Тақырыбы: "Математика еліне саяхат" даярлық тобы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Математика еліне саяхат" даярлық тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды тобына арналған .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: Математика еліне саяхат

Мақсаты: Балалармен сандарды тура, кері санап, сандардың құрамын дұрыс ажыратып айтуды, қарама - қарсы сөздер айтуды пысықтау. Тәулік мезгілдері жайлы апта күндері жайлы ұғымдарын пысықтау. Геометриялық пішіндерді қайталау. Сабақты ұйымдастыру түрлерін, әдіс - тәсілдерін, жаңаша технологиялар қолдану. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: сандарды ретімен қоюға, геометриялық пішіндерді, ажырата білуге, айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету. Кеңістікті бағдарлауға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту технологиясы, Дьенеш технологиясы.

Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақ жауап.

Билингвалдық компонент: бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three,төрт-четыре-four, бес-пять-five

Көрнекіліктер: суреттер, таспаға жазылған дауыс, видео,

Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар біз қазір қызықты ойын ойнаймыз «Сандардың көршісін тап» ойынын ойнаймыз. Мен кез келген балаға допты лақтырамын және бір санды атаймын, сол допты ұстаған бала, аталған санның көршісін атайды.

М: 5 (көршісі 4 және 6)

Үн таспадан дауыс шығады. (сандардың таласқан дауысы)

- Балалар дуысты естідіңдер ме?

-Сандар таласып жатыр, сандар өз реттік орындарын білмей жатыр, біз оларға көмектесейік пе?

- Міне тақтада сандар шашылып тұр, біз оларды рет-ретімен қояйық.

(балалар сандарды ретімен қойып шығады)

- Жарайсыңдар балалар! Сандарды дұрыс ретімен қойып шықтыңдар. Ал енді ағылшын тілінде 1-ден 10-ға дейін тура санайық.

- Ал енді қазақша 20-дан 1-ге дейін кері санайық

- Орыс тілінде 1-ден 10-ға дейін тура санайық.


Дауыс шығады: Математика ханшайымы

- Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен Математика ханшайымын, сендердің арқаларында сандар рет ретімен орналасты, сандар әлемі сендерге риза.

Балалар сендердің тағыда көмектерін қажет болып тұр . Математика сарайыннан пішіндер, сандар, сандар құрамы жоғалып кетті. Математика еліне оларды қайтару үшін сендердің көмектерін қажет. Ол үшін топтарынан сиқырлы сиқырлы жіпті табу қажет. сол жіптің соңынан ере берсеңдер әр түрлі тапсырмалар кезіктіресіңдер. Сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар математика еліне бәрі оралады.

Балалар жіпті іздейді. Жіпті табады, жіпті алады, оны орап отырып, тапсырмаларды орындайды.

Ал, балалар жіпті орай отырып, жүріп отырайық.

  1. Тапсырма . Балалар екі пішіннің атауын атаймын және түстерін атаймын, сол пішіндердің ортасында қандай пішін жінә түсі қандай екенін айту қажет.

  2. Тапсырма . Дьенеш блогы . Тірек сызбаға қарап балалар пішінді табады.

  1. Пішіндердің ішінен тек қана дөңгелектерді жинайды.

  2. Дөңгелектің ішінен тек қызыл түсті алып қалады.

  3. Қызыл түсті дөігелектің ішінен тек кішкентай пішіндерді қалдырасыңдар.

  4. Кішкентай қызыл түсті дөңгелектің ішінен тек жуан дөңгелекті табасыңдар


Келесі тірексызбаны сызбаға қарап орындайды.

Сергіту сәті

Орнымаздан тұрайық

Қолды белге қояйық

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Бір отырып

Бір тұрып

Бой сергітіп алайық

- Сыйқырлы жіпті тағы орай отырып, соңынан жіріп отырайық.

  1. Тапсырма

Кеңістікті бағдарлау.

Алдарында торкөз сызылған кесте жатыр, сол торкөздің ортасына дөңгелекті орналастырыңдар, жоғарғы жағына төртбұрыштыны қойыңдар, дөңгелектің оң жағына үшбұрышты қойыңдар. Сол жағына сопақшаны қойыңдар. Міне балалар бұл тапсырманыда орындап болдық, сыйқырлы жіпті тағы орай отып, соңынан жіріп отырайық.


4.Тапсырма . Логикалық сұрақтар

Кемпірқосақтың неше түсі болады?

Бағдаршамда неше көз бар?

Жұлдыздардың неше бұрышы бар?

Аспанда неше күн бар?

Бір жылда неше ай бар?

Тордың ішінде үш қоян отыр, неше құлақ болады?

Адамда қанша саусақ бар?

Екі аюда неше табан бар?


5.Тапсырма .Сан құрамы

1-топ

5-ке нешені қосқанда 6 болады?



2 - топ

<, >, = таңбасын қой.


3 8 6 2

4 1 5 7

10 10 20 20

12 10 11 9




6.Тапсырма. Уақыт

- Балалар бір жылда неше ай бар?

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

- Бір аптада неше күн бар?

- Апта күндерін атайықшы?

(дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)


- Сендер балабақшаға неше күн келесіңдер?

- Балабақшаға сендер сағат нешеде келесіңдер?

Жауабын алдарында тұрған сағаттың тілін өздерін фламастермен саласыңдар.

- Балабақшада сендер нешеде тамақ ішесіңдер?

- Балабақшада ұйқыдан сендер нешеде тұрасыңдар?

Дауыс шығады.

Рахмет балалар, көмектескендерің үшін, мен өте қуаныштымын! Сендер тапсырмаларды дұрыс орындап шықтыңдар. Математика сарайына түгелі оралды, осы сиқырлы жіпті сіздерге сыйлаймын.

Рефлексия.

- Балалар сендерге қай тапсырманы орындаған ұнады? Мен қай балаға сыйқырлы жіпті лақтырамын, ұстап алған бала айтады.

Қорытынды

- Бүгін біз математика оқу іс- әретінде кімге көмектестік?

- Нелер таласты, орындарын таба алмай?

- Қандай тапсырмалар орындадық?







































Павлодар қаласының әкімдігі

«Павлодар қаласы білім беру бөлімі»

«Павлодар қаласының № 30 сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын





Ашық сабақ

Даярлық «А» тобы

Тақырыбы: Математика еліне саяхат















Тәрбиеші: Ш.С. Балташева





2018-2019 о.ж.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
956
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі