Материалдар / Тақырыбы: «Музыкалық білім жүйесімен таныстыру, қол қойылымдарының заңдылығы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: «Музыкалық білім жүйесімен таныстыру, қол қойылымдарының заңдылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық білім сауаты арқылы күйсандықты тартып үйрену тәсілі - ең күрделі де, қиындығы мол жұмыс. Бұл пәннің негізгі мазмұны оқушыға аспапты үйрету уақыттарындағы әдіс – амалдардың іске асыруына қажет білімнің қыр – сырлары енген. Өз бетімен ойлау қабілетін, аспапта ойнап үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2019
268
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Музыкалық білім жүйесімен таныстыру, қол қойылымдарының заңдылығы»Музыкалық білім сауаты арқылы күйсандықты тартып үйрену тәсілі - ең күрделі де, қиындығы мол жұмыс. Бұл пәннің негізгі мазмұны оқушыға аспапты үйрету уақыттарындағы әдіс – амалдардың іске асыруына қажет білімнің қыр – сырлары енген. Өз бетімен ойлау қабілетін, аспапта ойнап үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге баулу. Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін емес, мұғалім музыкалық шығармаларды оқушыға үйрету үшін ең алдымен ол шығармаларды өзі жан – жақты білуі керек. Демек, музыкалық шығармаларды үйрету үшін оқушыға әр – бір шығарманы талдап, оның есінде сақталатындай дәрежеде қарапайым тілмен түсіндіре білуі қажет. Музыкалық шығармаларды үйретудің бірінеше жолдары бар,оны түрлі сатыға бөлуге болады.Шығарманы алғаш үйреткенде, оқушыға басынан аяғына дейін бір орындап шығу қажет. Мұның үлкен мәні бар. Алғашқы ойын арқылы оқушыға шығарманынң жалпы мінезі, көркемдік суреті айтарлықтай әсер етеді. Бала жаңа шығарманы басынан аяғына дейін ойнап, танысқаннан кейін, мұғалім енді шығарманы жәй ойнатып талдауға кіріседі. Шығарманың қиын жерілеріне тоқьалып, оқушыға оның игеру жолдарын түсіндіріп, музыкалық құрылысы, ырғағы, мелодиялық ерекшелігі жайлы әңгімелеп таныстырады. Ноталарды дұрыс үйрену керек дегенде шығарманың гармониялық фактурасын, динамикалық ерекшеліктерін шығарманы алғашқы үйрену мерзімінен бастап – ақ түсініп ойнауға тырысу керек деген ұғым айтылып отыр. Сондықтан оқушының шығарманы дұрыс түсініп, ырғағы мен мелодиясын бұзбай ойнауын мейлінше қадағалау - үйретушінің жауапты міндеті. Музыкалық шығармалардың мазмұнын,көркемдік дәрежесін түсіндіру – оның ішкі сырын көңіл – күйі арқылы сезу, беріле орындау деген сөз. Шығарма мазмұны түсінікті болып, музыкалық образы оқушы санасына ой салғанда ғана, орындаушы шығарманы сүйсініп ойнайтын болады. Ондай шығармалар оқушының тек сүйікті шығармасы болуымен бірге, оның музыкалық шеберлігінің өсуіне,музыкалық сана сезімінін жетеіліп, дамуына зор мүмкіншілік туғызатыны айқын. Күйсандықта кез – келген шығарманың мінезін, көркемдік суретін, мазмұнын жоғары деңгейде орындау - қол қойылымына, екі қолдың бір – біріне сәйкес келуіне байланысты. Бірақ, біз шығарманы орындау барысында тек қана қол қойылымымен шектелмейміз, бұған қатарлас көп нәрсені ескеріп отыруымыз керек. Мысалы : оқушының отырысы, аппликатура, ырғағы, есту,есте сақтау қабілеті т.с.с. Қойылым дегеніміз – музыка аспабын тарту негізінде орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып орналасуы. Аппликатура - музыка аспабын тартқан кезде саусақтардың орналасу, алмасу тәртібі..Шығармаларды ойнау кезінде,оның дұрыс әсерлі шығуы, саусақ қойлымының дұрыс алынуында оны, аппликатура деп атайды. Аппликатурада саусақ цифрмен таңбаланады.Ырғақ сезімін дамыту тәрбилеу - балалармен жұмыстағы жауапты және маңызды мәселе. Ойнау барысында саусақтар ыңғайсыз болса,шығарманың көркем ,өнерлі орындаулы мүмкін емес. Саусақтардың ыңғайлы,реттік қозғалуы сенімділікті нақтылықты мықты есте сақтауды қаматамасыз етеді. Ол үшін үйрену кезеңінің басында орындаушыға оқушыға алғашқы жаттығулар мен шығармаларды, саусақтарды өз еркімен таңдап орынды пайдалана білуге үйрету мәселесіне аса назар аудару керек. Ең алдымен оң қол қойылымының дұрыстығына көз жеткізу керек. Саусақтардың қызметіне қарай ыңғайлы әрі икемді қимылдаған білезік, шығарманың ойдағыдай орындалуына мол ықпалын тигізеді. Кейбір шығармаларда әуеніміз сол қолда болса, сол қол оң қолға қарағанда әлсіздеу, сол себепті сол қолмен бірнеше рет ойнатып жұмыстану керек. Гаммалар мен арпеджиолар оқушының орындаушылық техникасын арттырады. Олар әртүрлі тональдікте әр түрлі аппликатурада орындауда беріледі. Онда аккорд, арпеджиолардың неше түрлісімен ойналады және хроматикалық гаммаларды да көршілес ноталардың арақашықтығы жарты тон болып келетін дыбыстар тізбегі. Негізгі мақсатымыз – қол қойылымдарының заңдылықтарын меңгеру болғандықтан жоғарыда айтылған және сол сияқты басқа да жаңаша заңдылықтарды оқушыға айтып, түсіндіріп, көрсетіп,үйретіп отыру - тікелей мұғалімнің басты міндеттері деп есептеймін.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!