400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Тақырыбы: Міржақып Дулатов

Материал туралы қысқаша түсінік
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының қыр-сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Өлеңдерін мәнерлеп оқып мазмұнын талдау, «Бақытсыз Жамал» романын ашу;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы –

Нуржанова Гульзада Амангельдиевна

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тобы: Г-212, 0516000 «Қаржы»

Тақырыбы: Міржақып Дулатов

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының

қыр-сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Өлеңдерін мәнерлеп

оқып мазмұнын талдау, «Бақытсыз Жамал» романын ашу;

дамытушылық: оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы ойлауы

мен жазуын дамыту,

тәрбиелік: М.Дулатов ағалары сияқты патриоттық тәрбие беру,

еліне,жұртына адал еңбек жасауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойлау мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд материалдары


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

  1. С.Көбеевтің өмірбаянын баяндау

  2. Өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу

  3. «Қалың мал» романын баяндау

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Жаңа сабақ

Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кесте арқылы түсіндіру.

№

Жылдар

Өмір жолы

Шығармашылығы

1.

1885 ж. 25- қараша

Қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келген


2.

1897-1902 ж.ж.

Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.


3.

1905-1907 ж.ж.

Бала оқытады.

«Серке» газетінде «Жастарға» өлеңі басылады

4.

1909 ж.

Қызылжарда тілмаштық қызмет атқарады.

«Оян, қазақ!» жинағы Уфада жарық көреді

5.

1910 ж.

«Қазақ» газетін А.Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады

«Бақытсыз Жамал» қазақша тұңғыш роман

6.

1911 ж.маусым

Семейге келгенде тұтқындалып, 19 ай қамауды отырады.


7.

1913-1918 ж.ж.

«Қазақ» ғазетінде жауапты хатшы қызметін атқарады, А.Байтұрсыновпен бірге еңбек етті.

1913ж. Орынборда «Азамат» өлеңдер жинағы; 1915ж. «Терме» деген әдеби-публицистикалық кітабы шығады.

8.

1917-1919 ж.ж.

«Алаш» партиясының көрнекті жетекшілерінің бірі болады.


9.

1922-1926 ж.ж.

Орынборда интернат оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада баспасөзде қызмет атқарады.

«Есеп құралы», «Қирағат кітабы» атты еңбектері шығады

10.

1928 ж.

Қамауға алынады.


11.

1930 ж.

Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл абақтыға ауыстырылады.


12.

1935 ж. 5 қазанда

Ақтеңіз-Балтық каналы бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс болады.


13.

1988 ж. 27 қазан

Қазақ ССР прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады


14.

1992 ж.

Торғай өңірінде өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.



  1. Міржақып Дулатов туралы деректі фильм көру


  1. Мәнерлеп оқу «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу, талдау.


  1. «Бақытсыз Жамал» романы - өз кезіндегі заман көрінісінен көп жағдайды аңғартар туынды. Тұңғыш роман ретіндегі маңызымен қатар  салт-дәстүрге байланысты да оқушыларға мол мағұлымат береді.



1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтіннен үзінділердің көшірмелері таратылып, әр оқушыға үзіндінің тілін талдау, мазмұнымен қысқаша таныстыру тапсырылады.

2-тапсырма. Қысқа да нұсқа, шешен де шебер сөйлеу. Әр оқушының жауабы тыңдалады.

3-тапсырма.Сөздікпенжұмыс.

•               Ерулік-жаңакөшіпкелгенүйдіқонаққашақыру.

•               Лаубайлату-атдайындау.

•               Әмеңгер-«ағаөлсе, інімұра».

•               Күндестік-бәйбіше мен тоқалдардыңбірін-бірікөреалмауы.

•               Ұрынкеліпқалыңдықойнау-күйеудіңтойдыңалдындақалындыққакелуі.

•               Сүйексындыру-ата-анасынұятқақалдыру. Салт-дәстүргебайланысты осы сөздерромандақайоқиғағабайланыстыкездеседі?



4-тапсырма.Жоспарменжұмыс.

1. Ел жағдайы, заманкөрінісі.

2. Сәрсенбайдыңбірперзенткезарболып, ЖарасбаймолданыңқызыШолпандыайттыруы.

3. Жамалдыңдүниегекелуі, еркеөсуі, оқуы.

4. Сәрсенбайдыңелдіңсөзінееріп, биліккеталасқатүсуі.

5. БилікүшінБайжанменқұдаласуы.

6. ЖамалдыңБайжанныңбаласыЖұмандыұнатпауы, қайғыруы.

7. Жамал мен Ғалидыңбірін-бірісүюі, көңілқосуы.

8. ҒалидыңЖамалдыалыпқашуы.

9. Ғалидыңкенеттенауырып, қайтысболуы.

10. ЖамалдыңеріксізЖұманғатиюі, бақытсызөмірі.

11.Жамалдың Жұманныңқорлығынашыдамай, қалағақашпақболып, борандытүндеүсіпөлуі.

5-тапсырма.Кейіпкерлергемінездеме. Әроқушыөзіоқығанүзіндідекездескенкейіпкергемінездемебереді. Бірін-бірітолықтырады.

Жамал - ақылды, көрікті, зерек, ақынжандықыз, ескіше хат таниды. ОныңҒалименқашыпкетуі, Жұманныңқорлығынашыдамайқалағакетугеәрекетжасауы–оныңерекшемінез-құлқынбілдіреді.

 Ғали - орта бойлы, мінезісыпайы, әдепті, талапты, уәдесінеберік, білімдіжігіт. Саудаменайналысады, Жамалдыңтеңі, екеуібірін –біріұнатып, бірін-бірісүйгенсоңЖамалдыалыпқашады. Кенеттенауырыпқайтысболады.

Сәрсенбай - Жамалдыңәкесі, момын, мал баққанмалдыадам, «өзбасындаеркіжоқ, әркімніңқыздырматілінеергенадам».

Жұман-ақылсыз, шаруағақырыжоқ, ынжықтығынанқұрбыарасындакүлкіболған, мейірімсіз, қайырымсыз, жалғаннамысқой бай баласы.

 Байжан - өтекүрделі образ, қайырымсыз, кекшіл, намысқой, ескісалттыңқорғаушысы, барымташы, жалғанжалақор, пәлеқорадам.

6-тапсырма. Романдағымақал-мәтелдерменжұмыс.

•               Мал бітпесжігітболмас, құрарынақара,

Ұл таппас әйел болмас, тұрарына қара.

•               Анасын көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

•               Ата даңқымен қыз өтеді,

Мата даңқымен бөз өтеді.

•               Ұрғашыныңшашыұзын, ақылықысқа.

•               Қашқанжауғақатын ер.

•               Біркөргенбіліс, екікөргентаныс.

•               Талаптыергенұржауар.

Бұлмақалдардыжазушықандаймақсатпенқолданған? Қайкейіпкерлерініңаузынасалады?

7-тапсырма. Көпнүктеніңорнынасалт –дәстүргебайланыстысөздіңлайығынқой.

   Қыстайбір - бірінеараласпағанағайындарсағынысып, қашаннанастас, тойласболғанғадеттеріншебірауылдыбірауыл ... шақырабастады.

    Молдаопатболғансоң, қатынынбіржақынкедей ... алып, әлгіекіжетім бала соныңқолынашыққанеді.

      ҚалампырһәруақытШолпанды ... сөзімен де, қолымен де ренжітіпжүрді.

     «Байжан мен Сәрсенбайдыңарасындағыуағдаларыболып, ендібір айда Жұманкүйеу ...»-дегенөсекрасқашықты.

(Керектісөздер: әмеңгері, күндестікпен, ерулікке, ұрынкеліпқалыңдықойнайды)

ІV. Бекіту

Міржақып Дулатовтың шығармашылығы бойынша тест тапсырмасын құрастыру. Тест 10 сұрақтан, 2-3 дұрыс жауап болу керек.


Ү. Бағалау

Оқушылар бірін-бірін бағалау



ҮІ. Үйге тапсырма М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы, өлеңді жаттау.«Бақытсыз Жамал» романы бойынша шығармы жазып келу







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі