жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: Ашық сабақ «Қуыршаққа киім таңда» Сенсорика
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: «Қуыршаққа киім таңда»
Мақсаты: Көлемі, түсі, нысаны бойынша заттарды сәйкестендіру
Міндеттері:
1.Түсіне қарай киімдерді (көйлек, бас киім, аяқ киім) таңдауға үйрету
2.Қуыршақтың бойына қарай (үлкен, кішірек, кішкентай), көлемі бойынша түрлі нысандарды қолданып, үй салуды үйрену
Көрнекіліктер: қуыршақ, киімдері
Көптілділік: Қуыршақ-Кукла
|
Қызмет кезеңі |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
+ |
- |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері Қуанамын менде , Қуанасын сенде. Қуанайық достарым. Арайлап атқан күнге. - Жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық. - Меніңше біреу есік қағып тұрған сияқты. Қане көрейікші. Ғажайып сәт: Топқа Маша келеді.Қолында қорапшасы бар. Тәрбиеші: Балалар Машамен амандасайық. Маша: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз аю екеуміз ренжісіп қалдық. Мен аюдан түстерді сұрағанмын, маған айтпады. Менің көптеген қуыршақтарым бар. Қуыршақтарымның көйлегенің түстерін білмей тұрмын. Маған түстерді ажыратуға көмектесесіңдер ме? |
Тәрбиешіге қарап қимылмен жасайды . -Сәлеметсің бе Маша -Иа көмектесеміз. |
|
|
|
Ұйымдастырушы ізденуші |
Бір - бір баладан шақырып алып қуыршақтардың киімдерінің түстерін сұрау, бірге қайталау. -Бұл не балалар? -Қуыршақтың көлегінің түсі қандай? -Ал,мына қуыршақтың көлегінің түсі қандай? -Қуыршақтың шашының түсі қандай? -Мына қуыршақтың пішіні қандай балалар? -Ал мына қуыршақтың пішіні қандай? -Дұрыс айтасыңдар балалар! -Қане балалар қуыршақтарға ат қояйықшы. -Үлкен қуыршақтың атын Асем деп қояйық,кішкентай қуыршақтың атын Айгерім деп қояйық. -Қуыршақты біз орыс тілінде кукла деп айтамыз. Билингвалды компонент: Қуыршақ-Кукла -Қараңдаршы қандай әдемі,әсем біздің қуыршақтар. -Ендеше балалар біз қуыршақ Асем мен қуыршақ Айгерімге көлек тарту етейік олар көлекті қатты жақсы көреді екен. (Үлестірмелі материялмен жұмыс) -Сендердің алдарыңда үлкен және кішкентай өлшемде көйлектер бар,Үлкен қуыршақтың қасына үлкен көйлекті,кішкентай қуыршақтың қасына кішкентай көйлекті орналастырайық. -Жарайсыңдар балалр! -Мына көйлектің өлшемі қандай? -Түсі қандай? -Ал мына көйлектің өлшемі қандай? -Бұл көйлектің түсі қандай? Ендеше балалар орнымыздан тұрып серігіп алайық. Орнымыздан тұрайық Алақанды ұрайық Бір отырып, бір тұрып Біз бір дем алайық Жарайсыңдар. Маша: -Балалар сендердің ойын ойнағыларың келе ме? -Олай болса балалар қуыршақ Асем мен қуыршақ Айгерімнің ойнайтын өздерінің ойыншықтары бар. Бірақ олар шатасып кетті. Оларды табуға көмектесеміз бе? Қ\о: «Түсіне қарай орналастыр» Шарты:Мына жерде қызыл, сары, көк түсті доптар жатыр. Доптарды түстері сәйкес келетін әр қуыршақтың қасында қорапша бар. (көк түсті допты көк түсті қорапшаға салу қажет). - Міне балалар, біз сендермен қандай «үлкен» жұмыс жасадық. Енді қуыршақ Асеммен қуыршақ Айгерімннің өз ойыншықтары,әдемі көйлектері бар. Маша: Балалар сендерге рахмет. Мен көптеген түстерді меңгердім. Мен сендерге өзімнің қуыршақтарымды сыйлыққа қалдырамын. - Ал балалар, Машаға «рахмет» айтып қоштасайық. - Сау болыңдар! |
-Қуыршақ. -Қызыл. -Көк. -Сары. -Үлкен. -Кішкентай. Қуыршақ-Кукла. -Үлкен. -Жасыл. -Кішкентай. -Сары -Иа,ойнағымыз келеді. -Иа,көмектесеміз. Қызығаойнайды. |
|
|
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
-Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді? -Маша бізге не алып келді? -Қуыршақтардың көйлектерінің түстерін айтайықшы? -Мына қуыршақтың пішіні қандай? -Ал,мына қуыршақтың пішіні қандай? -Жарайсыңдар балалар! |
- Маша келді. -Өзінің қуыршақтарын алып келді. -Қызыл,сары,көк. |
|
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген