400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы Бағалау түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы жетістіктерін бағалауда әр түрлі бағалауды қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін  кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін  және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады .

Негізгі

Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі болып табылады,ол жеке қосымша тапсырма немесе ретінде қаралмайды. Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасының оқыту мақсатының бәрін қамтуы керек. Оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін. Бағалау үдерісі қолайлы және басқарылатын болуы үшін әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың мақсатын іріктеп алу керек. Осы оқу мақсаты мұғаліммен оқушыға дағдының және түсініктің прогресін пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді.

Тоқсан басында мұғалім қалыптастырушы бағалау үшін іріктелінген оқу мақсаттары оқу жоспарында қамтылғанын анықтауы қажет. Бұл оған қалыптастырушы бағалауда өз жұмысын ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұсынылған оқу жоспарындағы жұмыс оқуға қалай мүмкіндік беретінін көрсетеді. Алайда, мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін және оқу контекстісін ескере отырып өз тапсырмаларын дайындауына болады.

Оқушының оқу мақсатына жеткендігі туралы мұғалімнің шешімі екі түрлі белгіленеді:

*«нәтижеге жетті» немесе

*«талпынады»

Оқушы табыс критерийлерімен жұмыс жасамаған жағдайдағы қорытынды:

*«бағаланған жоқ» деген белгі қойылады.

2.1 Қалыптастырушы бағалаудың көмегімен мұғалім оқушымен оқу мақсатында қашан жеткенін көрсете отырып,оның прогресін белгілейді. Және де келешекте ол сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге көмекші бола алады. Оқушылармен бірге іріктелген оқу мақсаты «жетті» және «талпынды» бойынша рефлексия жүргізуіне болады және сабақ беру үдерісінде оқу мақсатына әлі де талпынатын оқушылардың оқу мақсатына жету мүмкіндігін қарастырып бейіндеуі қажет. Рефлексиядан кейін оқушыларға кері байланысты беру аса маңызды.Оқу мақсатына сүйеніп,оқушылар қай жерде жетістікке жеткенін және неге көңіл бөлу керектігін анықтауға болады.

Жетістік критерийлерімен және оқу мақсатымен оқушыларды таныстару аса маңызды. Әр тоқсан басында мұғалім оқушыларға пән бойынша тоқсандағы оқу мақсаттарын таныстырады. Осы ақпарат ақпараттық парақшалар және кітапшалар шығару арқылы дайындалады. Қалыптастырушы бағалау өткізу кезінде оқушыларға оқу мақсатын бағалайтын жетістік критерийлерін беру қажет. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тіркеу журналында белгілеуі тиіс.Мұғалім оқушының аты жазылған әр жұмыстың бағалау нәтижесін жазатын дәптер жүргізуі мүмкін. Бұл мұғалімге оқушының сыныпта және тапсырма орындағанда бақылау жүргізуіне мүмкіндік береді. Осы дәптердегі ақпараттар бағалау өткеннен кейін тіркеу журналына нәтижелері көшірілуі тиіс.

2.2 Қалыптастырушы бағалаудың іріктелінген оқу мақсаттары бойынша шешім қабылдағаннан кейін,мұғалім өз оқушыларының нәтижелерін сараптауы маңызды. Оқушылардың бастапқы білімдері негізінде күтілетін нәтижелердіңқандай болытыны туралы ойланыу қажет. Күтілетін нәтижемен мұғалімнің шешімі сәйкес келе ме? Мұғалім келешектегі жұмысын жоспарлау үшін рефлексия қолдануға тиіс. Мысалы,оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына жетеді деп күтілсе, алайда олар оған жетпесе,осындай оқушыларға көмектесу үшін келесі сабақтардың мазмұның қалай өзгеру керекті туралы ойлану қажет. Егер сыныптың жартысы оқу мақсатына «жетті»,ал жартысы «талпынады» болса,оқушының прогресінің әр деңгейін қолдау үшін дифференцияланған тапсырмаларды беру туралы ойлану қажет. Дифференциация әр топ үшін әр түрлі тапсырмаларды пайдалану керектігін ескереді, әр түрлі ресурстар немесе оқу мақсатынан «жеткен» оқушылар үшін қосымша әр түрлі тапсырмаларды дайындауды да ескереді. Оқушының өз жұмысының келесі қадамының және мақсатын білу маңызды.Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады.Оқушыларды жетістік критерийлерімен алдын ала таныстару керек.Мұғалім топтық жұмыста әр топтың оқушыларың тындайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім осы оқушылардың аттарын жазып алу керек. Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушыларды бақылап және қосымша сұрақтарды қоюы қажет:

-Сіздер осы туралы не ойлайсыздар ?

– Маған сіз өз тобыныңызда нені талқылағанды түсіндіре аласыз ба?

Егер де оқушылар практикалық жұмыс орындаған болса, онда сұрақтар осы тапсырмаға қатысы бар болу керек:

– Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?

– Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады?

– Сіз осы тапсырмада ерекше бірдеңені байқадыңыз ба?

* Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауға тиіс. Топтағы жұмысты бақылауды және тапсырма орындауға қатысуды қатарынан атқаруға болады. Жауаптары бағалағаннан кейін мұғалім, әлі де оқу жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар топқа қайта келіп, оларға оқу мақстына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек. Осы жағдайда оқушыларға келсілерді ұсынуға болады:

* Жаңа идеяны құрастыру;

* Екі идеяны салыстыру;

* Идеяны бағалау;

* Топтағы талқылау негізінде қорытынды жасау;

* Сұрақтарға жауап беру;

Аталған барлық тармақтар белгілі оқу мақсаттарына жетуді дәлелдеп бере алады.

«Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді.

Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін — бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда)

Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады.

Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады. Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

2.3Қалыптастырушы бағалау

"Жетістік" баспалдағы

Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді.

мен барлығын түсінгеніме сенімдімін.

мен барлығын түсінгеніме жартылай сенімдімін.

мен қайталауды қажет етемін.

мен ештеңе түсінбедім.

Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. «Мақсат – жетiстiктiң желкенi» — дегендей, менің алға қойған мақсатым — оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде ойлау, сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сөйлем құрылысын меңгерту болғандықтан. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс жасауға көңіл бөлемін. Өйткені оқушы шағын топтарда немесе жұппен жұмыс жасауда, бірлесіп үйреніп, ортақ мәселелерді талқылай алады. Сонымен қатар барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолданамын:

Фишкалар тарату

— Қол шапалақтау немесе мадақтау;

— Стикерге бағалау;

— 2 жұлдыз, 1 тілек»;

— «Мақсат ағашы» арқылы бағалау;

— Өзін — өзі бағалау;

— Жұпта бірін -бірі бағалау;

— Топта бірін — бірі бағалау.

— «Сұқ саусақ» белгісі  арқылы бағалау;

— «Алақан» белгісі арқылы бағалау

Фишкалар немесе фигуралар (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) арқылы оқушылардың берген жауаптарын бағаладым. 5-6 сынып оқушыларының арасында фишка алуға қызығуышылықтары жоғары болды. Фишкаларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып, бір-біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болды.Қызыл (3-ұпай)және сары (4ұпай) фишкаларды алып қалған оқушылар жасыл (5-ұпай) фишканы алғысы келіп, тырысатыны байқалды, дегенмен де қызыл фишкаға да қол жетіп қуанған оқушылар да болды.Формативті бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмады, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып, «Табыс баспалдағы», «Алақан» тренингісі арқылы керібайланыс жасап, өздерінің білім дәрежелерінің қай деңгейде екенін ұялмастан айтып, келешекте неге көңіл бөлу керек екенін түсінді. Ал топ мүшелерінің фишкаларын біріктіріп есептеп, көшбасшы болған топты анықтауға ыңғайлы болды. «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы топтар арасында постер жасап, қорғаған кездегі топтардың жасаған жұмыстарының сапалылығына, мәтіндерінің дұрыс құрастырылғанына көңіл аударып, кемшіліктерін таба білуге үйретеді.

Бас кезінде формативті бағалау бойынша өздерін бағалау қиындау болды. Бір — біріне жалтақтап, сенімсіз танытты. Бір- бірін бағалаған уақытта бір — біріне сенімсіздік танытып, ренжігендерін де байқадым. Сондықтан мен қандай да бір жұмысты бағаламас бұрын оқушылармен бірлесіп, бағалау критерийін құрастырған соң, әділ баға қойылатын болды. Осы кезден бастап, бағалау критерийінің оқушылар үшін маңызды екенін түсіндім.

Бағалау критерийі — дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесінің негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары

(әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. ( Глоссарий)

Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Қорытынды

Қалыптастырушы бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады .



Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

















































Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Нұсқаулық   (ІІІ негізгі деңгейге арналған)

2. Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі Әдістемелік құрал, Орал қаласы 2013ж

3. Блум таксономиясын оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі Әдістемелік құрал, Орал қаласы 2013ж

4.Руководство для учителей. Третий (базовый) уровень. 3-е издание – АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012.


5. Загашев, И.О., Заир-Бек, С.И., Муштавинская, И.В. Учим детей мыслить критически.– СПб., 2003.

































Жоспар

Кіріспе

Негізгі

2.1 Қалыптастырушы бағалау

2.2 Қалыптастырушы бағалаудың міндеті

2.3 Қалыптастырушы бағалаудағы жетістік

2.4 Қорытынды

2.5 Пайдаланған әдебиеттер

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі