Материалдар / Тақырыбы: "Қазақ елінің дана Елбасы" атты дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: "Қазақ елінің дана Елбасы" атты дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай орта мектебі










Дөңгелек үстел:




«Қазақ елінің дана Елбасы»





























Ұйымдастырушы педагог : Э.Қуандықова

Дөңгелек үстел тақырыбы: « Қазақ елінің дана Елбасы» 

1-ші желтоқсан 

Тұңғыш Президент күні сценариі

Мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. 

Барысы: 

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр төрінде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)



1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! 

2 – жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.



1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды. 

(өмірбаяны деректі фильм) 

2-жүргізуші

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.



1-жүргізуші:

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.




2– жүргізуші: Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік - экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде 
халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде - бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.
1– жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін танытты десе болады. 

Оқушыларға тарихтан жалпы сұрақтар қойылады: 


  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін сыртқы мәселерді шешуде қандай бағыттар ұстанды деп ойлайсыңдар? 


  2. ҚР дін мәселесі қалай шешілуде? 


  3. Қазақстан 2030 бағдарламасы қашан қабылданды, ол жүзеге асты мА,жоқпа? 


  4. Қазақстан « Мәңгілік Ел» ұғымының астарында не жатыр? 


1 – жүргізуші: Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті. 

2 – жүргізуші Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді. 

(видеоролик) 
Сұрақтар: 


  1. Елбасы туған жылы ( Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген) 


  2. ҚР тәуелсіздік алған жылы(16 желтоқсан 1991 жыл) 


  3. КР Ата заңы қашан қабылданды?(30 тамыз 1995 жыл) 


  4. президент» сөзі нені білдіреді? ( «алдында отырған») 


  5. Президент неше жылға сайланады? (7) 


  6. ҚР бірінші астанасы? (Алматы) 


  7. Астананы Ақмола ауыстыру туралы шешім қабылданды(1997 жыл) 


  8. Ұлттық валюта күні? 15 қараша 1993 жыл 


  9. Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов, |Ш қалдаяқов, Н Назарбаев) 


  10. ҚР рәміздер күні қашан тойланады? ( 1992 ж. 4 маусым) 


2 – жүргізуші: Қорытынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. 
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай? 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына, 
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста! 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата – баба рухына. 
Үлгі бізге аталардың ерлігі, 
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі. 
Тәуелсіздік 
туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертең 
2-жүргізуші: Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен салтанатты тізілісіміз аяқталды. Сау болыңыздар! 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!