Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Марғау қыс мезгіліне қалай таңғалды?» (Әңгіме құрау). Ортаңғы топ 3-4 жас

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 08.12.2020

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Марғау қыс мезгіліне қалай таңғалды?» (Әңгіме құрау).

Мақсаты: балалардың қыс туралы түсінігін кеңейту, қысқы табиғаттағы әсемдікті көре білуге, сезінуге үйрету. Қысқы табиғат көріністері жайында әңгімелесу. Балаларға жұмбақ шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: марғау, қар, аппақ, қыс.

Билингвальды компонент: марғау-котенок, қыс-зима, қар-снег, аппақ-белый.

Оку қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-өозғаушылық

Сәлеметсізбе! Здраствуйте! Hello!

Шаттық шеңбері:

Ашық менің жүрегім,

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап, бір жүрер.

Достарым көп, білемін!

Үш тілде амандасады.



Шаттық шеңберін қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ:

Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды.

(Мысық)

Қонаққа жүні үлпілдеген марғау келеді.

Марғау- мысықтың баласы.

Қызық оқиға:

Бір күні марғау таңертең көзін ашып, керіліп, ұйқысынан оянады. Күндегі әдетінше далаға серуенге шықпақшы болады. Ол есіктен шыға бергенде аяғы аппақ, жұмсақ, суық нәрсеге тиеді. Ол қатты қорқып, таңғалып, үйге кіріп, төсектің астына тығылып қалады.

Сөздік жұмыс: марғау, қар, аппақ, қыс.

Билингвальды компонент: марғау-котенок, қыс-зима, қар-снег, аппақ-белый.

Балаларға сұрақ қою:

Балалар, марғау неден қорықты?

Ол даладан не көрді?

Қыста қар қандай болады?

Балалар, кәне, бәріміз көрсетейікші боран қалай ұйытқып соғады?

Сергіту сәті:

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.

Дидактикалық ойын № 4 (78) «Мұздатамын» ойыны

Мақсаты: ептілікке, щапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу,

Шарты: Балалар тәрбиешінің нұсқауымен дене мүшелерін (аяқ, қол, бет, мұрын) суықтан сақтау. Тәрбиеші қолындағы таяқшасын балалардың дене мүшелеріне жақындатып, мұздатамын десе, балалар тез арада дене мүшелерін жасыра қояды. Ойын осылай жалғастырылады.

Жұмбақты шешеді.











Оқиғаны тыңдайды.













Қайталайды.



Қайталайды.



Жауап береді.









Қимылдар жасайды.





Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардан сурет бойынша сұрақ-жауап алып, оқу қызметін қорытындылайды.

Қардың түсі қандай?

Балалар не істеп жүр?

Қыста қалай киінеді?

Сендер қалай киінесіңдер?

Өз аулаларыңда немен ойнайсыңдар?

Балаларды мадақтау.


Суреттерге қарап жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: қысқы табиғатты сипаттауға берілген тапсырмаларды;

Түсінеді: сөйлем құрау үшін сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай байланыстыру керектігін;

Қолданады: дыбыстарды дұрыс айта білу іскерліктерін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12