Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы Жануарлардың қысқы тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты Тақырыпты зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге үйрету, жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Оқушылардың тілдерін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Туған өлкенің жануарларын қорғау. Үй жануарларын қамқорлыққа алу, еңбекқорлыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Жануарлардың қысқы тіршілігі

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету,  жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Оқушылардың тілдерін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Туған өлкенің жануарларын қорғау. Үй жануарларын қамқорлыққа алу, еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

  Психологиялық ахуалды қалыптастыру


Психологиялық сәт.
Ойын: «Жануарларды топтастырайық ( Оқушыларға жануарлардың суреттері таратылып беріледі.)
- Балалар, мен сендердің алдарыңа жануарлардың суретін таратып қойдым. Суреттерді мұхият қарап алыңдар.
- Қане кімде үй жануарларының суреттері бар екен?
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Қой. Біз қойды сойып етін жейміз. Жүннен көрпе жасайды, шұлық тоқиды терісінен тон жасайды.
Сиыр. Сиырды сауамыз. Сүтін ішеміз. Сүтінен май, қаймақ, айран, құрт, ірімшік жасаймыз. Сойып етін жейміз
Жылқы. Жылқыны мінеміз. Бәйгеге шабамыз. Жылқыны да сойып, етін жейміз. Жылқыдан қазы, қарта, қымыз аламыз. Қымыз денсаулыққа өте пайдалы.
Түйе. Түйемен жүк тасиды. Бұрын адамдар түйемен көшкен. Түйе шөк десе жатады.
- Балалар, көрдіңдер ме, үй жануарлары бізге пайдалы екен сондықтанда біз оларды асырайды екенбіз.
- Қане, жабайы жануарлар кімдер де екен?
- Сендердің өздеріңнің қолдарындағы жануарлар туралы не білесіңдер?
Қасқыр. Қасқыр далада, орманда жүреді. Ол малдарды, түлкі, қояндарды жеп қояды. Аңшылар оны атады. (Мұғалім жыртқыштар туралы айтып таныстырады).
Аю. Мынау – қоңыр аю.
Қоңыр аю орманда болады. Ол балды жақсы көреді. Ақ аюлар да болады. Олар суға шомылғанды жақсы көреді. Суық жақта өмір сүреді.
Түлкі. Мынау - түлкі. Ол өте қу аң. Түлкі туралы ертегі, мультфильмдер көп.
Қоян. Қоян - қорқақ. Ол өте сүйкімді. Сондықтан, балалар қоянды үйде де асырайды.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (күз)
- Қазір бізде күздің соңғы айы. Аз уақыттан кейін қылышын сүйретіп қыс келеді. Қылышын сүйретіп келеді дейтін себебіміз, өзімен бірге қалың қарын, үскірік боранын, қақаған аязын ала келеді. Қыстан қысылмай шығу үшін біз көмір, ағаш отынымызды, тамағымызды дайындаймыз.
Ал, балалар, үй жануарларының бізге көп пайдасы бар екен. «Сыйға - сый» дегендей бізде оларға қысқы аязда қамқорлық жасауымыз керек екен. Суретке назар аударайықшы. Үй жануарларына қысқы азық, жем, шөп дайындап, қорасын жылылап қоямыз.
- Ал, мына аңдар да қысқа өзінше дайындалады екен. Күзде қысқы азықтарын әзірлеп, өздеріне жылы мекен дайындайды. Мысалы, аю қыста апанына жатып, қысқы ұйқыға кетеді. Ол қыс бойы ұйықтап жатады. Қасқыр үңгіріне, түлкі ініне, тиін ағаш дінінің қуысынан өзіне ұя жасап, ұясын жаңғаққа толтырады. Олар өздеріне азық іздеп, орманды, даланы кезіп жүреді. Қоян жауынан қорғану үшін тонын өзгертіп отырады.
- Ал құстардың көпшілігі күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір құстар ғана мекенінде қыстап қалады.
- Өздерің қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (Қарға, сауысқан, көгершін, торғай)
- Қыста құстарға жем табу қиын екен. Оларға біз жем шашар дайындап, жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек.

Кітаппен жұмыс.
- Не көріп тұрсыңдар?
- Тиін қысқа өзіне мол етіп жаңғақ жинайды. Ағаш дінінен өзіне ұя жасайды. Ағаш бұтақтарында жаңғағын шағып, бұтақтан - бұтаққа секіріп жүреді.
Еркін әңгіме құрастыру. «Тиін мен қоянның қысқы тіршілігі».
- Мына аңдар да қысқы азық іздеп, жорыққа шыққан екен. Енді өз мекендерін таба алмай адасып қалыпты. Көмектесіп олардың мекенін тауып берейік.

Ойын. «Мекенін тауып бер».

Шығармашылық жұмыс:
1 - топ «Ормандағы қызықты оқиға» тақырыбында сурет салу.
2 - топ «Қысқы ойындар» тақырыбына түсті қағазбен жұмыс.
Топтық жұмыстарды талдау.
Қорытынды. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12