлексифті түзету

- Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

- Біз бүгін қандай пішінмен таныстық?

- Үшбұрыштан не құрадық?

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.



- Үшбұрыш.

- Пирамида

Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Үшбұрыш пішінін ажырата білу керек..

Болу керек: Сабаққа қызығушылығы болу керек.

Істей білу керек: Пирамиданы құрастыра білу керек.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.06.2021
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12