Материалдар / ТАҚЫРЫБЫ: МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЕРТЕГІМ

ТАҚЫРЫБЫ: МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЕРТЕГІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ертегілерді насихаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
1317
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЕРТЕГІМ

Мақсаты: Мектеп оқушыларына өздерінің сүйіп оқитын ертегі кітаптары мектеп оқулықтары қалай пайда болатындығын түсіндіру, оқулықты ұқыпты ұстауға баулу.Сабақ барысы: Құрметті оқушылар , мен бүгін сендерге «Бауырсақ» ертегісін оқып бергім келіп отыр. Балалар ертеде бір шал мен кемпір болыпты . Бір күні шал кемпіріне : - Маған бауырсақ пісіріп берші, - дейді.Кемпір ұн қоймасын қырып, қамбаны сыпырып қос уыс ұн жинады.Қамыр илеп, бауырсақ етіп кесіп, майға қуырып пісіреді де, суысын деп терезе алдына қойды. Бауырсақ жатып-жатып, бір кезде есік алдынан қақпа сыртына шығып, ары қарай домалай жөнеледі. Жолда келе жатса, алдынан қоян шыға келеді:- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!-Мені жей көрмеші, мен саған өлең айтып берейін: Қоймадан көзге шалынған, қораптан қырып алынған,қаймаққа шылап малынған,майға да әбден бөктірген,көзіне күннің кептірген, мен-бауырсақпын, тегім –нан. Атамнан қашып құтылдым, апамнан қашып құтылдым,сенен де ,қоян-күлегеш,құтылу маған түк емес!- деп ары қарай жол бойымен домалай жөнеледі. Келе жатса, алдынан қасқыр шыға келеді: Бауырсақ,бауырсақ,мен сені жеймін! -Жоқ,сұр қасқыр,оданда өлең тыңдашы:- Қоймадан көзге шалынған, қораптан қырып алынған,қаймаққа шылап малынған,майға да әбден бөктірген,көзіне күннің кептірген, мен-бауырсақпын, тегім –нан. Атамнан қашып құтылдым, апамнан қашып құтылдым,қояннан қашып құтылғам,сөз емес қасқыр сықылды аң!- деп ары қарай жол бойымен домалай жөнеледі.Келе жатса алдынан аю шыға келеді: -Бауырсақ,бауырсақ,мен сені жеймін! – Сен маймаққа мені жеу қайда! Қоймадан көзге шалынған, қораптан қырып алынған,қаймаққа шылап малынған,майға да әбден бөктірген,көзіне күннің кептірген, мен-бауырсақпын, тегім –нан. Атамнан қашып құтылдым, апамнан қашып құтылдым,қояннан қашып құтылғам, қасқырдан қашып құтылғам сөз емес аю сықылды аң!- деп ары қарай жол бойымен домалай жөнеледі.Келе жатса алдынан түлкі шыға келеді. Бауырсақ оған да өзінің өлеңін айтып береді. Ал түлкі болса: - Ой өлең қандай жақсы , бірақ мен өте нашар естимін ғой. Бауырсақ, бауырсақ менің тілімнің ұшына отыр да тағы бір рет қаттырақ айтып берші,-дейді түлкі. Ал аңқау бауырсақ түлкінің бұл сөзіне сеніп. түлкінің тілінің ұшына отырған кезде түлкі болса «Ап »деп бір-ақ асап жеп қойды. Міне атасы мен әжесінен қашқан бауырсақ қу түлкіге жем болды.- Балалар ертегі қандай қызық екен ? –Балалар сендер осы ертегіні кітап етіп шығару үшін қаншалықты көп жұмыс жасалатынын білесіңдер ме? Бірінші кітап шығару үшін қағаз керек. Ол қағазды біз қайдан аламыз?- Қане кім біледі? –Қағазды ағаштардан жасаймыз. Ағаштарды кесіп ,оны өңдеп үлкен-үлкен заводтарда қағаз етіп шығарады. Ол үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Ал қағаз да дайын болған кезде, оның бетін әр түрлі жазулар , ертегілер , суреттер салып әдемі етіп сәндеу де көп еңбекті қажет етеді. Бетіне суреттер салып , ертегілер жазып, оларды кітапша етіп қырқып ,парақтарын желімдеп .сендер сүйіп оқитын ертегі кітап осылай дайын болады. Міне көрдіңдер ме , сендердің жарқын болашақтарың үшін, білім алып оқуларың үшін көптеген адамдар еңбек етіп жатыр . Сондықтан кітапты сызбай, мұқабасын қайтармай, кітап бетіндегі әр бір сөздерді,суреттерді ручкамен боямай ,таза ұқыпты ұстау керек! Сендерден кейін де бұл кітапты басқа балалар оқиды, олар да білім алады. Келістік пе, кітаптың шығу тарихы өте қиын екен, сендер үлкен азамат болған кезде кітаптар шығаратын заводтарда жұмыс жасап бұған көз жеткізе аласыңдар!Назар қойып тыңдағандарыңа рахмет!























ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫШАРДАРА АУДАНЫ«ҚОССЕЙІТ» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ







ТАҚЫРЫБЫ: МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЕРТЕГІМКІТАПТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫН БАСТАУЫШ ТОП ОҚЫРМАНДАРЫНА НАСИХАТ ЕТУ









ДАЙЫНДАҒАН МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫСЫ: К.БЕСБАЕВА.















2017- 2018 ОҚУ ЖЫЛЫ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ