Тақырыбы: "Ойнайық та, ойлайық!"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: "Ойнайық та, ойлайық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілергеоқу қызметінен көмек ретінде ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Математика
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық.
Мақсаты: Балалардың математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, берілген тапсырманы ынтамен дұрыс орындауға үйрету. Тура және кері санауды одан әрі дамыту, ой - өрісін кеңейту. Үшбұрышты әртүрлі пішіндердің ішінен табуға дағдыландыру. Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жалпақ үйшіктің суреті, бірден беске дейінгі сандар белгісі, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар(ұсақ сандар, геометриялық пішіндер).
Әдіс - тәсілдері: Жаңа технология «Дьенеш» блогы
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыстың неше айы бар? Қалай аталады? Қазір қай айы? Ол нешінші ай? Бір аптада неше күн бар? Қалай аталады?
- Балалар, бүгін біз ертегі әлеміне барамыз. Алаңқайда бір үйшік тұр, үйшікке қарай 1 саны келеді, есікті қағады. «Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?». Ешкім жауап бермейді. Есікте үйшікке кіру үшін, тапсырманы орындау керек деген хабарлама жазылған.

1 - ші тапсырма: 5 - ке дейін тура және кері санау.
1 саны тапсырманы орындайды.
Ойын: «Қай санды жасырдым?»
1 - ден 5 - ке дейінгі санның біреуін жасыру.
- Алаңқайдағы үйшікке 2 саны келеді, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(1 саны жауап береді).
- Үйшікте мен, 1 саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орындасаң ғана, үйшікке кіресің. Алдымен геометриялық пішіндерді ата.(2 саны тапсырманы орындайды).
Ойын: «Не өзгерді?»
Пішіндердің орындарын ауыстырып қою.
- Алаңқайдағы үйшікке 3 саны келеді, есікті қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(2 саны жауап береді).
- Үйшікте мен, 2 саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орындасаң, үйшікке кіресің.
Логикалық есеп: «Нешеу?».
1) 5 қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Қанша қонжық кетті алда? (4).
2) Менде болды 3 алма,
Бердім досыма 1 алма.
Қалды сонда неше алма?(2)
3) Тарелкада 4 алмұрт,
Батыр алды біреуін.
Қалды сонда неше алмұрт(3)

- Алаңқайдағы үйшікке 4 саны келіп, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар?(3 саны жауап береді).
- Үйшікте мен үш саны бармын.
- Мені кіргізші?!
- Мынадай тапсырманы орыңдасаң үйшікке кіресің.(Сергіту).
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық

- Алаңқайдағы үйшікке 5 саны келіп, есік қағады.
- Тоқ - тоқ, үйшікте кім бар? (4саны жауап береді).
- Мені кіргізші?!
- Мынандай тапсырманы орындасаң үйшікке кіресің.
- Балалар, үстелдің үстіндегі заттарымен жұмыс жасаймыз
Ақ қағаздың оң жағына үй, сол жағына шыршаны құрастырып, күнді және ақ бұлтты орналастырыңдар.(Балалар тапсырманы орындайды).

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі