Материалдар / Тақырыбы: Хан сарайындағы жаңа жыл.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Хан сарайындағы жаңа жыл.

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа жылдық ертеңгілік. Балабақша тәрбиеленушілеріне өте қызықты,ертедегідей әсер қалдыратындай керемет сценари!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
536
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қош келдің жаңа жыл!»

Мақсаты: Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достық-пен, бірлікпен өткізуге баулу.Балалардың тақпақты мәнерлеп оқуы, әнмен биді нақышына келтіріп орындау қабілеттерін арттыру және әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар! Барлықтарыңызды жаңа жыл кешіне шақырып отырмыз.

Бақтарында бұл-бұл құстар сайрайды

Адамдары ойын-күлкіден талмайды

Біздің әлемге мүлдем ұқсамайтын

Ғажайып жерде патша мен патшайым өмір сүріпті.

Сахына төріне патша және патшайым шығады.


Ханшайым: Әкета-а-а-й деп жылап шығады.

Патша : Менің ханшайымымды кім ренжітті?

Ханшайым: Әкетай, менің ішім пысты...

Мен жаңа жылда Аяз атаны көргім келеді,мен оған ән айтып ,би билеп бергім келеді,сарайға жаңа жылдық бал өткізейікші.

Патшайым: -Иа, менің ханшайымым соны қаласа,жан – жақтан қонақтарды шақырып жаңа-жылдық кеш ұйымдастырайық.

Патша: Уәзірлерім қайда?

Менің бұйрығымды тыңдаңдар «Бүгін біздің сарайда жаңа жыл кеші болады,барлығы келетін болсын Аяз атағада хабар беріңдер»

Уәзірлер: құп тақсыр!

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Естімедік демеңіздер!

Патшаның сарайында жаңажыл кеші болады,барлықтарыңызды жаңа жылға шақырады!

Жүргізуші: Қошеметтеп қояйық! Патша сарайына ат терлетіп,әлемнің түкпір – түкпірінен қонақтар келді.

Залға әсем әуенмен балалар кіріп отырады, сол сәтте мерекеге мыстан кемпір кіреді (Баба яга) кіреді

Мыстан кемпір: мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші:Мұнда жаңа жыл кеші болып жатыр.

Мыстан кемпір: Ешқандай да жаңа жыл болмайды

Жүргізуші: Неге? Неге жаңа жыл болмайды,бұл мерекені балалар ұзақ күтті емеспе?

Мыстан кемпір: Ал маған ұнамайды.Сендер Аяз атаны шақырасыңдар,Ақшақарды шақырасыңдар, ал мені шақырмайсыңдар...

Жүргізуші:Олай болмайды мыстан.Балалар бұл мерекені сағына күтті.

Мыстан кемпір: Болмайды дедім,болмайды бітті. Аяз атаны хан сарайына әкелдірмеймін – деп шығып кетеді.

Жүргізуші:Ал балалар не істесек екен,кімнен көмек сұрасақ екен?

-Ой,сәлеметсіздерме Ханшайым,Патшайым,Патша! Сіздерге көп рахмет! Қандай керемет сарайға жаңа жылды тойлауға шақырдыңыз!

-Жаңа Мыстан келіп жаңа жыл болмайды деді- енді не істейміз?

Патша: Жаңа жыл болады! Менің бұйрығымды ешкім өзгерте алмайды!

-Қане жаңа жыл мерекесін бастайық!

Жүргізуші: Балалар Патшанның бұйрығымен жаңа жыл кешін өткізетін болдық!

Жаңа жыл кешін бастаймыз!

Ханшайым:

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны,

Жарқыраған шыршаны...

Жұпар иісі аңқыды,

Апамды да мәз қылды!

Патшайым:

Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сагынған.

Патша:

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.
Жүргізуші: Сіздерге де рахмет!

-Ал енді жаңа жылдық мерекемізді бастайық,сіздің рұқсатыңызбен!

-Көңіл-күйлеріңді түсірмеңдер бізге Аяз ата міндетті түрде келеді! Ендеше балалар біз сендермен көңіл-күйімізді көтеріп жаңа жылдық әнімізді айтып берейік.

Ән: «Жаңа жыл келді бізге»

Жүргізуші: балалар біздің ортамызда не тұр?

-Қалай ойлайсыңдар шыршаның көңіл-күйі бар ма,жоқ па?

Ал ендеше шыршамызға арнап тақпақтарымызды айтып берейікші.

Аянат

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңдайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Айзере
Келді тағы жаңа жыл
Қуантып біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
Диас
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай сұлу шыршамыз
Ән шырқайық бәріміз.
Балаларымыздың орындауында «Пандалар биі»

-Ал балалар сендер ойын ойнағыларың келеме?

Ойын: «Алтын жұмыртқа жинау»

-Ой,балалар! Достық жеңген сияқты,иә!


-Ортаға Микки маус пен Минни маус және Дейзи ит келеді.

Микки маус: Сәлем достар!

Минни маус: Hello My friends!

Жүргізуші: Cәлематсыңдарма! Мерекеге қош келдіңіздер!

Микки маус: Жаңа жыл құтты болсын!

Минни маус: - Хан сарайында жаңа жыл болатынын естіп ,біз шетелден келдік! Ал балалар, сендер ағылшын тілінде өлең білесіңдер ма?

Жүргізуші: -Біздің балалар ағылшын тілінде өлеңді де, тақпақты да біледі.

Ағылшын тілінде тақпақтар

Адия

A happy New Year!
The day is so clear,
The snow is so white,
The sky is so bright.


Флора

Father Frost
Bring many toys
For little girls
And little boys!


Әміржан

New things to learn, 
New friends to meet,
New songs to sing, 
New books to read. 


Адина

New things to see, 
New things to hear,
New things to do
In this New Year!


Микки маус: Міне керемет!

Минни маус: Балалар сендер әрдайым біз секілді көңілді әрі мықты болу үшін не істеу керек екенін білесіңдер ма?

-Ол үшін мынандай сыйқырлы сөз айту керек «Мика, Мокка, Микки маус»

-Ал ендеше бір би билеп жіберейік, көңіліміз көтеріліп,өміріміз жарқын болсын!

Би: « Микки маус» би жарыс
Минни маус: Мен сендерге досым Микки маусты табыстап,өзім басқа балалардың ертеңгіліктеріне барайын! Good bay!

Дейзи ит:

Құт болып келдім былтыр мен осы елге

Мерекелі,берекелі жарқын елге

Халқы жақсы, пейілі кең қазақ елі

Қарсы ал қошеметпен келер жылды

-Мен жаңа жыл Пеппаны көрмей тұрмын, ол неге кешігіп жатыр екен?

-Мен оның алдынан шығып күтіп алайын!

Жүргізуші: -Ал балалар қалай көңіл- күйлерің көтерілді ме? Бірақ бізге әлі Аяз-ата келген жоқ, ана Мыстан деген Аяз атаны жібермей жатыр,мүмкін біз жаңа жылдық тақпағымызды айтсақ,бізді естіп келіп қалар.

-Ендеше тақпақтарға кезек берейік

Айбике

Я желания загадаю

В хоровод у елки встану

Песню с Дедушкой спою...

Ах,как праздник я люблю!


Мамед

Нет, я больше не грущу,

Я стишок сказать хочу,

Чтобы Дедушка Мароз

Мне подарочек принес


Кирил

Дед мороз пришел к нам в сад.

Он поздравил всех ребят,

Он зажег нам елку ярко,

Подарил нам всем подарки,

Попрощался и ушел

Поздравлять других пошел!


Арина

Звездочкка блестит на елке,

Озаряя все иголки,

Огоньки мигают, шарики сверкают

Шарики сверкают

Вот какая елка наша

Нет ее милей и краше!


-Біз әрі қарай кешімізді жалғастыра берейік,бірақ біздің шыршамыз әлі де көңілсіз болып тұр. Ал ендеше шырша жанына жақындап өлең айтып берейікші.

Ән «Шыршаға бардық»

Аяз атаны шақыру

Мыстан кемпір: -Сәлемасыңдарма балалар!

Жүргізуші: -Кім келді балалар?

Мыстан кемпір: -Сендерді сағынып алыстан келдім!

Жүргізуші: -Балалар Аяз атада мынандай мұрын барма? Мынандай арқасы барма?

-Кім бұл балалар?

-Қой Мыстан біз саған сенбейміз,сен балаларды алдама,-деп бас киімін жұлып алады.

-Балалар енді не істейміз? Мыстанды кешімізден қуып жіберейік,қалай ойлайсыңдар? Ендеше Мыстанға қар лақтырып оны қуып жіберейік.

-Балалар қар лақтырып, Мыстан кемпірді орындыққа байлап қояды.

Мыстан кемпір: -Балалар жіберіңдерші...


Жүргізуші: -Балалар қараңдаршы бізді енді мыстан алдай алмайды. Балалар біз Аяз атаға көмектесейік,осында ертегі елінен келген Феяларды ортаға шақырайық,олар өздерінің жарығымен Аяз атаға жол көрсетер.

Кішкентай Феялардың өнерін тамашалайық! Ендеше Аяз атаны тағы да шақырып көрейікші.

-Аяз ататны шақыру

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым, аамансың ба қыздврым! Сәлематсыңдарма?

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай жарқын үндерің

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерді

Сағынып келді алыстан

Жүргізуші: Аяз ата біз сізді көп күттік,Баларда асыға күтті. Сіз жоқта мына Мыстан балаларды алдады,сіздің киіміңізді киіп алып, мен аяз атамын дейді


Аяз ата: - Мынау Мыстан кемпір ма отырған? Ой Мыстан кемпір өзіңде дым ұят жоқ екен. Кеше де жолымды кес- кестедің,бүгін де тағыда алдымда отыр Аяз атаның киімін киіп алып,ұяттан жұрдай кемпір екенсің.


Мыстан кемпір: Жоқ ей, Мен жақсы кемпірмін, сендер білмейсіңдер

Өз жұмысыңды істеп жүре бермейсің ба,нең бар Аяз атаның жұмысында а?


Жүргізуші: Аяз ата енді не істейміз бұған, мен білмеймін

Аяз ата: ендеше балалар менің сыйқырлы таяқшаммен қатырып тастайық,не сөйлей алмай,не жүре алмай қалсын. Айнал,айнал кемпір айнал... қатып қал

-Қалай екен, қалай кемпір,сөйлей аласыңба?


Мыстан кемпір: Иә, сөйлей алам

Аяз ата: Ойбай, олай болса сені тағы сыйқырлайын


Мыстан кемпір: Тоқта! Аяз ата кешір, екінші мен жаман нәрсе жасамаймын

Аяз ата: Ал балалар кешіреміз ба?

-Ендеше Мыстан сенің бүгін жолың болды, балалар кешірді. Енді өз жолыңмен жүр,біздің жаңа жылдық кешімізге кедергі келтірме.


Мыстан кемпір: Кешіріңдерші мені балалар мен өзіммен келген қыздармен бір би билеп берсек деп едім...

Жүргізуші:Онда ортаға шығыңыз,өнеріңізді көрейік!

Би «Баба ешки»

Аяз ата: Амансың ба Ханшайым

Ханшайым: Аяз ата біздің шырша көңілсіз,біз биледік, ән айтсақта шыршаның көңіл-күйі көтерілмеді. Мүмкін сіз сыйқырлы таяғыңызбен сыйқырлап көрерсіз


Жүргізуші: Аяз ата көрдіңіз ба біздің шыршамыз көіңлсіз,балалардыңда көңіл-күйі көтерілмей тұр


Аяз ата: Балалар жасыл шыршамызға бір әдемі сыйқырлы сөз айтайық иә!

Шырша,шырша таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

-Балалар тығы бір рет айтайық, шыршамыз көңілсіз екен

Шырша,шырша таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

-Ой бәрекелді! Балалар олай болса жаңа жылдық мерекемізді одан әрі жалғастырайық!

Жүргізуші: -Ал Аяз ата сіз мұнда отырыңыз,біздің балалардың тақпағын тыңдаңыз


Берден Алинұр

Келді міне жаңа жыл,                          

Қарсы  алайық, бәріміз.                           

Күліп, ойнап,би  билеп                          

Ән салайық  бәріміз.                            


Ерасыл

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын,жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.


Алина.

Әкелсін жыл ырыс-құт, 

Әлемде  болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа  жылым тамаша!


Мухиддин

Аппақ ,аппақ кар аппақ

Аппақ,аппақ дала аппақ

Қырау қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ.


Седеф

Қараңдар  мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық  думанға,

Аяз ата келіпті.


Сымбат

Келіңдер, келіңдер                             

Тақпақ айтып  беріңдер                         

Жомарт Аяз атадан                             

Сыйлық алып көріңдер!  


Ермекбай Алинұр

Аппақ  тонға оранып,                         

Базарлықты  мол алып.                           

Келді алыс сапардан,                              

Аяз ата оралып.                                      


Жүргізуші: Бізді жаңа жылымызбен құттықтап шетелден қонақтар келіпті.Сол кісілердің биін,өнерін тамашалайық ! Би Латын «Ча-ча-ча-ча»

-Аяз ата біздің балалар сізді бір жыл бойы күтті, сізге арнап тақпақ айтты, өлең айтты,би биледі,енді сізбен бір ойын ойнасақ қалай қарайсыз?

Аяз ата: Олай болса орныңыздан тұрыңыздар! Үлкен шеңбер құрыңыздар!

Ойын: «Аяз»

-Балалар өте зерек балалар екен, балалар қыста тоңбайды, ауырмайды,бірақ мен ауырып қалдым,мына жер ыстық екен,маған ыстық жерде көп тұруға болмайды, маған кету керек!


Жүргізуші:Балалар Аяз ата кетіп қалатын болды,не істейміз жібермейміз бе? Ендеше қолдарыңды ұстап шеңбер жасап Аяз атаны шығармайық.

Аяз ата: -Ал ендеше! Мен мына жерден өтіп кетем...


Жүргізуші:-Аяз ата шаршап орындықта ұйықтап қалды. Балалар Аяз ата тұрағой, бізбен бірге ойнайғой! –деу керек Аяз атаның құлағы естімейді

Аяз ата: Әй мына жерде балалар шулап жатырма,әлде басқа жақтың балалары ма?


Жүргізуші: Жоқ, біздің балалар емес

Аяз ата: А,а,а,а онда мен бес минут ұйықтап алайын

Балалар: Аяз ата тұрағой, бізбен бірге ойнайғой!


Жүргізуші:Ой Аяз ата рахмет көңіл-күйіміз көтеріліп қалды

Аяз ата: Қалай ойын ұнадыма?


Жүргізуші: Балалар енді Аяз атаға өзіміздің жаңа жылдық әнімізді айтып берейікші

Ән « Жаңа жыл»

Аяз ата: Ал балалар мен сендердің әндеріңді, тақпақтарыңды тыңдадым,билеріңді тамашалдым ,енді мен басқа балаларға барып мерекелерімен құттықтап қайтайын,қош сау болыңдар!


Жүргізуші: Тоқта аяз ата Балалар қаншама өнерлерін көрсетті, балалар біз Аяз атадан не алушы едік? Сыйлығымыз қайда?


Аяз ата: Ааа, Иә! Мен сыйлықтарыңды мына кележатқан доңыз Пеппа жылына тапсырып кеткем. Қап, ол неге кешігіп жатыр екен а? Доңыз Пеппа жылы қайдасың? Балалардың сыйлығын ала кел!

-Дейзи ит кіріп

-Мен Пеппаны ертіп келдім,балаларға арналған сыйлықтарын көтере алмай жолда қалыпты,алдынан шығып күтіп алдым.

Дейзи ит:

Төрле, төрле жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Тілекке елді жеткізіп
Есте қалсаң жарадың


Свинка Пеппа:

Сәлематсыңдар ма балалар!

Аяз ата: Қош келдің жаңа жыл!

Жаңа жылым мол болсын 
Баскан қадам он болсын 
Төрле Төрле Жаңа жыл 
Бізге Құтты жыл болсын


Свинка Пеппа:

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы.

Жақсы дәстүр көбейсін.

Жаңа жыл құтты болсын, деніміз сау болсын! Аман болайық!

Дейзи ит: Сенің аман-есен жеткеніңе қуаныштымын! Ал мен кеттім, амандықта жүздескенше!


Жүргізуші: Тоқта Дейзи! Бізбен бірге флеш моб биле. Есте қалар жақсы сәттер көп болсын!

-Ал сен Пеппажан төрлет төрімізге шығып «Берекелі елдің, мерекесін кіргіз»!

Би: «Флеш моб»





Жүргізуші: Дюсебаева Г

Би жетекші: Райымқұлова А

Аяз ата: Жобалаева Д

Микки Маус: Райымқұлова А

Минни Маус:Егешева Н

Мыстан кемпір: Сулейманова Г

Свинка Пеппа: Даулеткулова Г

Дейзи ит: Бақытбек Диас

Музыка жетекшісі: Зархан Х

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!