Тақырыбы: Көңілді түстер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Көңілді түстер

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық түзетудің негізгі жұмыс жолдары баланың жалпы психологиялық дамуындағы кемшіліктерді анықтау және оны жою жолдарын, әдістерін жаңа технология бойынша пайдалана білуді қажет етеді. Баламен түзету жұмыстарын жүргізуде әсер ететін факторларды анықтап, отбасында педагогиялық тәрбиенің әсері мен қоршаған ортаның әсері екендігін толық анықтау. Түзету жұмыстарының мақұсаты баланың алдағы уақыттағы психологиялық дамуының диагностикалық негізінде құрылуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Көңілді түстер
Ұзақтығы:35 мин

Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақтың мақсаты: Балаларды негізгі түстермен таныстыру

Білімділік: Балаларды түстермен таныстырып, негізгі түсті топтастыруға үйрету: ақ, қызыл, сары, көк.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, зейінің, түстерді қабылдап және түс туралы түсініктерді жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілетін, ойын арқылы саусақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылырды ұқыптылыққа, ептілікке және жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Түстер туралы плакаттар, суреттер, түрлі-түсті шарлар, таспалар әр түсті, әр түсті пішіндер, боялған асық.

Сабақ әдісі: Қызыгушылығын ояту, ойын.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету және сергіту.

Жұмыс түрі: топтық

Қажетті құрал – жабдықтар: Көліктер суреттері, қима суреттер, геометриялық пішіндер,жұлдыз құрт суреті,шариктер,желім, А4 парағы

Сабақ барысы: Біз бүгін түстермен танысамыз, яғни ақ, қызыл, сары және көк түстермен танысамыз. Бұл төрт түрлі түс күнделікті өмірде өте көп кездеседі. Бұл түстерді атап айыра білуіміз керек. Бұл түстер мысалыға қызыл көйлек, көк алма, сары жапырақ деген сияқты атауларда кездеседі. Түрлі дидактикалық ойындар арқылы түстердің айырмашылығын, ерекшелігін ажырата білуге үйретеміз.


1.Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

- Сәлеметсіңдер ме балалар?

- Балаларды түгелдеу.

- Құрал-жабдықтарды дайындау.

- Балаларды ынталандыру, көңіл-күйлеріне назар аудару



Негізгі бөлім

«Сиқырлы қорап» ойыны
Балалар мен сендерге бүгін сиқырлы қорап алып келдім, онда түстер жасырынған, егерде сендер түстерді дұрыс тапсаңдар сендермен көңілді ойын ұйымдастырамын.
Педагог қораптан қызыл, жасыл, сары, көк шарларды шығарады балалар түстерін айтулары керек.

Әр сиқырлы сақиналардың астында тапсырма жасырынады. Балалар түстерді тауып сиқырлы сақинаның астында жасырынған тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма: Жұлдыз құрт

Мақсаты:түстерді тану. Нұсқау: Балаларға түрлі түсте бейнеленген жұлдыз құрт бейнесі көрсетіледі. Педагог балалараға түрлі түсті жұлдыз құртты көрсетеді, бала сол жұлдыз құрттың түсіне сай келген түске бояяйды. Солай түстерді есте сақтауына әсер етеді.

2-тапсырма Балықты түтікшемен жина
Мақсаты: түсті қабылдау және негізгі түстерді топтастыруға үйрету
Шарты:балықтарды түтікше арқылы үрлеп түстеріне қарай өз ыдыстарына салу

3-тапсырма.  Көлікті құрастыр
Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту, түстерді тану, құрастыруға баулу.
Нұсқау: Түстеріне байланысты әр көліктің бөлшектерін түстеріне қарай тауып жинау


4-тапсырма Сәйкестендір

Мақсаты: түстерді ажырату, табуға және оларды атауға үйрету.
Нұсқау: А4 парағына түстерді сәйкестендіріп өз қатарына жабыстырып шығу
Балалар сол түстерді тауып қатарына жабыстырады.

Сергіту сәті:


Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір демалып алайық.

Сабақты бекіту


5-тапсырма Түстерді өз қорабына жина

Нұсқау: төрт түсті қорапшалар: ақ, қызыл, сары, көк. Осы қорапшалардың әрқайсысының ішіне түстес пішіндерді тауып саламыз. Бұл жерде де ептілік пен жылдамдық қажет. Сол үшін балалар өте мұқият қарап түстерді шатаспай ажырата білуіміз керек.



6. Қорытынды:


Балалар бүгінгі сабақта төрт түсті ажыратуды үйрендік. Ойындар арқылы қай түс қай жерде кездесетінің білдік. Балалар бүгінгі танысқан төрт түсті қайталайықшы (қызыл, сары, ақ және көк).


Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?


Сабаққа қатысқан балаларға түстер әлемінің сыйлығы бар ( түрлі-түсті тәттілер сыйлау).


7. Үй тапсырмасы:


Суреттегі шарларды түрлі түске боя






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2025
54
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі