Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: "Елбасы-ел тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы-ел тірегі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Елбасы-ел тірегі

Білім беру саласы : Қатынас, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: тіл дамыту, көркем әдебиет, шығармашылық

Мақсаты: Елбасының туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздерімізбен таныстыру. Елбасы ұстанымымен , өмір жолын үлгі етіпбалаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Балалармен саппен кіріп арты шеңберге тұрады.

Шаттық шеңбер: Отаным менің кең - байтақ

Жайнаған сансыз қаласы

Ел-Отан біздің кең-байтақ,

Отанның біздер баласы.

Тәрбиеші : -Балалар бүгінгі оқу қызметіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін Елбасы күні.

Ендеше үш топқа бөлініп отырамыз.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз Елбасы-ел тірегі. Ендеше Елбасы туралы кішкене бейне фильм көрейік /слайд/

Тосын сәт: Ғаламшардан Робот келеді.

Сәлематсыздарма балалар , мен ғаламшардан келдім, менің атым Робот.

Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.

Тәрбиеші , сәлематсызба Робот, балаларда амандасады.

Тәрбиеші : - келгеніңіз қандай жақсы болды, бізде бүгін мереке Елбасы күні.

Робот : - Мерекелеріңіз құтты болсын!

Тәрбиеші : - балалар Роботқа өз еліміз туралы айтпас бұрын, әр топ өз қалаларымыз туралы айтып өтейік

Бірінші топ: «Астана »тобы

1 Астана ҚР –ның бас қаласы

2 Астана қаласында бәйтерек бар биіктігі .....

3 ҚР –ның президенттік мәдени орталығы бар

4 «Думан» ойын сауық кешені бар

Екінші топ: «Алматы » тобы

1 Алматы Қазақстанның әдемі қалаларының бірі

2Алматы қаласында Медеу мұз айдыны бар

3 «Көктөбе» ойын сауық кешені бар

4 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы бар.

Үшінші топ «Ақтау » тобы

1 Ақтау Қазақстанның ең әдемі жас қаласы

2 Ақтау қаласында «Жантөрин » атты драма театр бар

3 «Бәйтетек» ойын сауық кешені бар

4 Ақтау Каспий теңізі жағалауында орналасқан

Робот : - жарайсыңдар балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер , енді сендерге қояр сұрағым бар.

Робот : - Елбасы кім және Елбасы туралы не білесіңдер?

  1. Бала : - Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.

2-бала: - Н.Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Сабақты жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.

  1. бала . Елбасымыз жолдайды

Халқы оны қолдайды

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері болмайды


4- бала Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды


5- бала: Тәуелсіздікті елге сыйлады

Бейбітшілікті қалады

Орындалып арманы

Халқымызда ажарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы

Робот: - өте жақсы балалар, енді білгім келетіні ҚР-ның рәмәздерін білесіңдерме?

Бала: ҚР рәміздері Ту, Елтаңба, Ән ұран

Бала : ҚР-ның мемлекеттік туы 1992 жылы маусым айында бекітілді

Бала : ҚР-ның мемлекеттік елтаңбасы 1992 ж 4 маусымда бекітілді

Бала : Төл теңгеміз қашан шықты?

Бала: Ән ұранымыздың авторы кім?

Тәрбиеші : - Көрдің бе робот, біздің балалар өз елінің Елбасы, рәміздері туралы барлығын біледі.

Тәрбиеші , жарайсыңдар балалар , ендеше кішкене сергіп алайық

Сергіту сәті: муз . слайд «Көңілді күн»

Тәрбиеші : - Ендеше, балалар қазақтың салт-дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік. Роботқа өз қолымызбер естелік жасап берелік

«Астана» тобы «кілемше әшекейлеу»

«Алматы» тобы ақ қағаз ортасына күнді жапсырып , жан-жағына әр ұлттың өкілдерінің суреттерін жапсырамыз

«Ақтау » тобы Балалар қазақтың ою өрнегін жапсырады

Балалар жасаған жұмыстарын қонаққа тару етеді.

«Астана» тобы сізге қазақтың әдемі кілемшесін сыйға тартады.

«Алматы » тобы: - Ал біз Қазақстанда әр ұлттың тату тәтті тұратыныны бейнеледік

«Ақтау» тобы : - Біз қазақтың ою-өрнегін сыйлаймыз

Робот: - Сіздерге балалар қатты қуанып тұрмын, мен бұл сыйлықтарыңды ғаламшарға алып кетемін . Сау болыңыздар!

Балалар Роботпен қоштасады

Қорытынды: Бізге қонаққа кім келді?

Роботқа не туралы айттық?

Робот бізге риза болды ма?

Роботқа сыйлыққа не бердік?

Балаларды мадақтау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
433
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12