400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев поэзиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев поэзиясы

Мақсаты:  Білімділік мақсаты: Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен қазақпын » поэмасына талдау жасау . Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды елін, жерін сүюге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

1) поэманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру, мәнерлеп оқу.

2) өз бетінше іздену.

Көрнекі құралдар: Ж.Молдағалиев туралы деректі фильм, слайд-презентация, Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» әнінің клипі.

Техникалық құралдар: үнтаспа, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық теренинг өткізу “Көңіл-күйің қалай?”(Түстер арқылы топқа бөлу )

Сабақтың мақсат - міндетттерімен таныстыру.

1. Ж.Молдағалиев өмірі. Хронологиялық карта толтыру

2. Ж.Молдағалиев шығармашылығын топтастыру

3. “Мен -қазақпын” поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу

І. Тұңғиықтан маржан терейік. Ж.Молдағалиев туралы деректі фильм, слайд-презентация арқылы өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу.

Мұғалім сөзі. Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — “Мен — қазақпын” поэмасы (1964).

«Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек.».
Ж. Молдағалиев.

Ойды талқылау.

«Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты, пәрменді поэзияны танимыз.» М.Базарбаев.

ІІ. “Мен — қазақпын” поэмасын мәнерлеп оқу. Әр топтан 1 оқушыдан өлеңнің 2 шумағын жатқа мәнерлеп оқиды.

ІІІ. Сыр сандықтағы сан сұрақ.

Сұрақ -жауап тақтадан оқыту

-Поэманың жанры қандай ? /лирика -публицистикалық стилде жазылған поэма/.

Қалай ойлайсыңдар, бұл поэманың басты тақырыбы не? /Ұлт, халық/

Негізгі идеясы қандай? /Халықтың өлмес тарихы , бастан кешкен кезеңдері, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі./

-Тәуелсіздікті аңсаған, сол жолда күрескен ұлтымыздың мақтанышы, азаттық жолындағы күрескер азаматтарымыз кімдер? /Асан қайғы , Исатай , МахамбетӨтемісұлы, ШоқанУәлиханов , Абай Құнанбаев туралы айтады./

-Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.«Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қай ғасырларды қамтиды?

ІҮ. Сергіту сәті . ” Мен қазақпын ” әні Ерболат Құдайбергенов

Галереяны шарлау әдісі. Қазақ халқының тұрмысы бейнеленген суреттерді плакатқа жапсырып, тақтаға іледі. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы әңгімелейді.

Ү. Поэзия сәті. Өлең шумағын ұйқастыру. Тапсырма әр топқа беріледі.

…………………………………………… шөбіміз,

……………………………………………. көгіміз

……………………………………………. қарсы алған

………………………………………….. төріміз.

ҮІ. Қорытынды. Мұғалім сөзі ; «Мен — қазақпын» поэмасы оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді.

ҮІІ. Үй тапсырмасы. Поэмадан үзінді жаттау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2020
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі