Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Ашық сабақ. «Үйдің суретін саламыз" сурет салу

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге жәрдемдеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз

Мақсаты: Балаларға үйдің сурет салуға үйрету.

Міндеттері:

Түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру. Бояу түсін таңдай білу, сурет салуға қызығушылығын арттыру. үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үйдің суреті

Көптілділік: үй-дом


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

+

-

Мотивациялық

қозғаушы


Балалар бір -біріне деген жылы тілектерін айтады. Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ келіпті. Күн суытып келеді, ал қуыршақтардың тұратын жері жоқ екен. Бұл қуыршақтар сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады.



Балалар шеңберге тұрады, бір- біріне тілектерін айтады.




Ұйымдастырушы

ізденуші


Біздің үй ( Ғ.Өкеев)

Қалаушы да табылды,

Үй салынды, жабылды,

Қосып құмға лайды.

Сылақшылар сылайды.

Тезерек, есік, едені,

Қиюласты әдемі.

Құрылысшы боламыз,

Зәулім үйлер саламыз.

Балалар, үйді кімдер тұрғызады? ( Педагог балалармен әңгіме жүргізеді).

Әртүрлі үйлердің суреттерін көрсетеді. Олардың терезелері, Есіктері, шатырларының көлемдеріне көңіл аудартады, салыстырады, қаланың, ауылдың үйлерінің суреттерін көрсетеді. Үйді салу жолдарын түсіндіріп, суретті аяқтатады.

Бір қабатты үй.

1. Бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып, шаршы жасалады.

2.Есігі тік төртбұрышқа ұқсайды.

3.Шатыры үшбұрыш болы келеді, парақтың жоғарғы жағына нүкте қойып, әртүрлі жаққа екі сызық жүргізіледі.

Бой сергіту:

Мен құрылысшы боламын, Зәулім үйлер саламын.

Өз қаламды көркейтіп,

Ел алғысын аламын.

Көп қабатты үй.

Бірнеше қатарға (3- 5 қабатты үйлерде) терезелер салынады. Қабаттардың арасында қылқаламды оңға, солға жылжыта отырып салу керек. Үйдің түсі күлгін, ашық жасыл, көк болғаны дұрыс екенін түсіндіреді. Терезе, шатыр, есіктердің шеттерін бояу керектігі айтылады.

Дәптерлерін ұқыпты ұстаулары қадағаланады.











Балалар толық жауап береді.






Геометриялық фигураларды қайталап естіріне түсереді.

















Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.









Қылқаламды өте қатты баспай түзү сызықтар сызады. Бояған кезде сүйкей жағу әдісін пайдаланады.




Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалардың жұмысын талдау. Қуыршақтар балаларға алғыстарын айтады.


Мақтау, мадақтау.



Балалар не салғандарын қалай салғандарын айтып береді.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.06.2021
1440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12