«Кербұлақ ауылындағы №7
орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық
мекемесі
Сынып
сағаты
Тақырыбы: «Еңбек түбі – береке!» «Еңбек елдің
мұраты»
Сынып
жетекші: Д.Т.Омирзакова
2023-2024 оқу
жылы
Тақырыбы: «Еңбек түбі – береке!»
«Еңбек елдің мұраты»
Мақсаты:
Оқушыларды Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек
Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру, тек еңбек арқылы
барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларға
бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз
үшін еңбек етуге оқушыларды баулу, кәсіптік білім беру. Адам
еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Кіріспе
сөз
3.Сұрақ –
жауап. Ой бөлісу
4.Нақыл
сөздер, мақал-мәтелдер оқып, талдау
5.Қорытынды
Тәрбиеші
сөзі: Балалар , бүгінгі тақырыбымыз : Әлемнің әміршісі-еңбек.
Балалар, еңбек сөзін естігенде сендердің ойларыңа не
келеді?
/Оқушылар өз
бетінше ойларын айтып, қорғап шығады/.
«Еңбек»
деген сөзге топтастыру жасау.
с үйікті іс
күш,жігер береді.
Ж арқын
болашақ қуаныш,
л
әззат алу ЕҢБЕК ақша
п айдалы
өмір
сүруге үйретеді.
ауыр
шынықтырады жеңіл
Сұрақ –
жауап. Ой бөлісу
Сұрақтар:
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. «Адал еңбек» деген ұғым
нені білдіреді? Нағыз еңбек неден басталады?
3. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? Өзіңізді еңбекқормын деп
санайсыз ба? Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге
баулиды?
4. Өздерің
қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
5. Адам
бойында қандай қасиеттер болғанда қандай жетістіктерге жетуге
болады?
6. «Еңбектің
жемісі» дегеніміз не?
7.
«Еңбек», «Еңбексүйгіштік» деген ұғымдарды қалай
түсінесіңдер?
8. Сендердің
қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
/Балалардың
жауаптары тыңдалып болған соң, оларды толықтырып, адамның өмір
сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні
түсіндіру./
Итальяндық
ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын
иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді,
күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл
болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның адам
болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті,
еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене
берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек
құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік
жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында
табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды,
топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай
«Адамды адам еткен- еңбек»
Еңбектену
тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін.
Жануарлар да дамыл таппай
еңбектенеді . Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал
келтірейік,
сонда ойымызға дәлел болады. Біз «Құмырсқа елінде»
деген әңгімесін есімізге түсірейік. Құмырсқа илеуінің ішінде
қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық
құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп
атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та
жетпей ме? Сонымен балалар, жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ
қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар
ғой.
Қандай
айырмасы бар?
Адам еңбегі
оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне
қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Сонымен адамның
еңбегі- саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады.
Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды,
бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда
табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп
кейбір заттарды ойлап тапқан. Мысалы:
1-оқушы:
Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап
шығарды.
2-оқушы:
Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының
орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар
салды.
3-оқушы:
Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар
тұрғызды.
4-оқушы:
Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер
жасалды.
5-оқушы:
Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ
жасады.
Осы айтылған
аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын
байқаймыз.
Сонымен
тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге
болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды.
Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті.
Ұлағатты
сөздер
Қанағат, рақым, ойлап қой
–
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай.
Қардың суы
секілді тез суалар. Абай.
Жұмысы
жоқтық аздырар адам баласын Абай.
-
Еңбексіз
өмір кешуге жол жоқ.
-
Күшіңе
сенбе, адал ісіңе сен. М.Әуезов.
-
Елге сіңірген еңбек
жақсы,
Еңбекті
елеген ел жақсы. Спандияр Көбеев.
Бауыржан
Момышұлы
Ғабдолла
Садықұлы.
Еңбек
туралы мақал мәтедер айту
-
Ер дәулеті -
еңбек.
Еңбегіне қарай өнбегі.
-
Еңбек түбі -
береке.
Көптің түбі мереке.
-
Ембек етсең
- емерсің,
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Ердің атын еңбек шығарады.
-
Бейнетсіз
рақат жоқ,
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
-
Еңбексіз өмір - сөнген
көмір.
-
Ер қадірін
ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
Жалғасын
тап:
Еңбек
ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей
елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең
емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне
қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
Еңбек
адамның … ( екінші анасы )
Еңбек – ата,
… ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап
күл де шаттан )
Еңбекке жастан, … ( өнерге
бастан )
Қорытынды
Еңбек
адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету
адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді,
құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді.
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.
Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана
өмірде құрметке бөленетіндігін түсіндік деп ойлаймын. Қоыта
айтқанда адам тек еңбектің арқасында жетіліп дами
бермек.