жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: Жасыл шырша жанында
Дауыс: Кең далаға жар салып,туды қаңтар жұлдызы,
Тойлайды оны қарсы алып,еркін елдің ұл –қызы.
Дәулеті тасып ел тегіс, нығайсын бірлік ынтымақ,
Есік ашып келіп тұр,көптен күткен жаңа жыл.
Ит: Ал, балалар ,кел күлейік,
Жаңа жылдай күн қайда,
Жасыл шырша керемет,
Ұқсайды алтын сарайға.
Қол соғыңдар мұндайда.
Аққала: Ал,балалар ұнай ма,
Ортаға кел,күл –ойна.
Жасыл шырша ғажайып,
Жарқырап тұр шар айна.
Қол соғыңдар мұндайда.
(музыка ойналып , ортаға Санта Клаус пен Сайқымазақтар шығады)
Санта Клаус: Сәлеметсіңдер ме, балалар,Жаңа жылдық мереке құтты болсын.
Сайқымазақтар: Сәлем балалар,Біз осы жаңа жылдың кешін сендермен көңілді өткізу үшін келіп тұрмыз.Бізді таныдыңдар ма ,балалар.
Аққала:Жарайсыңдар,балалар. Бүгінгі кешке бізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырып едік,қонақтарымыз осы жерге келгенше бой сергітіп,бәріміз бірге билеп алайық,
(кейіпкерлермен би)
(Мұз Ханшайымының дауысы естіледі: Ауу,балалар мен Ақшақармын
ғой,адасып кеттім.Дауыстарыңды қатты шығарыңдаршы)
Аққала: Ой ,балалар,Ақшақар адасып қапты.Қане,даусымызды қатты шығарып,біз мұндамыз,-деп Ақшақарды осында жол табуға көмектесейік.
(музыка ойналып,Мұз Ханшайымы кіреді)
Мұз Ханшайымы:Сұлулықтың көзімін,
Нұр сәуленің өзімін.
Ай гаухарын тағынған,
Аяз атаның қызымын.
Охоу,қандай әсем шырша,бәрің қандай әдемісіңдер.Жарқыраа тұрсыңдар ғой,тегі.
Ит: кешіріңіз сіз кімсіз? Ақшақар емессіз ғой.Балалар,Ақшақар осындай ма? Жоқ,Ақшақар емес,онда Ақшақар қайда?
Мұз Ханшайымы:Қайда дейді,көрмей тұрсың ба ,міне ,мен дәл алдыңда тұрмын,Ақшақарға қай жерім ұқсамайды?
Аққала: Жоқ,кешіріңіз,сіз мүлде,мүлде Ақшақарға ұқсамайсыз. Балалар,айтыңдаршы, Ақшақар осы ма?
Мұз Ханшайымы:Сендер маған сенбейсіңдер ме,ендеше Аяз ата мен Ақшақарларың келмейді,келмейді.Сондықтан мен Ақшақар боламын.Қалай балалар әдемі болып тұрмын ба? Ал,оған көнбесеңдер мен сендерді қатырып тастаймын.
Ит:Қап енді не істейміз?
Мұз Ханшайымы: Ары қарай не істейтіндеріңді мен айтамын.Егер Аяз ата мен Ақшақарды көргілерің келсе,менің айтқанымды орындайсыңдар.
Санта Клаус:Балалар,мүмкін Мұз Ханшайымы бізге өтірік айтып тұрған шығар,қане,бәріміз Аяз ата деп шақырайықшы.
(балалар Аяз атаны шақырады ,музыка ойналып,Аяз атаның даусы шығады,бірақ келмейді )
Аққала: (қорқып) Балалар,біздің шыршамыз Аяз ата мен Ақшақарсыз өтпейді ғой.Балалар,мына Мұз Ханшайымы бәрімізді қатырып тастамай тұрғанда, айтқанын орындайық. Жарайды,Ханшайым қалауыңды айт.
Мұз ханшайымы:Аххха-ха,көптен бері жалғызсырап,ішім пысып жүр еді,біраз сергіп қалатын болдым,(ойланып) олай болса,мен сендерге жұмбақ жасырайын,егер тапсаңдар,тапсаңдар айтқандарыңды орындаймын.
(жұмбақ жасырады)
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
-ол не? (қар)
2.Тікен ,тікен, тік пісте,
Қысы,жазы бір түсте.
-ол не? (шырша)
Ит: Аяз ата келмесе,ендігі,жаңа жылымыз не болмақ? Ол да келмейді ме?
Санта Клаус:Жаңа жылды отырғызар тағына,
Ақшақарсыз болмайды ғой, тағы да.
Аққала:Аяз ата келмесе егер,тағыда,
Шыршаның да жанбақ емес шамы да.
Ит:Неғып тұрмыз,олай болса тыныстап,
Аяз атаны шақырайық дауыстап.
(осы кезде музыка ойналып, Аяз атаның даусы естіледі)
Аққала: Дөнге тастап күймесін,
Аяз ата сөйлесін.
Жаңа жылда жаңарып,
Бүкіл әлем билесін.
Білесіңдер барлығың,
Аяз ата ойларын,
Жаңа өмір жаңа жыл,
Құтты болсын тойларың.
Аяз ата:
Ақшақар:Қардың аппақ мұзымын,
Аяз атаның қызымын,
Алып келдім өзіммен,
Жаңа жылдың қызығын.
Таза өмірді таңдаған,
Сұлулықпен самғаған,
Жаңа жылдың аруы,
Ақшақар қыз мен болам.
Аяз ата:Балаларым не дейін,
Арта берсін мерейің,
Жарқыратып шыршаның ,
Шамын жағып берейін.
Ақшақар: Олай болса,балалар бәріміз бірге шыршам жан,шамдарыңды жарқырат,- деп айтып көрейік.
(музыка ойналып, шырша шамдары жанады)
Ит:Ескі жылмен көз көрген,
Заман күнде өзгерген.
Қимай-қимай бәріңді,
Қоштасамын сендермен.
Ақшақар:Ескі жылға қарайық,
Жақсы жылға балайық.
Ит жылына қол соғып,
Құрметпен шығарып салайық.
Аяз ата:Балалар, білесіңдер ме,
Сөзіме сенесіңдер ме,
Мен Ақшақардан басқа не әкелдім?
Арқалап сыйлық көтердім.
Жер бетіне аппақ қар әкелдім,
Қарды ерітер күн әкелдім.
Жүректерге нұр әкелдім,
Ит жылын еліне қайтарып,
2019 ДОҢЫЗ жап-жаңа жыл әкелдім.
Санта: Ал,балалар саспайық,
Ұялшақтап қашпайық.
Тақпақ айтып ән салып,
Би билеуді бастайық
(топтардың номерлері)
Мұз Ханшайымы:
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген