Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

тақырыбы: Бұл қай кезде болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақшадағы қазақ тілі мұғалімдеріне қажет, қалалық, қорытынды ашық ҰОҚ құрастыруға көмегі зор. Осы ҰОҚ құрылымы жағынан дұрыс, жанөжақты құрастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

20 «Арайлым» балабақшасы МКҚК












Мектепалды даярлық «Дарын» тобындағы қазақ тілі сабағынан ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»








Дайындаған және өткізген

Қазақ тілі мұғалімі: А.У.Сейтмаханова















Нұр-Сұлтан 2020





Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Күні: 31.01.2020 жыл, апта күні: жұма Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты:

Балаларды қыс мезгілінің ерекшеліктерін білуге, сипаттауға баулу. Меңгерілген сөздерден сөйлемдер құрастырып, сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру.Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы сөздік қорларын молайту. Жыл мезгілдеріне сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақ түрі: саяхат – сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Бейнесұрақ, слайдпен жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сипаттау, қайталау, дидактикалық ойын, воскобович ойындары, робототехника элементтері

Қолданылатын көрнекі құралдар: робот-машине, үй жануарларының макеттері, сандар жиынтығы, суреттер топтамасы, сурет-мозайкалар, үлкен тас – жартас, гүлдер.

Қолданылатын АКТ ресурстары:

Смарт-теледидар, аудиотаспа, бейнетаспа

Сөздік жұмыс:

Қыс мезгілі, аппақ қар, аяз, боран, жабайы аңдар, қаңтар айы.


( Безендірілуі: залдың бір шеті қысқы орман, аю апаны, қарға оранған шыршалар, жабайы аңдар-балалар, залдың екінші шеті – қоражай, үй жануарлары, жолда көпір, көңілді асфальт – жол, жартас)


І. Шаттық шеңбері:

Педагог:

Аптаның бесінші күні

Бүгін жұма күні,

Бізге қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті. Әдепті бала болайық,

Амандасып алайық.


Еңлік:

Дұғай сәлем жалпыға,

Сәлем бердім халқыма

Амандасып алайық,

Қайшы келмес салтыма

Мұқағали:

Ұлы Абайдай атамның,

Ұрпағы боп тараймыз.

Әль-Фараби дананың,

Ізін қуып жалғаймыз.

Болмасақ та солардай,

Ұқсап бағып жатырмыз!

Балалар: Қайырлы күн қонақтар, қайырлы күн достарым!

Педагог:

Ал,балалар ендеше,

Бүгін сабағымыз болсын өзгеше.

Ендеше аянып қалмайық,

Бар білгенімізді ортаға салайық.


Балалар сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?

Біздің қаламыз қалай аталады?

Таныстыруды жалғастыру


ІІ. Суретпен жұмыс: (үлкен экраннан сурет көрсетіледі)

Мынау ненің суреті?

Әңгімелеу: Мынау менің балабақшам «Арайлым». Біздің балабақшамыз үлкен, әдемі. Мен «Дарын» тобына барамын.

Мынау ненің суреті?

Бұл менің отбасым. Отбасымда атам, әжем, әкем, анам, ағам, әпкем және мен тұрамыз. Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.

Сұрақтар:

Балалар, мынау қандай сан?

7 саны

Не жетеу болады?

Апта күндері. (балалар апта күндерін атайды)

Ал мынау қандай сан?

4 саны, 4 жыл мезгілі болады.

3 – не үшеу болады?

Әр мезгілде 3 ай болады.

Қазір қандай ай? Қаңтар айы.

Өте дұрыс.


Педагог:

Біздің бүгінгі тақырыбымыз да осы қыс мезгілімен байланысты.

Тақырып: «Бұл қай кезде болады?»

Бүгін біз балалар сендермен бірге жалпы қыста не болады, қандай ерекшеліктері бар, жануарлардың қысқы тіршілігі туралы айтамыз.

Қыс мезгілдерінің ерекшеліктерін еске түсірейік

Топтық жұмыс.

Педагог:

Ол үшін қима сурет-мозайкалардан құрастырып, әңгімелеу керек.

Балалар, араларыңда көшбасшы болғысы келетіндер бар ма? (көшбасшылар шығады, тақтаға құрастырып, суреттейді)

Суреттеу:

Қазір жылдың қыс мезгілі

Жерде аппақ қар жатыр

Ауа-райы күн суық, аяз болып тұр

Адамдар тон, етік, қолғап, қалпақ киіп жүр


Дидактикалық ойын: «Аудармашы» (суретті орыс, қазақ тілінде атау) Балалар жылы киініп алайық, саяхатқа шығайық


Жолда саяхаттауға кедергілер кездеседі, бірінші кедергі жол.

Ойын: «Көңілді асфальт» (10 дейін тура және кері санау)


Ауладағы қоражайға жақындау

Балалар қорада нелерді көріп тұрсыңдар?

(үй жануарлары)

Мынау не? (түйе, ит, ат, сиыр)

Бейнесұрақ теледидар арқылы: -Үй жануарлары туралы не білесіңдер?

- Жақсы ат - ер жігіттің жолдасы

- Ит – жеті қазынаның бірі

- Сиыр атасы - Зеңгі баба

- Түйенің бурасы жақсы,

Сөздің турасы жақсы


(«Боран» дыбысы аудиожазба)

Сергіту сәті: «Боран»

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар ұстасақ егер де,

Су өтеді қолғаптан.


(екінші кедергі көпір)

Көпірден өту

(«Ғажайып орман» дыбысы аудиожазба)

Ой балалар, мынау ғажайып дыбыс қайдан естіліп жатыр?

Қандай керемет тыныштық!

Біз қайда тап болдық?

Балалар: орманға келдік

(Балалардың алдынан орманшы шығады)

Орманшы:

Тоқтаңдар, сендер кімсіңдер?

Балалар: біз № 20 «Арайлым» балабақшасының балаларымыз

Саяхаттап жүріп, орманға тап болдық. Ормандағы жануарлармен таныссақ болады ма?

Орманшы:

Мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін, қалғанын сосын көре жатармыз.

Ал, дайынсыңдар ма балалар?

Орман жануарлары туралы кітабымды ашайын;

  1. сұрақ: - Қыста аю не істейді?

( балалардың жауабы ) – Аю қыста апанында ұйықтайды.

  1. сұрақ: - Қыста азық қорын дайындамайтын аңдарды ата? ( қасқыр, қоян, түлкі)

Орманшы: Жарайсыздар балалар, ал енді менің орманымдағы жабайы аңдармен таныссаңдар болады

Педагог:

Балалар қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?

( түлкі, аю, қоян, қасқыр)

Орманшы: қараңдар балалар аюда ұйқысынан оянып кетті, біздің дауысымызды есітіп

Аю: Орман ішін кеземін,

Қорбаңдап мен жүремін.

Апаныма кірейін,

Тәтті ұйқыға енейін.


Қоян: Ақ қоянмын, қоянмын,

Ұзын құлақ, сақ қоянмын,

Қашайын мен орманға,

Қасқыр көрмей тұрғанда.


Түлкі: Ормандағы түлкімін,

Сұлу аңның бірімін.

Қулығымды асырамын,

Қасқырдан мен құтыламын.


Қасқыр: Мен қасқырмын, жортамын.

Аяздан бірақ қорқамын.

Аспанға қарап ұлимын,

Малы бар ауылды торимын.


Орманшы:

Балалар сендерге әрі қарай бару қауіпті, ал мен болсам орман ішін аралап келейін, мен сендерді алыстан балабақшада немен айналысып жүргендеріңді бақылап жүремін, келесі кездескенше сау болыңдар!


Педагог:

Балалар біз балабақшаға оралайық

Ой балалар алдымызда мына үлкен жартас тұр, одан оңай өту үшін, орманның таза ауасын жұтып, тыныс алу жаттығуын жасайық

Тыныс алу жаттығуы: «Гүл»

Қане гүлге қарайық,

Иіскеп, иіскеп алайық.

Оңға қарай созайық,

Солға қарай созайық.

Жоғары, төмен көтеріп,

Тағы иіскеп алайық

Құмыраға салайық!

Жартастан өту бізге енді оңай, қане өтіп алайық!

Балабақшаға оралу

Педагог:

Балалар, Орманшы дүрбісімен алыстан бізге қарап жүр екен, қане біз балабақшада немен айналысамыз көрсетейік.

Жеке жұмыс: Воскобович элементтерінен жеке жұмыс орындап көрсету.

ІІІ. Қорытындылау.

Рефлексия

  • Балалар бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

  • Қай жыл мезгілінің ерекшеліктерін әңгімеледік?

  • Боран, аяз, суық қашан болады? Осының бәрі қай кезде болады?

  • Еңлік бүгінгі сабақтан не үйрендің?

  • Арсен бүгін сен нені өте дұрыс жасай алдың?

Тосын сый: «Робот-мәшинемен балаларға тәтті сыйлық келеді» (орманшы орманнан беріп жібереді)

Бағалау. Мақтау.

Педагог: балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталды, белсенділік танытып, өте жақсы қатысқандарыңыз үшін рахмет, сау болыңдар!

Қонақтармен қоштасу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.06.2021
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12