Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Математика
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық.
Мақсаты: Балалардың математика сабағына деген қызығушылықтарын
арттыру, берілген тапсырманы ынтамен дұрыс орындауға үйрету. Тура
және кері санауды одан әрі дамыту, ой - өрісін кеңейту. Үшбұрышты
әртүрлі пішіндердің ішінен табуға дағдыландыру. Тәрбиешіні мұқият
тыңдап, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жалпақ үйшіктің суреті, бірден беске дейінгі сандар
белгісі, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар(ұсақ
сандар, геометриялық пішіндер).
Әдіс - тәсілдері: Жаңа технология «Дьенеш» блогы
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыстың неше айы бар? Қалай
аталады? Қазір қай айы? Ол нешінші ай? Бір аптада неше күн бар?
Қалай аталады?
- Балалар, бүгін біз ертегі әлеміне барамыз. Алаңқайда бір үйшік
тұр, үйшікке қарай 1 саны келеді, есікті қағады. «Тоқ - тоқ,
үйшікте кім бар?». Ешкім жауап бермейді. Есікте үйшікке кіру үшін,
тапсырманы орындау керек деген хабарлама жазылған.
1 - ші тапсырма: 5 - ке дейін тура және кері санау.
1 саны тапсырманы орындайды.
Ойын: «Қай санды жасырдым?»
1 - ден 5 - ке дейінгі санның біреуін жасыру.
- Алаңқайдағы үйшікке 2 саны келеді, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(1 саны жауап береді).
- Үйшікте мен, 1 саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орындасаң ғана, үйшікке кіресің. Алдымен
геометриялық пішіндерді ата.(2 саны тапсырманы орындайды).
Ойын: «Не өзгерді?»
Пішіндердің орындарын ауыстырып қою.
- Алаңқайдағы үйшікке 3 саны келеді, есікті қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(2 саны жауап береді).
- Үйшікте мен, 2 саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орындасаң, үйшікке кіресің.
Логикалық есеп: «Нешеу?».
1) 5 қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Қанша қонжық кетті алда? (4).
2) Менде болды 3 алма,
Бердім досыма 1 алма.
Қалды сонда неше алма?(2)
3) Тарелкада 4 алмұрт,
Батыр алды біреуін.
Қалды сонда неше алмұрт(3)
- Алаңқайдағы үйшікке 4 саны келіп, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(3 саны жауап береді).
- Үйшікте мен үш саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орыңдасаң үйшікке кіресің.(Сергіту).
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық
- Алаңқайдағы үйшікке 5 саны келіп, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар? (4саны жауап береді).
- Мені кіргізші?!
- Мынандай тапсырманы орындасаң үйшікке кіресің.
- Балалар, үстелдің үстіндегі заттарымен жұмыс жасаймыз
Ақ қағаздың оң жағына үй, сол жағына шыршаны құрастырып, күнді және
ақ бұлтты орналастырыңдар.(Балалар тапсырманы
орындайды).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: "Ойнайық та, ойлайық!"
Тақырыбы: "Ойнайық та, ойлайық!"
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Математика
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық.
Мақсаты: Балалардың математика сабағына деген қызығушылықтарын
арттыру, берілген тапсырманы ынтамен дұрыс орындауға үйрету. Тура
және кері санауды одан әрі дамыту, ой - өрісін кеңейту. Үшбұрышты
әртүрлі пішіндердің ішінен табуға дағдыландыру. Тәрбиешіні мұқият
тыңдап, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жалпақ үйшіктің суреті, бірден беске дейінгі сандар
белгісі, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар(ұсақ
сандар, геометриялық пішіндер).
Әдіс - тәсілдері: Жаңа технология «Дьенеш» блогы
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыстың неше айы бар? Қалай
аталады? Қазір қай айы? Ол нешінші ай? Бір аптада неше күн бар?
Қалай аталады?
- Балалар, бүгін біз ертегі әлеміне барамыз. Алаңқайда бір үйшік
тұр, үйшікке қарай 1 саны келеді, есікті қағады. «Тоқ - тоқ,
үйшікте кім бар?». Ешкім жауап бермейді. Есікте үйшікке кіру үшін,
тапсырманы орындау керек деген хабарлама жазылған.
1 - ші тапсырма: 5 - ке дейін тура және кері санау.
1 саны тапсырманы орындайды.
Ойын: «Қай санды жасырдым?»
1 - ден 5 - ке дейінгі санның біреуін жасыру.
- Алаңқайдағы үйшікке 2 саны келеді, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(1 саны жауап береді).
- Үйшікте мен, 1 саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орындасаң ғана, үйшікке кіресің. Алдымен
геометриялық пішіндерді ата.(2 саны тапсырманы орындайды).
Ойын: «Не өзгерді?»
Пішіндердің орындарын ауыстырып қою.
- Алаңқайдағы үйшікке 3 саны келеді, есікті қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(2 саны жауап береді).
- Үйшікте мен, 2 саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орындасаң, үйшікке кіресің.
Логикалық есеп: «Нешеу?».
1) 5 қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Қанша қонжық кетті алда? (4).
2) Менде болды 3 алма,
Бердім досыма 1 алма.
Қалды сонда неше алма?(2)
3) Тарелкада 4 алмұрт,
Батыр алды біреуін.
Қалды сонда неше алмұрт(3)
- Алаңқайдағы үйшікке 4 саны келіп, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(3 саны жауап береді).
- Үйшікте мен үш саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орыңдасаң үйшікке кіресің.(Сергіту).
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық
- Алаңқайдағы үйшікке 5 саны келіп, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар? (4саны жауап береді).
- Мені кіргізші?!
- Мынандай тапсырманы орындасаң үйшікке кіресің.
- Балалар, үстелдің үстіндегі заттарымен жұмыс жасаймыз
Ақ қағаздың оң жағына үй, сол жағына шыршаны құрастырып, күнді және
ақ бұлтты орналастырыңдар.(Балалар тапсырманы
орындайды).
шағым қалдыра аласыз













