жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы Күз сыйы
Оқу іс –әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
|
МАД |
Тәрбиеші: |
Уақыты: |
Кабинет: |
||
|
Тақырыбы |
Күз сыйы |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Көкөніс пен жеміс-жидектерді бақта және бақшада өсетіні жайлы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, адам денсаулығына маңызы жөнінде білімдерін тереңдету. Күздің атауы «Жомарт күз» деп неліктен аталатынын түсіндіру, күзгі ерекшелігін, көрінісін бақылауға үйрету |
||||
|
Көрнекіліктер |
Үлестірмелі суреттер, плакат т.б |
||||
|
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті |
|||
|
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
|
Жолдарыңа үңіліп, Екі бақа жүгіріп, Секіреді, бақ-бақ, Ағаштарды аттап. Олар ерте тұрады, Беті-қолын жуады. Оңға-солға шайқалып, Бақылдайды ән салып. Судан шіркей табады, Өсіп үлкен болады. Бақ-бақ, нақ-нақ, Біздер айттық тақпақ. /Б.Бөрiбаев/ |
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. |
|||
|
Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ
|
«Сиқырлы жапырақ» жылуық шеңбер Мақсаты: Бір-біріне жылы, мейірімді сөзін, тілектерін білдіру. - Балалар менің қолымда не бар екен? - Жапырақ - Ол қайдан түсті? - Ағаштан саудырап түсті - Түсі, пішіні қандай екен? - Түсі- сары, пішіні сопақша - Қай ағаштың жапырағы екен? - Сыр талы - Бұл жапырақ жай жапырақ емес, сиқырлы…. ендеше осы жапырақты бір-бірімізге сыйлайықшы, мейірімді сөзімізді аямайықшы. Қуан! Шаттан! Алақай! Қаунатын келді күн! Қайырлы таң, қайырлы күн Күліп шықты күн де бүгін Сұрақ- жауап - Қазір жылдың қай мезгілі? - Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? - Күз мезгілінде бау- бақшада нелер піседі? - Күзді «Жомарт күз» деп неліктен айтып жүреміз? - Күзде адамдар қандай еңбек етеді? - Күз туралы не білесіңдер? Тақпақтарын жатқа айту. «Күз» мезгілі туралы балалардан жеке сұрау. Тәрбиеші түсіндірмесі - Мінеки, балалар, күз өте ерекше, жомарт, алтын, тамаша мезгілдің бірі екен. Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл, жасыл болса, аплқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады.жауын-шашын көбейеді, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді «Жомарт», «Алтын» деп атайды. «Жомарт» сөзі молдықты, дархандықты, мырзалықты білдіреді. Күз- жылдың берекелі мезгілі. (Күз мезгілі бойынша салынған суретті көрініс бойынша әңгімелеу) Күз сыйы Мына суретте күз мезгілі бейнеленген. Күз суық бірде ашық болып тұр. Ағашта жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Күзгі бақта қып – қызыл алмалар көп. Балалар күзгі баққа келді. Бағбан атай алмаларды жаздай егіп күзде піскен соң жинап, дүкендерге береді. Балалар атайға көмектесті. Олар ағаштың жоғарғы жағында піскен алманы сатымен мініп жинады. Жерге түскен алмаларды қыздар жәшікке салды. Алмалар доп – домалақ, қып- қызыл өте дәмді екен. Кірпі де өз ініне алманы тасып, қысқа азық дайындауда. Күз мезгілі адамдарға да, жануарларға да өзінің мол сыйымен бағалы. Сұрақ – жауап әдісі: - Суретте қай мезгіл бейнеленген ? - Ағаштан нелер сарғайып түсіп жатыр? - Алмалардың түсі мен пішіні қандай? - Бағбан атайға көмекке кімдер келді ? - Неліктен күзді жомарт дейміз ? - Күздің сыйлығы қандай екен ? |
Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. |
|||
|
Сергіту сәті |
Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. |
Оқушылар ойын ойнайды |
|||
|
Рефлексивті — түзетушілік |
«Жұмбақ жасыру» - Ал, мынау нелер? - Көкөністер. - Ендеше, жұмбақтар жасырамын, көкөкністің қай түрі екенін айтып, көрсетіңіздер? Жұмбақтар Үстінде тігін көк жатыр Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)
Аласа талда алуан-алуан алма Ал қызыл болмай аузына салма (қызанақ)
Қалын киімді үнатады Шешіндірсен жылатады. (пияз)
Жаздай інге тығылып Жатқан түлкі түлкіні Әкелді әкем бір күні Ол не? (сәбіз) - Енді, сәбіз бен қызанақты салыстырайықшы екеуіде көкөніс, бақшада өседі Сәбіз – сопақша, түсі қызғылт сары, қатты Қызанақ – домалақ, түсі- қып-қызыл, сырты-тегіс, жұмыр болады. Алма мен өрікті салыстыру. Алма-қатты домалақ, қызыл, жасыл түсті, ағашта өседі, үлкендеу. Өрік-домалақ, қара түсті, жұмсақ, ағашта өседі. Дидактикалық ойын. «Жеміс пе, көкөніс пе? » Мақсаты: Екі себеттегі жемістер мен көкөністер түрлерін ажыратып, бөліп салуға үйрету |
Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. |
|||
|
Күтілетін нәтиже: |
|||||
|
Білу |
Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. |
||||
|
Өзіне үйренгені |
Жаңа білімді түсінеді |
||||
|
Үйрену |
Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. |
||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген