жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: "Ханталапай"
Тақырыбы: «Ханталапай» ұлтық ойыны
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың ой жүйесін дамыту, интеллектуалдық, тапқырлық,ептілік, ұстамдылық, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Міндеттері :
-Балалардың дағдыларын,танымдық белсенділігін арттыру;
-Топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
-Балаларды белгілі ережеге бағынуға, мақсатына жетуге, табандылыққа тәрбиелеу;
-Ұлттық мәдениет пен дәстүрлер ерекшелігін айқындау;
-Отанына, еліне туған өлкесіне сүйіспеншілік жерін қалыптастыру;
Көрнекілігі: Асықтар, плакаттар, киіз үй жабдықтары,қоржын, ұлттық киімдер,бесік,инетллектуалды тапсырмалар.
Жүргізуші Құметті әріптестер мен қадірлі балалар! «Ханталапай» интеллектуалдық байқауына қош келдіңіздер!
Қазақтар мал баққандықтан, ойындардың көбі малмен байланысты болған. Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланған.Асық ойындары-қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асық ойыны баланың жастайынан жүйеке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойын күндіздеде,түндеде ойналады.
Күндізгісі мергендікке,түнгісі ептілікке баулиды.Ендеше бүгінгі «Ханталапай» интеллектуалдық байқауымызды ашу үшін сөз кезегін бала-бақша меңгерушісі: Сатқанбаева.Ж.Т береміз.
Алдымен әділқазылар мүшесін сайлаймыз:
1.
2.
3.
Шаттық шеңбері:
Бақыт деген осы шаттық шеңбері,
Қол ұстасып тұрайықшы кел бері,
Бақыт деген көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін адал жүрек сендегі
Қуанамсын менде, қуанасын сенде
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге
Сәттілік тілеймін бүгінге
Жүргізуші:
1)Қазақтың қандай ұлттақ ойындарын білесіңдер?
(Көкпар, сайыс, қыз қуу, арқан тарту, алтыбақан, ақсүйек.)
2)Ат үстінде ойналатын қандай ойындарды білесіңдер?
(Көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, ат шабыс.)
3)Аңшылыққа байланысты қандай ұлттық ойындар бар?
(Ақсерек-көксерек, аңшы мен үйректер)
4) Малға байланысты қандай ойын түрлерін білесіңдер?
(Соқыр теке, ақсүйек)
5)Арқанмен ойнайтын қандай ойын түрі бар?
(Арқан тарту)
6)Ханталапай қандай ойын?
(Асықпен ойналатын ойын)
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа Алдар-Көсе келді.
Алдар-Көсе шығады.
Мен Алдармын , алдармын,
Сақалымды талдармын
Сақал түгіл мұртта жоқ
Сендердіде алдармын.
-Сәлеметсіз бе? Балалар, мен бүгін мереке, қызықты ойын өткелі жатыр деп естідім. Сендер менімен қазақтың ұлттық ойынын ойнағыларың келе ме?
Балалар: -Иә
Ол ойын «Ханталапай» деп аталады. Қанекей, сендер шеңбер болып отыра қойыңдар.
Алдар ойын шартын түсіндіреді.
Алдар-Көсе: Ендеше ойынымызды бастаймыз. «Талапай-ау, талапай, табылды ойын, алақай» - деп айтады. Балалармен бірге қайталайды. Қоржындагы асықтарды балаларға шашады. Балалар «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алып, жинаған асықтарын санайды. Әр бала ойынға бес асықтан тігіп, ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен бала, алғашқы боп ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сай, интеллектуалдық тапсырмалар дайындалады. Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда, өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайшы ойын жалғаса береді. Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды.
Қорытындысында өзінің ептілігімен, тапқырлығымен, сұрақтарға жауап беріп, білімімен көп асық жинаған жеңімпаз балаларға «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» номинациялары бойынша марапатталады.
Балалар жарты шеңберге тұрады.
Біздер шымыр жүйрікте.
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес бірлікте
Керек екен соны ұқтық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген