Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: коммуникация
Бөлімі: сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: бақбақ гүлдері
Мақсаты: бақбақ гүлі туралы түсінік беру. Гүлдерді жұлмауға, күтіп баптауға , қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: бақбақ гүлдерінің суреті, бақбақ гүлдері, слайдтар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу , сұрақ-жауаптар.
Билингвальді компонент: бақбақ- одуванчик.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Күн шуағы жарқырап, Бізге жылу төгілді. Жылынамыз бой жазып, Күлімдесіп төс қағып. Бір-бірімізге иіліп, Сәлемдесіп қол созып. |
Балалар шеңбер бойлай тұрып, Бір-біріне жылы лебіздер айтады. |
|
Ұйымдастырушылық- Ізденістік
Рефлекциялық қозғаушы |
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс , балалар. Көктем айларын атайықшы: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілінде күн жылынады. Жаңбыр жауады, жылы жаққа құстар ұшып келеді.
Ғажайып сәт: есік қағылып ішке көктем мезгілі кіреді. Көктем: Сәлеметсіздерме балалар. Мен көктеммін, көктеммін, Жерге нұрымды төккенмін. Жер әлеміне әсемдік сыйлап, Алғашқы гүлімді еккенмін. Балалар бүгін ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде менің алғашқы гүлім бақбақ туралы болатынын естіп, сендерге бақбақ гүлін алып келдім . Рахмет,Көктем. Келіңіз отырыңыз.Оқу қызметімізге қатысыңыз. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «бақбақ гүлі». Бақбақ гүлі көктемнің алғашқы гүлі. Ол еліміздің барлық өңірлерінде өседі. Бақбақ гүлін ел ішінде « сарғалдақ» деп те атайды. Ол шалғында , көкгалда ,жол жиегінде, тау бөктерінде өседі. Бақбақ гүлінің биіктігі 4-30 см –дей, сабағы қуыс, жапырағы қауырсын пішіндес болады. Ал,гүлдері сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір ,мамыр айларында гүлдейді. Мамыр –маусымда жеміс береді. Жемісі –дәнек, ол желмен тарайды. Балалар бақбақ гүлінің емдік қасиеттері де бар. Тамыры мен дәнектерінен түрлі ауруларға қарсы емдік дәрілер жасалынады . Бақбақ гүлі біздің балабақшамыздың ауласында да өседі. Серуенге шыққанда сендерге өсіп тұрган бақбақ гүлдерін көрсетемін. Балалар осы гүлдер табиғаттың әсем көрінісі болғандықтан , оларды күтіп, баптау керек. Гүлдерді аяқпен таптап басуға , жұлуға болмайды. Гүлдерге қамқорлық жасап , суарып тұруымыз қажет. Гүлдер алаңын таза ұстап , қопсытып , қамқорлық жасап аялауымыз керек. Балалар осы бақбақ гүл і туралы тақпақ айтып үйренейік. Үлбіреген бақбақ, Үлпілдейсің аппақ. Уф!,- десем бақбақ, Ұшасың ғой қаптап.

Үстел-үсті ойыны: « Гүлді құрастыр» Балалар гүлді құрастырады.
Сергіту сәті: Бәріміз бірге- Тұрамыз. Қолды жоғары- Созамыз. Оң жаққа Сол жаққа Тербелеміз Бәріміз бірге- Отырамыз. Қолымызды алға- Созамыз. Жоғары, төменге Қозғаламыз Бәріміз бірге- Тұрамыз. Қолды жоғары- Созамыз. Оң жаққа, сол жаққа Соғамыз .
Ойын: «Бақбақты үрлейміз». Ойын Көктем мезгілі мен бірге ойнатылады. Үрлеген бақбақ гүлдерін Көктемге сыйға береді. Көктем балалармен қоштасып шығып кетеді.
Оқу қызметін қорытындылау. Сонымен балалар бақбақ гүлінің түсі қандай болады екен? Бақбақ гүлі қандай жерлерде өседі екен?
Жарайсыңдар, балалар. Балалардың білімдерін бағалау, мадақтау.
|
Көктем мезгілі.
Балалар көктем айларын атайды.
Балалар білгендерін айтады.
Сәлеметсізбе Көктем.
Балалар тақпақты айтады. Үлбіреген бақбақ, Үлпілдейсің аппақ. Уф!,- десем бақбақ, Ұшасың ғой қаптап.
Балалар гүлді құрастырады.
Балалар қызығушылықпен сергіту сәтін орындайды.
Балалар ақ қағаздарды умаждап , үрлеп , ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Сары түсті.
Шалғында, көкгалда, тау бөктерінде, аулада, жол жиегінде өседі. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бақбақ гүлі жайында түсініктерді.
Меңгереді: қағазды умаждап белгілі бір пішінге келтіре білу дағдыларын.
Игереді: гүлдерді баптап, оларға қамқорлық жасап, табиғатты аялау керектігін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз