Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
Тақырыбы: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту»
Мұғалім-дефектолог: Алиева С.Б.
Мақсаты: Балалардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, заттарды белгілері бойынша тану, түсіну, зерттеп салыстыру қабілетін ұштап, сөздік қорын молайту, ізденімпаздық, тапқырлық, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін ояту, зеректілігін, тапқырлығын, ептілігін арттырып, сезімталдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттер:
1.Ойын түрлерімен таныстыру,
балаларға жеткізе білу
2.Балалар ойынды бұзбай ойнауға дағдыландыру
3.Ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану
4.Балалардың ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру
5.Балалардың өздеріне ұнаған ойынды өзі таңдай
білуі
Қолдану барысында күтілетін нәтиже:
Білу: Балалардың ойын түрлерін біліп, заттарды белгілері бойынша танып,
салыстыра білу
Болу: Әрбір ойынның шарты
болатындығы жайлы түсініктерінің болуы
Қолдану: Маман мен баланың арасындағы
педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың
сақталуы
Өзектілігі: Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстіндегі баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Күтілетін нәтижелер: Есіне сақтайды, тапсырманы өздігінен орындауға дағдыланады.
Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі. Сонымен бірге ойынды маман мен баланың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болса, түзету-дамыту үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол оқу барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.
Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:
-
Ойын барысыннда баланың ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, бала жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.
-
Оқу сапасы жақсарады, ойынға деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.
-
Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығыушылығы қалыптасады.
-
Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланы тәрбиелеу-бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
-
Ойынның түрлері өте көп. Мысалға: дидактикалық, дамытушылық, мултьмедиялық, логикалық, әуендік қимылды ойындар, саусақтармен ойын-жаттығулар элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше түрлері бар:
1. Дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын дегеніміз оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Дидактикалық ойын балалардың тілін дамытады, сөздік қорлары, дұрыс сөйлей білу, дыбыстарды дұрыс айту, өз ойларын жеткізу іс-әрекеттері қалыптасады. Дидактикалық ойындар балаларның байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, зейіні, қызығушылығын, сенсорлық бағдарын дамытады. Қоршаған ортадан ұқсас құбылыстарды тап, салыстыруға, топтастыруға, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
2. Мултьмедиялық ойындар. Мультимедиа - бұл компьютерлік жүйеде мәтіндік, дыбыстық, бейнені, графиканы және анимацияны біріктіруге мүмкіндік беретін заманауи компьютерлік ақпараттық технология. Виртуалды ортаның балаға ақпаратты берудің әр түрлі әдістерін (есту, көру,тактиль) қолдану арқылы беріледі.
3. Логикалық ойындар. Балалрдың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулап, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды.Міне, осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті қалыптасады.
4.Әуендік қимылды ойындар. Әуендік қимылдық ойындар дегеніміз- қимыл әрекеттерге арналған жаттығулардың жүйесі. Әуендік қимылдық ойындардың жалпы міндеттері: сауықтыру, оқыту, тәрбиелік, коррекциялық. Сөздік, әуендік және қимылдық біріктіру нәтижесінде балалар оқу іс-әрекетінде өздерін еркін ұстай білуге, үйретеді. Олардың ритмикалық қабілеттері жақсарады. Балалар өз қимылын басқара білуге үйреніп, жинақты және мұқият бола түседі. Әуендік қимылдық жаттығуларды жасату арқылы бала дауысын, тыныс алуын, есте сақтау, байқау қабілеттерін жақсартуға болады. Мен сөздік жаттығуларды, өлеңдерді балалардың қол, аяқтарының, денесінің қозғалысын әуен ырғағына сәйкестендіріп таңдаймын. Әуелі балаларға көрсету бойынша әрекет жасаймын, сосын қажетті ырғақпен, сол ырғақта айта немесе әндете отырып, өз бетінше орындауға үйретемін. Тіл кемістігі күрделі балалар мен әуендік қимылдық ойындар жүргізуде: балалрдың қимыл-қозғалысын қалыптастырады, сымбатын, жүрісін, қозғалысын түзейді, ептілікке, шапшандыққа, төзімділікке үйренеді. Тыныс алуда, моторикалық функцияларды, есте сақтау, есту, көру ынтасын дамытады. Осы жұмыстардың нәтижесінде әуендік түрін, қимылды өз бетімен орындауға дағдыландыру болып табылады. Қимыл ойындарды алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың қозғалып жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу т.т жаттықтыру дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
5. Саусақ ойындары - жаттығулар. Бұл жаттығуларды саусақ қимылымен көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды. Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, бала қолының ұсақ моторикасы жақсы дамиды. Қол саусақтар жаттығулары- есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытады. Баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуын көмектеседі. Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой - қабілетін, қиял, ес процесстерін де дамытуға болады. Саусақ ойындарының нәтижесі: қимыл-қозғалысы және икемділігі артады. Қолдың бұлшық еттеріне арналған массаждар - оған Суд-Джокты алатын болсақ шарик арқылы саусақ, алақандарына массаж жасауға болады және сақина арқылы саусақтарына өлең жолдарын айту арқылы жаттығулар істеледі. Ұсақ моториканы дамытудан басқа, маңызды рөл атқаратын жалпы моториканы дамыту бойынша жұмыс істеймін. Жаттығулардан балаларға қолданатыным, баспалдықтан мініп, түсу өз бетінше тепе теңдікті сақтауға қалыптастыру.
Қортынды.
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, әуенсіз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапарлары қалыптасады. Ойын бір қарағанда жәй әрекет сияқты болғанымен, ол бала үшін ең маңызды, ең басты әрекет. Ойын арқылы бала:
-
ой-қабілетін дамытады
-
өздігінен жұмыс істеуге үйренеді
-
есте сақтау қабілеті дамиды
-
зейіні қалыптасады
-
байқампаздығы артады
-
ойынның ережесін бұзбай, яғни тәртіптілікке үйренеді
-
бір-біріне деген сенімдері артады, достық, ынтымақтастыққа баулиды
-
ең бастысы оқуға қызығушылығы артады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз