Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Тақырыбы: Ашық сабақ «Үйдегі қауіпсіздік ережесі» жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге жәрдемдеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:  сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Үйдегі қауіпсіздік ережесі»
Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпті жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап сақтауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қауіпті, қауіпсіз.

Билингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері – правила безопасности- safety regulations, қайшы-ножницы - scissors, сіріңке-спички- matches, ине-иголка- needle.

Заттық дамыту ортасы: газ плита, сіріңке, үтік,ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер

Инновациялық технологиялар: денсаулық, тәжірибелі- ізденістік, ойын.




Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


Балалар шеңберге тұрып үш тілде сәлемдеседі.

Ұйымдастырушы

ізденуші


- Балалар, қауіпсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

Тәрбиеші:

- Әр уақытта әртүрлі жағдайлардың болуы мүмкін. Бүгін біз, Айсәуле деген қыздың үйінде жалғыз қалғаны кезінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін біле ме екен көрейік.

«Мен үйдемін» ойын жағдаяты:

- Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, ештемеге тиіспе»- деп ескертеді.

Үйде жалғыз қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.


- Балалар, Айсәуле дұрыс жасады ма? Егер от жағуға болады ма?




- Ал, оның шай ішкісі келіп тұр ғой, шайдан басқа не ішуге болады?

Айсәуле сіренкені орнына қойып, шәйдің ыдыстан сүт құйып ішеді.

Осы кезде біреу келіп есік қағады, кішкентай қыз есікті ашуға тез-тез бара жатыр, ол бірден есікті ашпақ.


Есікті бірден ашқан дұрыс па ?

- Бір кезде Айсәуле анасының келуін күтпей өзі көйлегін  үтіктемекші болдып, үтікті тоққа қосайын деп жатқанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтамады?

Кенеттен жарық өшіп, бөлме қараңғы болды, ал Айсәуле болса балауыз шамды алып оны жақты.  Балауыз шам еріп, қисайып құлап жанып өрт шыға бастады.

- Балалар, өрт өте қауіпті, оны қалай өшіруге болады  өрт неден қорқады?

Тәрбиеші:

- Кәне, сендер дұрыс айттыңдар ма, тәжірибе жасап тексеріп көрейік.

Тәжірибе: жанып жатқан отты балалар құммен өшіреді.

Сергіту сәті:

Балалар сергіту сәтін Айсәулемен бірге қимылды әрекетпен орындайды.

Тәрбиеші:

- Айсәуле, сен біздің балалармен бірге отырып қауіпсіздік ережесін үйрен.

«Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кейіпкерлерді тап» дидактикалық ойыны:

- Мен сендерге қауіпсіздік ережесін сақтамаған ертегі кейіпкерлерін жасырамын, ал сендер тауып көріңдерші.

1. Қай ертегі кейіпкері үлкендердің рұқсатысыз терезеден орманға жалғыз кетеді?
2. Ал мына ертегі кейіпкерлерін қасқыр жеп қояды, себебі олар оған есік ашады

3. Келесі кейіпкеріміз жалғыз орманға шығып, қасқырға әжесінің үйін қайда екенін айтқан үшін қауіпті жағдайға ұшырайды, ол кім?

- Дұрыс, бұл кейіпкерлер қауіпсіздік ережесін сақтамады, ал сендер тағы қандай қауіпті заттарды білесіздер?

- Ол құралдар қайда тұру керек?

- Ия дұрыс айтасындар, әр қайссысының өз орындарында тұру керек.

- Ендеше, ойынын ойнайық әр затты өз орнына қояйық.

«Өз орнына қой» дамыту ойын тапсырма:

Балалар әр орнын тауып қойған затты үш тілде атайды: қайшы-ножницы- scissors

сіріңке-спички- matches, ине-иголка-needle.

Айсұлу:

-Балалар, мен көп жаңылтпаш білемін:

Сен өлше, ол өлшер,

Сол өлшем, сол мөлшер.

-Ал, сендер не білесіндер ме?

Өте керемет, бұл заттарды тұрмыстық техникалар дейміз.




– Қалай ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен тазалап болған соң не істеу керек? 
– Ал өрт шыққан жағдайда қай номерге қоңырау шаламыз?



«Ұйқасын тап» сөздік-логикалық ойыны:
•  Бір, екі, үш, төрт,  үйде  болып жатыр …….
•  Түтін басып  кетіпті, сөндірмеген  біреу……
•  Қызыл  жалын лаулады, демек  сірінкемен  біреу……..
•  Тек тұрғаның жарамас, тез  101 ге сен ……
•  Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні  тез…….

Тәрбиеші Айсәулеге қауіпсіздік ережесі туралы кітапты сыйға тапсырады.

Айсәуле : - Ой, балалар, рахмет сендерге мен енді үйге қайтайын, анам келіп мені іздеп жатқан шығар,- деп балалармен қоштасады.

Балалар Айсәулемен үш тілде қоштасады.


Балалар: Қауіпсіздік - дегеніміз ол өзін қорғау және сақтау.





















- Жоқ, сіріңке жағуға болмайды өрт шығады, газды да ашуға болмайды ол тез тұтанып жарылады.

- Сүт, айран ішуге болады, дәрумендері көп.











Балалар өз ойларын сөйлем құрап толық жауап береді.

- Үтікті токқа қосуға болмайды, киім немесе қолын  күйдіріп алуы , өрт шығуы мүмкін.



















Балалар: судан, қардан, құмнан және қалың матамен
















(Бауырсақ)


(Жеті лақ ертегісі)


(қызыл  телпек)


Балалар: пышақ, қайшы, балға, дәрі дәрмек, ине, сіріңке т.б










Балалар: біз жұмбақ білеміз

Шаңсорғыш күнде шаң жеген,
Шаң жеп әбден дәндеген. Ол не?    (шаңсорғыш).

Қыртыс-қыртыс көйлекті
Теп-тегіс қып тегістейді, Ол не?   
(үтік).

Балалар: электрқұрылғыларды сөндіру керек себебі олар өте кауіпті , өрт шығуы мүмкін.

- 101

(өрт)

(үтікті)

(ойнады)

(хабарлас)


( шақыр)

Рефлексивті

коррекциялаушы

Слайд көрсету арқылы:
- Егер өрт шықса қайда хабарлаймыз?
- Егер үйге бөгде адамдар кіріп бұзақылық жасап жатса?
- Егер бір жерімізді жарақаттап, ауырып қалсақ қайда хабарласамыз?
- Біз Айсәулеге қалай көмектестік?




- 101

- 102

- 103

Балалар сұрақтарға сөйлем құрап толығымен жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен қауіпті жағдайларды;

Түсінеді: үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы;

Қолданады: өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс сақтап жүру дағдыларын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.06.2021
689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12