Тақырыбы: «Lesson Study – тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Lesson Study – тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Lesson Study – тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 Фокус тобы

Тренер: Жанпеисова М.Г.

«БЕКІТЕМІН»

Ямышев ЖОББМ басшысы

Руководитель Ямышевской СОШ

_____ Б.Балгина



КОУЧИНГ (80 минуттық)


Тақырыбы: «Lesson Study – тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі»

Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

Барысы:


Уақыты

Коучинг кезеңдері

Іс-әкерет

Ресурс

10 мин




І. Ұйымдастыру кезеңі



Психологиялық треннинг

«Ашуды шығару» жаттығуы
Мақсаты:  Іштегі агрессияны шығару, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ортаға мұғалімдер топ-топпен тұрады. Жіпке тізілген стакандарды  үрлеу арқылы  мәреге жеткізу.
Жаттығуға қатысқан ұстаздардың ашуын шығаруы яғни әр түрлі деңгейде екендігі стакандарды мәреге қарай үрлеу барысында байқалды. Кері байланыс кезінде ұстаздар жеңілдеп қалғандарын айтты.



Пластикалық стакандар, жіп.




10 минут

Барысы

Топқа біріктіру «Шам жағу» әдісі бойынша 3 топқа бөлу.




Фонарик, жасырылған суреттер


5 минут

Кіріспе

Қызығушылықты ояту

Сыни тұрғыда ойлауға арналған суреттермен жұмыс

Мұғалімдерге сұрақтар қойылады.

Сұрақ: Егер сабақ барысында бір оқушы сөйлей беретін болса?

Сұрақ: Не көріп тұрсыздар?

Неліктен бала сабақ оқығысы келмейді?

Презентация 5-6 слайд

10 минут

Негізгі бөлім

Презентация «Lesson study» туралы түсінік

Проактивті мұғалім деген кім?

Пpoaктивті мұғалім – белсенді мұғалім – өзінің оқыту стилі бар мұғалім,
соның арқасында ол өзін және оқушыларды оқуға барынша тарта алады.
Оқу процесінде өз көзқарасын өзгерте алады, сол арқылы өз көзқарасына тоқталып қалмайды.

Эйзенхоуер матрицасымен жұмыс. Мұғалімдер мақсатқа жетудің тез жолдарын түсінеді. Күнделікті өмірдегі мағызды, мағызды емес, шұғыл және шұғыл емес істерін жоспарлайды.


Lesson Study туралы түсінік.

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Батыста Lesson Study америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.

10 минут

Топтық жұмыс

1-топ: «Мінсіз оқушы» постермен жұмыс

2-топ: «Мінсіз мұғалім» презентация жасайды

3-топ: «Мінсіз сабақ» «Lesson study» біздің мектебімізде жүргізу керек пе? Қандай сыныптарда?

Тұжырым: «Lesson study» біздің мектебімізде жүргізу керек пе? Қандай сыныптарда?

Шешім: «Lesson study» біздің мектебімізде жүргізу керек деп шешілді.

Топтар бір-бірін бағалайды, кері байланыстарын жүргізеді

10 минут

Зерттеу жұмысын анықтау


Топтық жұмыс: Зерттеу тақырыбын анықтау, есеп жазу үлгілері












15 мин






2-бөлім






Миға шабуыл Видеоролик


Lesson Study шығу тарихы 7-мин

Lesson Study жайлы мағлұмат беру

Топтық жұмыс 15-мин


1-топ: 1-3 бөлімдерін қарастырады

2-топ: 4-6 бөлімдерін қарастырады

3-топ: 7-9 бөлімдерін қарастырады


https://youtu.be/TkkPrDC2ZLY?si=QSAwVu0HTjBZeUc6


Пид Дадлидің нұсқаулығы

10 минут

Рефлексия

Рефлексия - кері қарай бұрылу, яғни адамның өз әрекеттерінің, ойларының басына бірнеше мәрте бұрылу қабілеттілігі, сырттан бақылаушының орнына тұра білу, өзіңнің не істеп жатқаныңды, қалай танып-білетініңді, оның ішінде өзіңді қалай танып-білетініңді ойлана білу. Басқаша айтар болсақ, рефлексия – бұл субъектілерді қосарлана, айнадағыдай өзара көрсету механизмі. 

Рисунок 38 Рисунок 39

Кері байланыс парақтары




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2023
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі