Материалдар / Тақырыбы: Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушы бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында қазақтың батыр қызы Әлия ерлігін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру. Отанын сүйетін адал азамат болуға баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2018
446
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің кітапханашысы Шаукарова Гулсим Кумаргалиевна







Тақырыбы: Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра.

Мақсаты: оқушы бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында қазақтың батыр қызы Әлия ерлігін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру. Отанын сүйетін адал азамат болуға баулу.

Түрі: Жоба,слайд Picture 4 Әлия ерлігі: 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Әлия Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия бізбен бірге: Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы №38 мектеп-лицейі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.









Әлия өмірі: 1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата  деген кішкентай станцияға көшіп барды.  Нағашысы Түркістан –

СPicture 6 ібір теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.

Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды.  Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жауқауларды жек көріп, олар бүкіл балалардың алдында сынап, ұрсатын. 6-7-ші сыныпта Әлия староста болған. Әлия оқуда өте зерек, талапты,ынталы болып, кітапті көп оқыды. Соғыс басталған жазда Әлия детдомның балаларымен бірге Сиверская станциясында болған, маусымның аяғында олар Ленинградқа қайтып келді. Балалар үлкендерге көмектесті: кішкентай балалардың тобына бағып, қарады, қаланың сыртында қорғаныс қамалдарын салысты. Суық бөлмедегі сабақты ауа ескерту сигналы бұзғанда, Әлия балалармен шатырға жүгіріп, немістің тастаған «зажигалкаларын» — өрт бомбаларын сөндірді. Сабақтан кейін Әлия госпитальға барып, жарақаттанған жауынгерлерге көмектесті. Ленинградты немістер қамауға алып, оның тұрғындарын ашаршылыққа ұшыратты. №46 балалар үйінің аға пионер жетекшісі Лидия Костинаның естелігінде Әлия шанамен суға барып, аштықтан көшеде есінен танып құлаған, сөйтсе ол өз нанының жартысын Қаты деген қызға береді екен. 1941 жылдың 4-ші қарашасында Әлия комсомолға өтті. 1942 жылдың наурызында № 46  балалар үйімен Әлия Ладога көліндегі «өмір жолымен» Ленинградтан Ярославль облысы Некрасов ауданы Вятское селосына көшті. Бұнда балалар оқу мен қатар колхозда жұмыс істеді. Сол ауыл мектебінің ботаника мұғалімі татьяна Суворовнаның айтуы бойынша, Әлия жақсы оқитын, ән салатын, билейтін, достары көп болатын, бірақ мінезі тұйық, өзі туралы ашылып ештеңе айтпайтын. 1942 жылдың тамыз айында Әлия Рыбинск қаласына ұшқыштың оқуына кететінін Лида Кротова деген досына айтты. 1942 жылдың 1-ші қазанында Әлия Рыбинск авиатехникумының студенті болды, бірақ оқудың ұзақтығына шыдамай 3 айдан кейін қала әскери комиссариатына өтініш беріп, Қызыл Әскерге кетуіне байланысты 1942 жылдың 21-ші желтоқсанында техникумнан шығып кетті.

Әлия жауынгер: Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы Орталық комитеті және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен мемлекетте алғаш рет атқыш- снайперлерді дайындайтын әйелдер курстары ашылды. Осы курстар негізінде 1943 жылдың мамырында снайперлік дайындық орталық әйелдер мектебі ұйымдастырылды. Әуелі курстар Москва облысы Перов ауданы Вешняки селосында граф Шереметьев усадьбасының оранжереясында, кейін Москва облысы Щелков ауданы Амерово деревнясында және Подольск қаласында Силикатный поселкесінде  орналасқан. Әлия снайпер мектебінің бірінші түскен тобының 4-ші ротасында оқыды. Кішкентай бойы үшін бұл ротаның қыздарын «қарындаштар» деп атаған.  1943 жылдың 23-ші ақпанында курсант қыздар ант берді. Әлия оқуға бар ынтасы мен зейінімен берілді, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп жаттықтырды. Сонымен  қатар ол жер жорғалап еңбектеуді,  қол және станкопулеметтен, автоматтан, танкіге қарсы қарудан атуды үйренді. Оқу жеңіл болған жоқ. Әлия жақсы атқыш болды. Бірақ оның майданға бару мақсатына тағы бір кедергі пайда болды. Мектеп басшылары емтиханнан кейін Әлияні майданға жібермей мектепте басқа жаңа курсанттарды үйрететін инструктор ретінде қалдыру туралы  шешім қабылдады. Оны естіген Әлия әскери устав пен тәртіпті ұмытып, «бәрібір майданға кетемін», деп тұрып алды.

1943 жылдың шілдесінде Әлия Сотүстік – Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға жетуіне кедергі болған оның жасы және бойы. 4-ші батальонның снайпері болды. Көп уақыт тосып, немістерді аңдып отырып, оларды атты. Бір рет немістің сынық танкісіне бұғып отырып, екі немісті атты, үшінші оқпен окоптан шығып тұрған стереоқұбырды атты. Фашистер  снайперді байқап, миномет пен зеңбіректерден оқ жаудырды. Танктің астынғы люгін ашып, Әлимя жерді бауырлап, өз бөлімшесіне жетті. Ұлы Октябрь мейрамы алдында Әлия бір күні жеті немісті атып түсірді. Бір күні дос қыздармен келе жатып, жеті фашистке жолықты. Біреуін Әлия, екеуін достары атты. Қалғаның қыздар қамауға алып, бастыққа әкеп тапсырды. 1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды. Әлияның ростасының командиры қаза болды. Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты. Әлияның қолына минаның сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияні екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияні жерледі.

1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды. Оның батальондық достары Әлия үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді.

Сол бір қиын,тым сұрапыл шақта ол,

Кеудесіне ерлік отын жақты ол.

Отан үшін опат болған қызғалдақ,

Есіміңді мәңгі сақтар жас ұрпақ.


Әлия батыр қыз: Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Қайсар қызы қазақтың нағыз ер.

Ерлігіңді аңыз таратты ел,

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ

Қайраттанған жүзіңе қарап білер.

Қорытынды: Оқушылар біздің №38 мектеп-лицейі Ә.Молдағұлова атымен аталады. Біз Әлияның ерлігін барлығымыз біліп жүруіміз керек. Сабағымызды 5 ке оқу, қазіргі енгізіліп отырған бағдарламалар осылардың дәлелі. Қазақстанның болашағы сіздер болғандықтан бар үміт сіздерде.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!