Ғажайыпқа
толы - жаңа жыл!
2018 - 2019 оқу
жылы
Мақсаты:
Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты
айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие
беру.
(Жаңа жылдық әуен ойналып тұрады сахна
сыртында мыстан кемпірдің даусы
естіледі.)
Мыстан
кемпір : Ха -ха. Хи-Хи. Қараймын, мына кішкентай
ақымақ адамдарда мереке екен ғой . Шыршаны безендіріп мәз мейрам
боп жатыр ғой. Ха -ха .Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз. Қап
бәлем, қоя тұрыңдар , көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені.
Аяз атаны күтіп отырған болар. Келтіртпеймін. Аяз аталарын
ертегілер елінде адасып кетеді.
Ха-ха-ха
Жақсылыққа
келтіртпеймін
Жаңа жылға
жеткізбеймін
Мен тұрғанда
адамға
Мереке жоқ
жалғанда
Ха-ха-ха. Хи-хи-хи (Музыка ойналады,
жүргізуші шығады)
ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар
келе жатқан 2019 жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке,
молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы
болсын!
Жаңа жыл, жаңа
жыл
Жаңа жылда жаңа
нұр
Жасыл шырша
жанында
Билеп барлық бала
жүр.
Жасыл шырша
жанында
Қол ұстасып
тұрайық
Өлең айтып, би
билеп
Мерекені
тойлайық.
Бүгінгі Жаңа жылдық кешімізді
бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Сыздықова
Фарида Аманқызына береміз.
Би « Сантаклоус
»
Жүргізуші
: Ақша қарға
малынып
Аппақ тоңын
жамылып
Сақалы мен
мұртына
Күміс моншақ
тағынып
Аяз ата келеді , Балаларды
сағынып
Ал балалар Аяз атаны шақырайық
қонақтарымызды ертегілер еліне алып барсын. Кәнекей бірге
шақырайық: Аяз ата, Аяз ата, Аяз
ата
(Жәй баяу, мұңлы әуен ойналып
Ақшақар шығады)
Жүргізуші: Ақшақар не болып қалды, неге
жылайсың-? Бүгін мереке ғой.
Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай
болды. Біз Аяз ата екеуміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайын
деп сыйлық әзірлеген едік.Кенет қатты , зілді боран соғып , бізді
жан-жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті.Ал енді Аяз атаның қай
ертегіде жүргенін білмеймін.
Жүргізуші: Ақшақар қайғырма ,
мұңайма.Көз жасыңмен қайғынды жеңе алмайсың.Қарашы міне біз
көппіз.Аяз атаны құтқарамыз.Солай емеспе балалар?Ал балалар Аяз
атаны құтқару үшін қиын белестерден, ормандардан, жаман күштерден
өтуден қорықпаймыз ба -? Ендеше қол ұстасып , Аяз атаны табу үшін
ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Кәнекей кеттік. (әуен ойналады,
балалар кете бастағанда шыршаны айналып жезтырнақ
жүгіреді)
Жезтырнақ: Тоқта, тоқта, қайда
асығасыңдар! Қайда барасыңдар, сендер менен рұқсат сұрамадыңдар ма
-? Мен жүз мыңдап ертегілер елінде өмір сүрем, сендерді ол жерге
кіргізбеймін. Естідіңдерме ........
(жарық өшеді, жезтырнақ ғайып
болады)
Жүргізуші: Бұл не сұмдық! Сен бізді
қорқыта алмайсың Жезтырнақ . Біз бәрібір Аяз атаны табамыз. Солай
емеспа балалар! Бірақ шыршамыз жанбай қалды ғой, қараңғыда адасып
кетуіміз мүмкін ғой. Енді қайттік.
(әуен ойналады Алдар көсе
домбырасымен ән айтып кіреді)
Жүргізуші: Балалар келе жатқан кім?
Сендер танисыңдар ма?
Алдар көсе: Охо-о-о, мына
жерде қонақтар көп екен ғой.Барлықтарың қандай әдемісіңдер.Ой мен
өзі қайда келдім? Қандай мереке болып жатыр
а?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Алдар көсе.
Бізде жаңа жыл мерекесі.Бірақ Аяз атамыз жоқ. Жағдайымыз қиын болып
тұр.Жезтырнақ Аяз атамызды қай ертегіге апарып тастағанын
білмейміз.Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап кетті.Алдар көсе сен өз
ертегіңде аяз атаны көрмедіңбе?
Алдар
көсе: Жұмбақтап іздегенше
Жезтырнақтың өзінен сұрайықта Аяз атаны қай ертегіге тығып қойғанын
білейік. Бірақ мен сендердің Жезтырнаққа қарсы тұрып, қорықпай
мықты болатындықтарыңа сенімді болуым
керек.
Алдар
көсе: Ал балалар сендерге
көмектесетін уақыт келді.Менің домбырам сиқырлы.Жақсы адамға
көмектеседі. Ал жаман адамдарды жазалайды.Кәзір мұны өздерін
көресіңдер.
(Домбырада ойнайды бәрі
билейді, жүгіріп, билеп Жезтырнақ
кіреді)
Жезтырнақ: Бұл не сұмдық.Тоқтат жаныңның
барында . Менің билегім келмейді.Тоқтат деймін әйтпесе сиқырылы
шамдағы Жынға айтамын , көздеріңді
жояды.
(Алдар көсе ойнағанын бірден
тоқтатады)
Алдар
көсе: Құрметтім сен не дедің? Мен
шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады . Кәне балаларға Аяз атаны
қайтар.
Жезтырнақ: Ойламаймын да! Болдыртпаймын
мерекені! Кәне бәрің үйлеріңе қайтыңдар. Қазір қара күштерімді
жіберсем
Алдар
көсе: Не дедің-? Қап бәлем қоя
тұр
(Алдар көсе домбырасын
ойнайды. Жезтырнақ тоқтамай билейді, Алдар көсеге жақындап
домбыраны тартып алуға тырысады)
Жезтырнақ:Жарайды , мен келістім Аяз
атаны қайтарам әуенды тоқтатыңдар.
(сол кезде әуен тоқталып,
Жезтырнақ ғайып болады)
Жүргізуші: Ал балалар, Аяз атаны шақырып
көрейік. Аяз ата, Аяз ата,
Аяз
ата: Саламатсыңдар ма балалар! Армысыңдар
қадірлі қонақтар! Жезтырнақты жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен
рахмет! Мен жалғыз келмей ертегі еліндегі кейіпкерлерді сендерге
қонаққа алып келдім.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ертегі еліндегі
кейіпкерлер! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз
әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де
биленеді!
(Әуен ойналады ортаға ит жылы
шығады)
ИТ:
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт
әкелдім. Мына келер жылға
тілегім.
Жасампаз заман, бұл
заман
Бүгіннен ертең
ғаламат
Алдыңғы сапта
боларсың
Қош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл
кетеді)
ЖҮРГІЗУШІ:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа
бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа
бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды
ортамызға,
Жақсылықпен жалғансын жаңа
уақыт!
Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың құтты
болсын!
ЖАҢА
ЖЫЛ:
Жаңа жылда жаңа бақыт
тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік
туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды
өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым
ыстық.
ЖҮРГІЗУШІ:
Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы
алайық! Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар
ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған мерекелік
кешімізді тамашалаңыздар.
Аба орта
мектебі
Тақырыбы
:
Ғажайыпқа толы - жаңа
жыл!
2018-2019 оқу
жылы.