жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: "Ғарышқа саяхат"
«Ғарышқа саяхат»
Мақсаты: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері еліміз, жеріміз , тәуелсіздігіміз туралы түсінік беру.Елін, жерін сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.Патриотық сезімдерін қалыптастыру.Космосқа саяхат кезінде өзін –өзі ҚР азаматы ретінде сезіну. Елдің өмірімен ортақтасу сезіміне тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен персонаждар: Робот, бала /Абылай/ аю, қасқыр,түлкі, марғау мен күшік.
/Залға балалар музыкамен кіреді/
Сабақ барысы: Амандасу
Шаттық шеңбері: /жарты шеңберге тұру/
Армысың мейірімді жеріміз!
Армысың, шұғылалы күніміз!
Армысың табиғат анамыз
Әдеппен бас иер баламыз!
Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға
Қош келдіңіз «Жұлдыз бөбек жайымызға »!
Сәлематсыздарма !
/Балалар орнына жайғасады/
Тәрбиеші: –Біз аспаны ашық , сәулелі , кең байтақ тәуелсіз елде тұрамыз. Ол ел-Қазақстан. Бұл біздің Отанымыз, туған жеріміз. 16 желтоқсанда Қазақстан халқы тәуелсіздік күнін тойлайды. Аспан түстес көгілдір туымыз, ән ұранымыз, елтаңбамыз бар. Біздер оны әрқашанда мақтан тұтамыз
-ҚР өзінің тәуелсіздік алғанына міне бүгінде 25 жыл болды.Еліміз өркендеп жайнай түсуде.
Қане, Отанымыз туралы қандай тақпақтар білеміз?
/Балалар жауабы/
1бала - Қазақстан туған өлкем
Жер көп пе сендей көркем
Көрсін деп күллі әлемге
Көк туымды желбіретем
2 бала - Отан деген ата мекен
Отан деген- туған жер
Отан –ана, Отан үлкен
Қазақстан-туған ел
3 бала Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң ұлы Отан
Елім менің терегім
Құшағыңда гүл Отан
Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар.
Аспаны ашық , елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!
Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!
Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!
«Ғарыш» әуені естіледі
/Сырттан естіледі/ Тыныш менің Отаным
Ырыс менің Отаным
Ардақтайтын Отанды
Мен Отаншыл баламын.
Желкілдеген бала Абылай
Армандады ол былай!
Абылай: Космосқа ұшсам мен
Әйнегінен зымыранның
Әлем шарлап көремін
Болды осылай шештім мен
Космосқа бірге ұшатын
Достарымды табамын!
Абылай жол бойымен келе жатып, алдынан аю шығады.
Аю: Сәлем бала Абылай!
Абылай : Сәлем аю, менімен Марсқа ұшасың ба?
Аю: - Ол жақта менің сүйікті балым бар ма?
Абылай : - Ол жақта жоооқ
Аю: Онда мен балсыз өмір сүре алмаймын
/Аю қол бұлғап кете береді, Абылай ары қарай жүре береді/
Алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: - Сәлем, Абылай!
Абылай: - Сәлем қасқыр, менімен Марсқа ұшасың ба?
Қасқыр: - ол жаққа немен ұшамыз?
Абылай: - Космос зымыранымен ұшамыз
Қасқыр: - Ал Марста қозылар тұра ма?
Абылай: - Жоқ тұрмайды
Қасқыр : - Ол жақте мен нені жеймін?, жоқ бармаймын
/қасқырда қол бұлғап кетіп қалады. Абылай ары қарай жүре береді алдынан түлкі шығады/
Түлкі : - Сәлем Абылай!
Абылай: - Сәлем Түлкі, менімен Марсқа ұшасың ба?
Түлкі: - Ал ол жақта тауықтар бар ма?
Абылай: - Жоқ, ол жақта тауықтар болмайды
Түлкі: - Тауықтар болмаса мен олжақта не істеймін жоқ, жоқ деп кетіп қалады.
Абылай келе жатып күшік пен марғауды кездестіреді.
Күшік мен Марғау : - Сәлем Абылай ! Біз сені сағынып қалдық. Сен қайда жүрсің, неге көңілсізсің?
Абылай: Космосқа ұшсам деп едім
Космосқа ұшсам мен
Әйнегінен зымыранның
Әлем шарын көремін
Болды осылай шештім мен
Жолда көңілді болсын деп
Достарды іздеп келем мен
Күшік пен Марғау: Бірге ұшамыз бәріміз
Қорықпаймыз жолда біз
Көмегімізді аямай
Бір-бірімізді қорғаймыз!!
Абылай : Міне, менің нағыз достарым менің.!
Тәрбиеші: - Абылай бізде сенімен барамыз. БІзді де ала кет Космосқа! Солай емес па балалар
Балалар: -Иә
Тәрбиеші: - Ұшуға дайынбыз ба?
Балалар : - Иә дайынбыз.
Тәрбиеші: - Ендеше скафандрларды киеміз.... Дұрыстап отырамыз, белбеулерімізді тағамыз. Санайды 1,2,3,4,5. Керісінше 5,4,3,2,1. Іске қосыл!!!
/Балалар барлығы бірге ұшады , космос әуені естіледі./
Робот шығады.
Робот: Сәлематсіздер ме балалар. Ғайыптан пайда болғандар!!
Менің атым Робот. Сендер қайдан ұшып келдіңдер?
Тәрбиеші: - Біз балалармен жер планетасынан ұшып келдік.
Робот: - Мен сендердің планеталарың туралы көп естідім. Планетада көп ел бар екенінде білемін. Ал, сендердің еліңіз қалай аталады ?
Балалар: - Қазақстан елі
Робот: - Қазақстан? Қызық ат екен, мен мұндай елді білмеймін
Тәрбиеші: - Ендеше біз саған Қазақстан туралы айтып береміз. Қазақстан тәуелсіз ел. Ұлан байтақ жері бар.
/Балалардан сұрақ-жауап алу/
1 Рәміздерімізді кім атайды? /тақпақ айту/
2Ел ордамыз қай қала ?
3.Елбасымыз кім ?/ қашан сайланды?/
4 Ата заңымыз қашан қабылданды?
5. Төл теңгеміз қай уақытта шықты?
Робот: - Сендер өз елдеріңді қатты жақсы көреді екенсіңдер , көріп тұрмын. Ал Отан деген не ?
Балалар : - Отан дегеніміз-отбасымыз, достарымыз , еліміз, уйіміз.
Тәрбиеші: - Ендеше Робот сен Отан туралы «Жаса Қазақстан» әнін тыңда. /Ән орындалады/
Робот: - Сендер көңілді өмір сүреді екенсіңдер , ал мен ән айта алмаймын.
Тәрбиеші. Біз сені үйретеміз
Робот: - Ха!-ха! –ха! Міне, мағанда кішкене көңілді болған сияқты
Тәрбиеші: - Робот, ал сенің достарың бар ма?
Робот : -Жоқ мен жалғызбын.
Тәрбиеші: - Бір өзіңе көңілсіз шығар, ешкіммен ойнамайсың
Робот: - Ойнауу? Ойнау деген не?
Тәрбиеші: - Олай болса балалар канекей Роботпен ойын ойнайық.
«Аэродромдағы ұшақтар»
Басқа елдерді көрсетейік, қаншама досымыз бар екенін , қандай тату-тәтті тұратынымызды көрсетейік.
Робот: - Менің сендермен дос болуыма бола ма?
Балалар : - Болады.
Тәрбиеші: - Әрине біз қуаныштымыз , ал енді біздің кететін уақытымыз да болды.
Робот: - Сендерге көп-көп рахмет , мен сендерге өзімнің сыйлығымды бергім келіп тұр.
Тәрбиеші: Сау бол Робот , балаларда қоштасады./ұшып кетеді/
Тәрбиеші: - Міне балалар біз Қазақстанға елімізге келдік.
/Жарты шеңберге тұру/
Тәрбиеші: Күннің шыққаны жақсы ма?
Желдің соққаны жақсы ма?
Достармен болған жақсы ма?
Анамызды құшақтаған жақсы ма?
Туған жеріміз жақсы ма?
Қазақстандық болған жақсы ма?
Балалар хормен: - Өркендеп, жасай бер, жайнай бер Қазақстан!!
Тәрбиеші:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болсын!
Аспанымыз ашық , еліміз тыныш болсын. Сау болыңыздар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген