Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Тақырыбы: Достық неден басталады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты; остық, достық құндылық жайлы түсінік беру ересек топтарға арналған ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Достық неден басталады?



Достық – асыл қасиет.

Халық даналығы

Мақсаты: «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

__ «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру;

__ достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;

__ достаса білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, қарындаш, хрестоматия, жүрекшелер.


Шаттық шеңбері

__ Амансыңдар ма, достарым!

Қалай жанымызға жылы естіледі бұл сөз- «Достарым!»

Ендеше ен алдымен бір- бірімізбен амандасып алайық


Ән салуға барамыз, (шеңбер бойымен жүреді)

Досымызды табамыз.(тоқтайды)

Сәлемет пе! Міне, мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)

Доспын енді сенімен. (көршілерімен қол алысады)


Балалар,егер адамдар бір-біріне шын жүректен жылы сөздер айтып жүрсе, онда айналамыз қуанышқа, шаттыққа, махаббатқа, достыққа толы болады.

Балалар, «Өзін-өзі тану әлемінің» картасындағы үшінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Кәне, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

Балалардың жауаптары.

__ Дұрыс айтасындар балалар бұл суреттен бір-біріне қамқор, тату, адал достардың суреттерін көріп тұрмыз. Біз осы «Өзін-өзі тану әлемінің» «Достық» аялдамасында дос, достық туралы біліп, бір-бірімізбен достасуды үйренеміз.

Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

__Дұрыс айтасыңдар, балалар, достық дегеніміз екі адамның арасындағы сыйластық. Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Топтағы барлық бала бір-бірлеріңмен доссыңдар. Мен де сендердің достарыңмын.


Әңгімелеу

«Үш жолдас» В. Осеева

Сұрақ-жауап

-Қалай ойлайсындар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?

-Сендер олардың орнында болсандар не істер едіндер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.




Дәйексөз

Тәрбиеші «Достық асыл қасиет» деген халық даналығын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

__Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды, сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңеген.


Ойын. «Менің досым...».

Балалар,сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын, ол маған допты қайта лақтырып, өз досының қандай екенін айтып береді.

Мысалы: ренжітпейді, алдамайды, бірге ойнайды, т.с.с.


Тыныштық сәті

Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздерінді жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріңнің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаныңтұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздерінді ашсандар да болады.


Дәптермен жұмыс

Балалар, барлығымыздың да достарымыз бар. Олар сүйкімді, әдемі, мейірімді, қайырымды. Өз достарынды естеріңе түсіріп, суретін салып көріндер. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп беріндер.


Сергіту сәті

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасалады.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біз мейірімді баламыз!

Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.


Армандайық

Балалар, мен сендерді қиял-ғажайып әлеміне саяхатқа шақырамын. Кәнекей барлығымыз көзімізді жұмып көз алдымызға елестетейік. Өздерінді жайма шуақ, нұрын шашқан күннің астында серуендеп жүрмін деп ойландар. Кенеттен алдарыңнаң махаббат Перизатын кездестіресіңдер. Оның қолында сиқырлы қобдишасы бар екен. Ол қобдишаның іші: махаббатқа, қуанышқа, ақ көңілге, денсаулыққа, бақытқа толы екен. Ал енді көздерінді ашуға болады.

Мінекей балалар, махаббат перизаты сиқырлы қобдишасын сенднрге сыйға тартты. Қанекей қобдишаны ашып бір-бірімізге қуаныш, бақыт, денсаулық тілеп мына жүрекшелерді сыйлайық.



Қорытындылау

Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі. Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-бірлеріне көмектесіп, адал болуларын керек. Сонда ғана достықтарын берік болады.

Жүректен жүрекке

Біз әрқашан дос боламыз!

Біздің достығымыз берік!

Достығымыз жарасқан!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.01.2019
2566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12