Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы Мен және менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты Тақырыпты зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге ынталарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  бойынша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру.


Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру






Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болындар, балалар,

Келгенше жыл айналып


Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ










Қане, балалар қолымдағы тұрған күнді біз мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

ІІ. Өткенге шолу

1-бұлт

-          Бір жылда неше мезгіл бар?

-          Бір мезгілде қанша ай болады?

2-бұлт

-          Күз мезгілінің айларын кім айтады?

-          Алтын күздің ерекшеліктері неде?

-          Кім күз туралы өлең біледі

3-бұлт

-          Қыс мезгілінде қандай айлар бар?

-          Қыста табиғат қалай өзгереді

-          Кім қыс туралы өлең айтады?

4-бұлт

-          Көктемнің айларын атап шығыңдар

-          Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-          Кім көктем туралы өлең біледі?

5-бұлт

-          Жаз мегіліне қандай айлар жатады?

-          Жазда нелер піседі?

-          Кім күз туралы өлең айтады?

ІІІ. Күн ашылды

Күлімде, күн күлімде!

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың қызыл гүліндей,

Қолдарына ту алсын!

Осы жарқыраған күн мейірімін, жан шуағын төксе, адамгершілікті, мейірімділікті, жылы сөздерді кімнен аласыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар балалар  анадан, әкеден, атадан, әжеден, ағадан...

Олай болса, балалар, бүгін біз «Мен және менің отбасым» тақырыбында әңгімелейміз.

Суреттегі  отбасы мүшелерін ата?

Кімнің немен айналысып жүргенін айтып бер?

Ой шақыру. Күн шуғын толтыру

 «Туыстық атаулар» атты бейне көріністі тамашалау Балалар, бүгін біз ата- аналарымыз, туыстарымыз, бауырларымыз  жайлы айтамыз. Ешкім де туысқан – туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да, адамнан  тараған, сонысымен ол көп жапырақты, көп  тамырлы  ағашқа  ұқсайды. Туыстар  дегеніміз – сол  бір  түбірден өскен, бір  ағаштың  бұтақтары тәрізді. Сол  себептен біздің ата- бабаларымыз « Туысым – түп  тамырым » деп  бекер айтпаған.


Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

Сенің отбасында қанша адам бар?

Санап санын жаз?

Б.Серікбаевтің Мен –апамның ай мен күні өлеңін оқу

Апам мені: «Айым!» — дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Апам мен: «Күнім!» — дейді,                                      Мен қуансам, күлімдейді

Сендерді үйлеріңде атаң, әжең,әкең, анаң ,  тәтең, қалай еркелетеді?

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12