Астана қаласы
Ә. Бөкейханов атындағы
Binom school мектеп-лицейі
Тақырыбы: «Жылқы мүсіні - қазақ ұлтының қасиетті төтемі»
Секциясы: «Өлкетану»
Орындаушы: Еламанұлы Ибрагим 3 «И» сынып оқушысы
Жетекшісі: Шоканова Гаухартас Женисбековна бастауыш сынып мұғалімі
Ғылыми жетекшісі:
Астана, 2022 жыл
Мазмұны
бет
1. 1. Кіріспе ................................................................................................. 3-4
Жылқы түлігінің қалыптасу тарихы туралы
1.1. « Қазақ тұлпары » жылқы зауытының тарихынан ........................5-6
2. Негізгі бөлім
2.1. Жылқы - түлік төресі ...................................................................... 6-7
2.2. Қазақстандық жылқы тұқымдары ................................................... 7-9
2.3. Рәміздердің тарихи сабақтастығы ..................................................10-11
2.4 Қосымша
3. Қазақстан Республикасының рәміздері .........................................12-15
4. Қорытынды............................................................................................16
5. Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................. 17
Астана қаласы
Ә. Бөкейханов атындағы
Binom school мектеп-лицейі
3 «И» сынып оқушысы Еламанұлы Ибрагимнің
« Жылқы мүсіні - қазақ ұлтының қасиетті тотемі »
тақырыбына жазылған ғылыми жобасына
П І К І Р
3 «И» сынып оқушысы Еламанұлы Ибрагим Егеменді ел болып, тәуелсіздік туын биік көтерген қазақ елінің бүгінгі таңдағы алдына қойған мақсаты - дамыған елу ел қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы - қай сала болса да барынша еңбек етіп, қазақтың материалдық, рухани байлықтарын әлемге танытуға әрекет жасау. Осыған байланысты жас ізденуші Еламан Ибрагимнің зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ халқын, қазақ ұлтының болмысын тарихи - мәдениетінде сақталған құнды дүниелерімен таныту. Жылқы ең алдымен өте ерте кездерде басталған жауынгершілік талабына сай құнды көлік малы ретінде қолға үйретілген. Ізденуші жылқының шығу тегі мен олардың мәдени түрлерін атап қана қоймай, олардың биологиялық ерекшеліктерін анықтауға да көңіл бөлген. Қымыздың әрі тағам, әрі сусын -бие сүті көптеген ауруға мың да бір ем, халықтың сұранысына ие . Мамыр–қазан айларының аралығында әр биеден 500 литрден сүт саууға болады екен. Мамандандырылған фермаларда жыл бойы әр биеден 1500 литрге дейін сүт өндіруге мүмкіндік бар көрінеді. Өкінішке орай, мұндай бірде-бір ферма жоқ.Тек, маусымдық қымыз өндірісі ғана бар. Жас ізденуші еліміздің көне кәсібін жаңартуды бүгінде шешімін күтіп тұрған басты мәселе деп танып ,оны арнайы сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорнын ашу арқылы жүзеге асыруды, қымыз өндірісін арттырып, бие сауу процесін механикаландыру мәселесін шешу, өндірілген ет, сүт, тері өнімдерін терең өңдеуді жүзеге асырып , тек елімізді ғана емес шетелдің аренасына шығару. Ең түйіні - сақ рәміз элементтерінің белгілік сипаттық, практикалық және әлеуметтік қызметінің рәміздері, қазақтардың дәстүрлі әлем бейнесінде де ұзағырақ сақталғаны түсінікті жәйт. Бұл мәдениет рәміздерінің тарихи сабақтастығын көрсетудегі ең басты мәселе. Қазақ тілінде тұлпар аттарға қатысты қолданылатын «пырақ», «дүлдүл» сөздері жиі айтылады. Мемлекетіміздің елтаңбасында символдық белгілердің біріне пырақтың бейнесін беруі де қазақ халқының тарихындағы жылқы малының айрықша орын алатындығын білдіріп тұр. Жылқы - қазақ ұлтының қасиетті тотемі екенін жарнамалау қажеттігін зерделеп отыр. Жас ізденуші жас ерекшелігіне қарамастан өзін қызықтырған жылқы туралы, оның жасын , тұқымын анықтау, жылқыға байланысты мақал – мәтелдер, ат әбзелдері, оны көпшілік назарына ұсына алатындығы, жылқы аурулары туралы қосымша мәліметтерді жинақтауы ізденуші жұмысының ғылыми маңыздылығы мен кешенділігінің және болашағынан көп үміт күттіретіндігінің дәлелі.
Кіріспе
Қытайдың Шинжяңы мен Орталық Азия елдері – тұлпардың ата мекені. Осыдан 3000 жылдан астам бұрынғы қола дәуірінде аталған елдердің тұрғындары алғаш рет жылқыны қолға үйретіп, ол өнерді қоғамдық тұрмыста қолдана бастады, яғни жылқыны көлік ретінде пайдаланды.
Мақсаты : сайын даланың сәні болған жылқы - көшпелілердің, соның ішінде қазақтардың төрт түлік малының ішінде тарихы қызықты деректерге толы таза қанды қазанат тұқымының Қазақстан жеріндегі түрлері , жылқының шығу тегі мен олардың мәдени түрлерін, биологиялық ерекшеліктерін анықтау. Ерлік пен айбынның нышаны - жылқы малы адамдардың жануарлар арасындағы ең жақын серігі, оның адамзат тарихының даму үрдісіндегі рөлі туралы мәліметтер жинақтау, жылқы мүсіні - қазақ ұлтының қасиетті төтемі екенін Қазақстан Республикасының рәмізімен байланыстыра отыра дәлелдеу.
Міндеті :
-
жылқы түлігінің шығу тарихы туралы мәліметтермен танысу;
-
таза қанды қазанат тұқымының Қазақстан жеріндегі түрлерін анықтау;
-
адамзат тарихының даму үрдісіндегі жылқы рөлі туралы мәліметтер жинақтау;
-
жылқы мүсіні - қазақ ұлтының қасиетті тотемі екенін Қазақстан Республикасының рәмізімен байланыстыра отыра дәлелдеу.
Нәтижесінде :
-
жылқы түлігіне қатысты тарихи деректер жинақталды;
-
таза қанды қазанат тұқымының Қазақстан жеріндегі түрлеріне анықтау жасалды; жылқы түлігіне қатысты ұлт болмысы мен мәдениетін сипаттайтын ақпарат көздері зерттелді;
-
жылқы түлігінің биологиялық ерекшеліктері анықталды;
-
жылқының экстерьерін бағалау жолы туралы мәліметтер жинақталды;
-
жылқы сүтінің емдік қасиеттері негізінде елімізде жылқы шаруашылығының даму барысы анықталды;
-
Жылқы мүсіні - қазақ ұлтының қасиетті төтемі екені Қазақстан Республикасының рәмізімен байланыстыра отыра дәлелденді;
-
Рәміздердің тарихи сабақтастығы зерттелді;
Осынау ұлы тапқырлық
Еуразияның солтүстік далаларындағы экономикалық формацияны
түбірінен өзгертті, яғни жай бақташылықты көшпелі бақташылыққа
дамытып, мал шаруашылығы өндірісінің өресін биік деңгейге көтерді,
жылқы малы адамдардың көңіл төрінен биік орын алды. Қытайдың Хан
династиясы Жаң Чиянды Батыс өңірге елші етіп жіберіп, Үйсін елінен
асыл тұқымды жылқыны Қытай орта жазығына алдырғаннан бастап, Хан
патшасы У Ди «Пырақ» деген жырын жазып, жылқының ғаламат құдіретін
тамсана жырлап, оған «Пырақ» деп ат қойған. Сонымен бірге, Үйсін
аттарын «қиыр батыс тұлпары» деп, ал ежелгі Ферғананың «қан
терлейтін тұлпарын» «пырақ» деп жаңаша атайтын болған. Алыс
батыстағы Ферғана жылқысының аман-есен жетуінің құрметіне бола, У
Ди патшаның арнаулы жарлығы бойынша, атбегілеріне Ферғана
жылқысының алтынмен апталған қола мүсінін құйдырыпты да, оны Лу Бан
қақпасының алдына орнатыпты. Сондықтан да Лу Бан қақпасы «алтын
тұлпар қақпасы» аталыпты. Қытайдың ежелгі жазба деректерінде
жазылуынша, Хан патшасы У Ди өзінің арнайы бұйрығымен
ұсталарына осы тұлпардың алтын мүсінін соқтырып, оны Ферғана еліне
жіберіп, олардың «қан терлейтін тұлпарларына» айырбастатқан екен.
Сонда патша не үшін тұлпардың алтын мүсінін құйдырғаны туралы
зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ежелгі Еуразия далаларындағы
көшпелі халықтар тұлпарды шексіз құдірет иесі деп пір тұтқан.
Ежелгі үнді-иран тілдес көптеген этностардың діни наным-сенімінде
жылқы күн мен күн құдайының рәмізі деп
есептелген.[5,41].Қазақстандағы Есік обасынан
табылған ежелгі сақ көсемінің алтын тәжінде таутеке мүйізді қанатты
пырақ сомдалған демек, алтынмен сомдалған жылқы мүсіні тұтас ұлттың
қасиетті тотемі саналған. Қытайдағы Шинжяң археологтары Ақши
ауданындағы Құлансарық қорымынан алтыннан соғылған тұлпардың
мүсінін тапты. Ақшиден табылған осы алтын
тұлпар
мүсінінің сыны мен сымбаты аңыздағы «пырақтың» келбетіне дәл
келеді.

1969 жылы Қытайдың Ганьсу өлкесінің У-уей деген жерінен арынды сәйгүліктің қоладан сомдалған мүсіні табылды. Ондағы сәйгүліктің бейнесі аяғы жерге тимей ұшыртып бара жатқан, арыны бет қаратпастай еді... Атақты ғұлама Го Моро оған «Тұяғында құс қалған» деген есім берді. Соңғы зерттеулердің дәлелдегеніндей, «Тұяғында құс қалған» – Шыңғыс Хан династиясы кезінде жасалған қола бұйым екені, яғни бұдан 1800 жыл бұрынғы жәдігер екені анықталды. Ал осы сәйгүліктің прототипі Батыс өңірден Орталық Қытайға жеткізілген «қан терлейтін тұлпар» екені даусыз. Жылқы малы адам баласының жануарлар арасындағы ең жақын серігі, оның адамзат тарихының даму үрдісіндегі рөлі орасан зор. Міне сондықтан да Шығыстың да, Батыстың да мәдени жүйесінде жылқы киелі жануар саналады, ол тіпті әулие деп те танылған. Дәл осындай таным-түсінікпен тарихта жұрт киелі жануар жылқыға арнап ғаламат бейнелер салып, мүсіндер сомдаған. Тұтас Еуразия аймағынан табылып отырған жылқының көркем бейнесі сомдалған археологиялық олжалар осының айғағы. 2,10 Қазақтың белгілі ақыны Ғафу Қайырбеков: «Ана сүті мен жылқы сүті - біздің тарихымыздың басы» - десе, Қажытай Ілиясұлы: «Қазақ тарихы - жылқы тарихы да, жылқы тарихы - қазақ тарихы» - дейді. Ал қазақ менталитетін философиялық негізде сипаттаған философ-ғалым Д.Кішібеков өз еңбегінде Иран мен Тұран арасындағы соғысты бейнелеген Әбілқасым Фирдоусидің «Шах наме» деп аталған данышпандық шығармасындағы Тұран деген атаудың мағынасын «аттылар», «жылқы өсіруші елдер» деп түсіндіреді [7, 49].Тұлпар аттар қазақ тарихының - ұлы тарауы. Ол тарауларсыз даланы, туған жеріңді тану, сүю мүмкін емес. Әлі күнге қазақтың атты көрсе - мінгісі кеп, шапқысы кеп кететіні - қандағы өлмес қасиет. Белгілі шығыс зерттеушісі, түркітанушы ғалым В.В.Радлов: «Қазақтар үшін жылқының асыл тастай көркі, барлық сұлулық атаулының жиынтығы. Қазақ атты сүйікті әйелінен де артық көреді. Өте әдемі, текті ат үшін жұрт сыйлайтын өте әділ де адал адамдардың өздері ұрыға айналады», - деп жазады [11,63]. Демек, өзіндік мәдениетіне сәйкес күнделікті өмірінің әрбір кезеңін жылқы малымен тығыз байланыстырған қазақ халқы жылқының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, тани білген. Енді кезекті еліміздегі жылқы түлігінің даму тарихына арнаймын.
«Қазақ тұлпары» жылқы зауыты
«Қазақ тұлпары» жылқы зауыты Қостанай қаласының iргесiнде, Тобыл өзенiнiң жағасына орналасқан. Зауыттың тарихы сонау ХIХ ғасырдың 80-шi жылдарынан, Николай патшаның Қостанай елдi мекенiнде Николаев уезi үшiн ашылған атқорадан басталады. Осы қызыл кiрпiштен салынған атқораға 2008 жылы 120 жыл толды. Осы атқора Қостанай жылқы тұқымын жасап оны сақтауда бiрнеше буын ұрпақтың зор еңбегiнiң осы күнге жеткен бiрден-бiр белгiсiндей. Қазақтың қазынасы дәл осы Қостанай жылқысынан шыққан деген де пікірлер бар. Қазақстаннан шығарылған Қостанай жылқы тұқымы 1951 жылы 22- мартта ССРО Министрлер Кеңесiнiң Қаулысымен мiнiс - жегiс жылқы ретінде бекітіледі. Қазақстан Республикасының Президентiнiң тапсыруы бойынша 2000 жылдың 10-қаңтарында Қазақстан Республикасы үкiметiнiң №37 қаулысымен «Қазақ тұлпары» зауыты Қазақстан Республикасы Президентiнiң iс жөнiндегi басқармасына берiлген, РГКП «Қазақ тұлпары» аталып, жаңа спортқа мамандандырылған жылқының тұқымын жасау мақсаты қойылады. 2003 жылдың 20-қаңтарындағы Үкiметтiң №61 қаулысына сәйкес зауыт Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлiгiне өтедi. Осы шаруашылық құрылған кезде жылқы саны 226 бас едi, ал биылғы жылдың басында жылқының өсiмi 137% құрап, 311 басқа жеткен. 2002-2008 жылдары «Қазақ тұлпары» ЖШС-гi шетелдiк тазақанды мiнiс жылқыларымен жарысқа түсiп, 294 рет жүлделi орынға ие болды, оның iшiнде 121 рет – бiрiншi, 103 рет – екiншi және 70 рет – үшiншi жүлделердi жеңiп алып, 13056,0 мың теңге пайда әкелдi. Шаруашылық құрылғалы берi 500-ден астам жылқы төлi алынды. Бұрын 100 құлыннан 52 құлын алынса, 2000-2008 жылдары бұл көрсеткiш 72 құлынға жеттi. «Қазақ тұлпары» жылқысының жаңа тұқымы Қостанай тазақанды мiнiс, араб жылқыларын будандастыру арқылы асыл тұқымды жылқылар алынады.[6,99]. Қазақстанда 2001 жылдан бастап жылқы сатылатын ашық аукцион жүргiзiлiп жатыр. Асылдандырылған жылқыларды сату жақсы жолға қойылған. Мысалы, 2000 жылы 73 мың теңгеге сатылса, 2009 жылы 430,0 мың теңгенi құрап, 6 есеге қымбатқа сатылып отыр. Мысалы: жаңа жылқы зауытында ғалымдар екi зертханада жұмыс iстеуде, таза қанды араб жылқысы, тазақанды батыс европалық мiнiс жылқылары сатып алынып, будандастыру тәсiлдерi жүргiзiлуде.Жасалып жатқан шаруаларға қарап, ендiгi 20-30 жылда «Қазақ тұлпары» зауыты таза қанды қазанат тұқымын шығаруы әбден мүмкiн деп сенуге болады, себебі жылқы зауытындағы қызу істерден кейін өз ойымды осылай түйіндедім.
Жылқы – түлік төресі
Сайын даланың сәні болған жылқы шаруашылығын дамыту көшпелілердің, соның ішінде қазақтардың төрт түлік малдың ішінде жылқыны көне заманнан бастап өсіргені тарихтан белгілі. Жаугершілік заманда атқа мінген ата-бабаларымыз жаудың жаяу әскерден жасақталған қолын күйрете жеңіп отырған. «Ер қанаты – ат» деген қағиданы берік ұстанған бабаларымыз жылқы өсіруге ерекше ден қойған. Оның үстіне жылқы малы көшіп-қонуға ыңғайлы, мініске төзімді, өз аяғынан жайылады, күтімді көп тілемейді. Еті дәмді, сүті шипалы. Қазақ төрт түліктің ішінде бірінші жылқыны байлыққа санаған. [4, 28].
Арқада кезінде қырық мыңға дейін жылқы иеленген байлар болыпты. Жылқы тұқымын асылдандыруда табындағы келісті биелер мен жақсы айғырларды бөліп алып, үйірге салады. Олардан туған құлындар есейгенде басқа үйірдің айғырларына қосылады. Соның нәтижесінде мойны бұғыдай, жілікті, домаланған, тұрқы қазақтың қазанатының кейпіне келетін мықты тұқым өсіп шығады. Мұнан кейін институт ғалымдары жылқыға «ЧИП» енгізуді көрсетті. Көлемі күріш тұқымындай «ЧИП»-ті жылқының терісінің астына сіңіріп, сканерді жақын ұстап еді, малдың толық мәліметі шыға келді. Бұрынғыдай ен салып, сырғалап, нөмірлеп жатудың қажеті жоқ. Мұнан соң электронды таразының жұмысымен таныстырды. Салмағы небары 250 келі тартатын таразыны кез келген жерге апарып құрып, жұмыс аяқталған соң жинап әкетуге болады екен. Бөлмеге орналасқан компьютерлік құрылғылар арқылы малдың жеті атасынан бергі мәліметтермен толық танысуға болады екен. Бұл малдың тегін білу мен есеп-қисап жүргізуді барынша жеңілдететін көрінеді.
Табиғи сұрыптау мен халықтық селекциядан өткен қазақы жылқы етті
де, сүтті де мол береді. Қысы-жазы жайылып семірген малдың өзіндік
құны арзанға түседі. Жаз кезінде жылқы 100 килеге дейін салмақ
қосады. Қазақи жылқылар семіргенде 58% дейін таза ет береді.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе жылқы етін өндіруді өнеркәсіптік
жолға қою. Мал бордақылайтын алаңдар мен кешендер салуды қолға алу
қажет. Бұл экономикалық жағынан өте тиімді. Мысалы, Талдықорған
қаласындағы «Бірлік» шаруа қожалығы жылына орта есеппен 300 басқа
дейін жылқы бордақылап сатып, 18-20 млн. теңге таза пайда табады.
Қымыздың әрі тағам, әрі сусын екені ежелден мәлім. Бие сүті
көптеген ауруға мың да бір ем. Халықтың сұранысына ие осы саланы
жолға қоя алмай отырмыз. Тек, маусымдық қымыз өндірісі ғана бар.
Оның өзі де барлық аудандарда емес. Мал басын асылдандырып,
тұқымның гендік қорын сақтауға және жылқы өсірушілерге мемлекет
тарапынан асыл тұқымды жылқы шаруашылығын қолдауға 17 млн. 401 мың
теңге бөлінсе, биыл осы бағытта 31 млн. 810 мың теңге қарастырылып,
асыл тұқымды жылқының тірідей әрбір киле салмағына 100 теңгеден
субсидия берілейін деп отыр. Бүгінде шешімін күтіп тұрған басты
мәселе – арнайы сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорнын ашу. Оларды
шикізатпен қамтамасыз ету үшін жылқы өсіретін орта және ірі
өндірістер санының өсуіне жағдай туғызу, малды бордақылау мен қымыз
өндірісін арттырып, бие сауу процесін механикаландыру мәселесін
шешу, өндірілген ет, сүт, тері өнімдерін өңдеуді жүзеге
асыру.

(1-сурет) Жылқыны күтіп баптау (2-сурет) Жылқыны бәйгеге дайындау
Қазақстан жеріндегі жылқы тұқымдары
Қазақы жылқы– негізінен көлік ретінде, әрі еті мен сүтін пайдалану үшін өсіріледі.Оның дене бітімі шымыр, ауа райының қатаң жағдайларына төзімді келеді. Олар жыл бойы жайылады, әрі жем – шөп талғамайды, жал құйрығы қою, жүні қалың болады.Дене тұрқы ұзын, қарны жуан, аяқтары қысқа. Тез қоңданады, биелері тәулігіне 18- 20 литр сүт береді.
Адай жылқысы да қазақы жылқылар қатарына жатады.Оны жергілікті халықтар «дала көркі» деп ерекше дәріптейді. Бұл жылқы негізінен Атырау мен Маңғыстау облыстарында өсіріледі. Ол негізінен салт мінуге бейімделген. Басы шағын, кеудесі жинақы, арқасы түзу,аяқтары жіңішке,сидаң етсіз сіңірлі. Маман –ғалымдардың бағалауынша, адай жылқысы таза, табиғи жетілдірілген халықтық селекцияның қайталанбас жауһары деп саналады. Орташа салмағы 420 кг.
Көшім жылқысы. Бұл қолтұқым Батыс Қазақстан облысының жерінде, сонымен қатар өзіміздің Жамбыл облысындағы « Құлан» жылқы зауыттарында шоғырланған. Көшім жылқысы негізінен жергілікті биелерді таза қанды орыс, орлов жылқыларының айғырларымен шағылыстыру арқылы алынған қолтұқым. Олардың шоқтығы щығыңқы, кеудесі кең, төсі алшақ, арқасы тегіс әрі жазық,сауыры сом етті,аяқтары сүйекті келеді.Бұл жылқының негізгі топтары Батыс Қазақстанда «Красногор», Ақтөбе облысындағы «Мұғалжар», Алматы облысындағы «Дегерес» және « Құлан» жылқы зауыттарында шоғырланған.
Қостанай жылқысы. Бұл қолтұқым Қостанай және Челябі облыстарының шаруашылықтарында өсіріледі. Қазақы жылқыларының биелерін қалмақ, дон, орлов жылқыларының айғырларымен шағылыстыру арқылы алынған.
Буденный жылқысы. Елімізде өсіріліп шығарылған жаңа жылқы тұқымдарының ең таңдаулысы. Буденный тұқымын таза қанды, салт мінетін жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған. Денесі ірі, шоқтығы биік, арқасы түзу, жазық, кеудесі кең.Бұл жылқыны шығаруға Кеңес Одағының Маршалы С.М.Буденный басқарған бір топ тәжірибелі мамандар қатысқан.
Дон жылқысы. Шыққан жері – Дон өзенінің маңайы.Жергілікті жердің ауа райына төзімді келеді. Дон тұқымының басы ашаң, көкірегі кең, қабырғалары ұзын,арқасы тегіс,жауырыны қысқа,артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары берік болып келеді. Салт мінуге өте қолайлы.
Ахалтеке жылқысы. Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған ең ескі тұқым болып саналады.Осы күнгі Түркімен жылқысының ұрпағы.Бізде бұл тұқым Жамбыл облысындағы «Луговой» жылқы зауытында өсіріледі.Күй талғағыш сымбатты,әсем келеді.Басы ашаң, мойны ұзын, тұтас сауырлы, тұяқтары берік,терісі жұқа,жалы жібектей жұмсақ болады.Басқа жылқыдай емес, жайылымда баққанды ұнатпайды.
Таза қанды салт мінетін жылқы . Бұл өте жүйрік жылқы,шапқанда ұшқыр келеді.Таза қанды салт мінетін жылқыны үнемі ипподромда сынайды. Бұлардың айғырлары жергілікті жылқы тұқымын жақсартуға қолданылады. Өте сымбатты,тұлғасы зор, әсем денелі, көркем тұлғалы жылқы.
Желісті жылқылар. Осыдан 150жыл бұрын Воронеж облысының «Хренов» жылқы зауытында араб, дат,голланд тұқымдарын өзара будандстыру арқылы шығарылған. Басы үлкен, мойны ұзын, шоқтығы биік, арқасы тегіс әрі жалпақ,сауыры тұтас,аяқ сүйектері жуан келеді.
Орыстың желісті жылқысы.Бұл орлов биелері мен американ желісті айғырларын шағылыстырудан алынған будан,желгір жылқылардың тұқымын жақсарту үшін өсіріліп шығарылады.Мұндағы негізгі мақсат жылқының тұлғасын ірілендіріп, сымбатты, сом денелі желісті жылқы шығару.
Кеңестік тұқым. Бұл ауыр жүк таситын жылқы тұқымы. Денесі ірі,мойны етті, шоқтығы өте биік емес,арқасы мен кеудесі кең, аяқтары жуан келеді.
Орыстың ауыр жүк таситын тұқымы. Ертеден бері келе жатқан жылқы тұқымы. Бойы аса биік емес,орташа келген, маңдайы кең, мойны жуан, шоқтығы биік емес, арқасы ұзын белі қайқылау, қабырғасы тік. [12, 63].
Жылқы тұқымдары:
-
Адай жылқысы
-
Ахалтеке жылқысы
-
Буденный жылқысы
-
Қазақы жылқы
-
Көшім жылқысы
-
Кеңестік тұқым
-
Дон жылқысы
-
Орыс жылқысы

(3-сурет) Жылқымен серуендеу
Таза қанды араб жылқылары Қазақ жылқысы

Делибоз жылқысы. Ахалтеке жылқысы. Көшім жылқы. Орлов жылқысы

Дон жылқысы Буденный
жылқы Орыс
жылқылары

Кеңестік жылқы тұқымдары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз