жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: Жана жыл ертегі әлемінде
Жана жыл ертегі әлемінде
Зал әдемі безендіріліп,
шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып
тұрады.
Жүргізуші:
Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге.
Ит
жылын кең пейілмен қарсы алайық
Қуаныш шашу шашсын төрімізге
Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар, мен балалар! Келе жатқан ит жылы
мерекесімен шын
жүректен құтықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер. Кешімізді жақсы көңіл - күймен
бастайық.
Жүргізуші:
Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Неге десеңіздер?
Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды. Ертегі әр елдің
шыршасына саяхат жасайды. Бүгін де біз Ертегімен бірге саяхат
жасаймыз. Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз. Олай болса
бәріміз бірге қалың орманға саяхатқа
барайық.
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар..
Ертегімде сан қилы
Қызық - қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Жиналыпты келісімге
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау,
жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап
қалады.
Қоян:
Амансыз ба, аю паң!
Аю:
Жаңа жылдың алдында Жылды қарсы алайық
Тойды еске алдым да Би билеп, ән салайық.
Ұйқымды ашып, сергідім Жаңа жылдың тойында
Ұйықтамаймын мен бүгін! «Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап түлкі
келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян:
Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян:
Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю, қоян, түлкі 6ipre билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына каскыр
келеді
Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын
жасайық
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты
болсын!
Бәрі Жаңа
жылдарыңызбен!
Залдың ішіне (тауык ит таласып) кіреді.
Жүргізуші Ой Тауық, Ит неге таласып жүрсіңіздер қараңдаршы біз жаңа жылды тойлайындеп отырмыз сіздерде бізбен бірге жаңа жылды бірге тойлаңыз.
Тауық Жарайды деп Итпен дос болады.
Ескі жыл (тауық) Балалар сендермен бірге болдым,сендер бір жасқа өстіңдер,балабақшаға келіп тақпақ өлеңдер үйрендіңдер.Енді менің қоштасатын уақытым болды.
Бір жыл бойы сендермен,
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар,
Кезек келді қоштасар.
Сау болыңдар! Кездескенше аман болыңдар!Ескі жыл Жаңа жылға өзінің берекелі жылын жылы сөзбен тапсырады.
Жүргізуші Рахмет саған ескі жыл,Жыл бойы бізбен бірге болып,көп нәрсені үйреттіңіз,сау болыңыз.
Жаңа жыл (Ит)
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себемін
Жырымды да себемін.
Қандай әсем шыршалар,қандай әсем балаларМен жаңа жыл Итпін Менің жылым өте берекелі жыл болмак .Балалар мен сендермен бір жыл бірге боламын.
Жүргізуші
Қош келдіңіз жаңа жыл төрлетіңіз.Біздің балалардың сіздерге дайындаған өнерлерин тамашалаңыздар.
Би: «Аңдар»
Нұралы
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып
Рамазан
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жана жыл
Құттықтаймын сіздерді
Олжас
Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық
Аманбек
Жаңа жыл жаңа жыл
Мереке тойымыз
Алақай алақай
Өседі бойымыз
Жаскен
Жаңа жылвм мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет Төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Жаннұр
Шырша айналып әндетіп
Би билейміз сәнді етіп
Қандай жақсы жаңа жыл
Өткізейік мәнді етіп
Азамат
Жылдың әнін бастайтын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас кайың,
Көтер алмай көп қарды.
Жүргізуші:
Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны
шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
Бұл кім
балалар?
/Аяз Ата/
Жүргізуші:
Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол
орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар:
Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып
барып, қонақтардың алдына келіп тұра
қалады.
Мыстан:
Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін - ай! Үйге
алып кетсем бе екен?
(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы
келеді.)
Жүргізуші:
Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын
тоқтатпайды) Біз «Жаңа жыл»
мерекесін
тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің
шыршамызға!
Мыстан: /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді, Маңдайдағы
терін сүртіп, тұрып.
Туу! Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды
ғой.
(Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда)
Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе
жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет
дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей
- ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып,
ақшасына бip байып қалармын!
(Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ
түседі.)
Жүргізуші:
Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін
адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды
шақырайық!
Ән:« Зырлайды шанамыз»
жырланады.
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала
залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып,
жетелейді, ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге
кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып
қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым
келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың! Қарашы, біз тойға
келдік! Кәне, балалармен амандасайық. Аяулы аналарға, ардақты ұл -
қыздарға, бүлдіршін балаларға бip
сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Асау желмен жарысқан
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Асаулармен алысқап
Шаршап келді алыстан.
Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым!
Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей
тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада
әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/
Ақшақар: Мен
шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз
Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын -
дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны
қатырып тастайсыз.
Жүргізуші:
Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай
еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды.
Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Жүргізуші:
Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып,
қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен?
Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып
берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда қоян сиқырлы таяқты тауып
алады/
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен
сүйеді/
Жүргізуші:
Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді
айтайық.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына
шақырып, шыршаны жаққызады.
Ән «Шырша жыры» жырланады.
Ойын: мазайкамен « Жаңа жылдық
сурет» құрастыру
Би Күшіктер
Адай
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Тілепберген
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Кел балалар көріңдер
Тамашаны көріңдер
Ахмет
Мы в ладушку хлопаем
Очен громко топаем
Встанем дружно и хоровод
Потому что новый год
Аружан
Новый год новый год
Вгостей елочку придет
Дед морз и зайка
Принесут подарки
Саламат
Белый снег кружится
Будем веселиться
Петь и танцевать
Новый год встречать
Ернар
Тамаша тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды
қараса
Нұрғали
Жапалақтап ақшақар
Жауды күнде қайталап
Қарға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Бейбарыс
Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұртыда
Аппақ екен шапаны
Ойын: «Қыстырғыш жинау»
Мақсаты: 2бала 4ата-ана шығад
ата-ананың көздері байлаулы болад 2ата-ана кыстырғышпен қыстырат 2
ата-ана қыстырғышты жинау керек.
Аяз -
Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар
балалар! Аталарыңды бip куантып,
тастадыңдар.
Жүргізуші: АязАта! Сіз біздің балаларға
сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз - Ата:
Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде!
Ақшақар сандықтың кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей
шара жасайды.)
Жүргізуші:
Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы
ілініп тұрған кілт пе?
Аяз - Ата:
Иә,
сол кілт шығар.
Жүргізуші:
Аяз
Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі
келген.
Аяз - Ата:
Қап, әттеген - ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны
іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А - а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой
(оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай
итереді)
Аяз - Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,
балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай - тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де
керек.
Аяз - Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып
тастайын. Аяз - Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып
қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не
icтeceм екен.
Аяз - Ата:
Бересің ба сандықтың
кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз - Ата:
А -
а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз - Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек
балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды
шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына
келеді)
Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Терезеге қонады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Әсем ою
ояды.
(Қырау)
Тікен, тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Мыстан: Жарайсьңдар, балалар, жұмбақты
жақсы шешеді екенсіңдер.
Би «Жұлдыздар»
биі
Тақпақ
Айкөркем
Үйіме келді Жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап би билеп
Ән салайық бәріміз
А.Жаннұр
Собираемся мы в кружок
Завертилис как снежок
За плечами елочка
Пушыстые иголочка
Би Қояндар
Тақпақ
Айару
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той-маскарад басталды
Аяз оны басқарды
К.Айзере
Тілеймін мен бәр әлемге
Дос көп болсын Жаңа-жыл
Ата-әже,ата-әже
Құтты болсын Жаңа-жыл
А.Айзере
Скоро скоро новый год
Скоро дед мороз придет
Снег,снег кружится
Белая вся улица
Айнұр
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жур
Аяз -
Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi
бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді
көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсің -
дер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын
бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау
болыңыздар!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! 2018 - ші жаңа жылға арналған мерекеміз
де аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл
құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш
әкелсін!!!
«Тексерілді»
«Ерке-Наз» балабақшасы
МКҚК әдіскері
__________Б.Ж.Муханова
«______»________ 2017ж
Мерекелік іс шара
Тақырыбы: «Жаңа жыл ертегі әлемінде»
Дайындаған: Таңатова А.Ж
2016-2017оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген