Тақырыбы: «Ритмикалық ойындар»

Тақырып бойынша 25 материал табылды

Тақырыбы: «Ритмикалық ойындар»

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру. Музыкалық шығарманның мазмұнын түсініп, ажыратып, тануға үйрету. Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка

Тақырыбы: «Ритмикалық ойындар»

Мақсаты: балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру. Музыкалық шығарманның мазмұнын түсініп, ажыратып, тануға үйрету. Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Білімділік: балаларға музыкалық аспаптардың дыбыстарын ойын арқылы, ажыра білуді үйрету.

Дамытушылық: ойын арқылы, ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеуге, халықтық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: музыкалық аспаптар, жұмсақ ойыншықтар, соқылар,слайд, қуаршақ театр кейіпкерлері.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,әнгімелеу, сұрақ-жауап, қорыту.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қорғаушы












Үш тілде амандасу.


Шаттық шеңбері

Сәлем саған алтын күн,

Сәлем саған жер ана.

Сәлем саған көздерім,

Сәлем саған беттерім.

Сәлем саған мұрыным,

Сәлем саған құлағым.

Сәлем саған ерінім.

Сәлем саған қолдарым,

Сәлем саған аяқтарым.

- Өткен оқу қызметін қайталап өту.

- балалар үш тілде амандасады.

-шаттық шеңберін көңілді орындайды.

Іздену-ұйымдастырушы


- Жаңа тақырып

- Балалар сендер ертегіні ұнатасындарма?

- Ендеше ертегі еліне саяхатқа шығайық. -Балалар орманда алдымыздан, кездескен жануарлардын, іс-қимылдарын әуенге салып билеуіміз керек. - Орманнан алдымыздан қоян шығады. әуен арқылы қоянның іс-қимылын жасайды. -Алдыннан аю шығады, әуен арқылы аюдың іс-қимылын жасайды.

-Алдыннан қасқыр шығады, қасқырдан балалар үркіп қашады.

-Балалар біздер ертегі елінеде, келіп қалыппыз. Балалар бұл Мөлдір мен Аюдың ертегісі екен.

-Слайдпен жұмыс. –Сәлеметсізбе аю бұл мен Мөлдірмін. Мен орманда жүріп, адасып қалдым. Мені үйіме ата-әжеме апаршы өтінемін.

Аю: -жоқ, Мөлдір мен сені жібермеймін. Сен қалып үйшігімді жинап қой, ал мен орманнан құлпынай теріп келемін.

Мөлдір: Ой, балалар сендер, менің ертегіме келдіңдерме?

Сендердің келгендерің жақсы болды, өтінемін аюдан қашуға көмектесіңдерші. Аю өзі мейірімді жан, мен орманнан адасып келгенде, маған үйшігінен орын бердң, бірақ енді мені үйіме жібермей жатыр.

Мөлдір: жарайды, мен сіздер айтқандай жасаймын. М/ж: Олай болса, сен бәліш пісіріп оны аюға апарып беруді өтін, ал өзің себетке отырып ал да, үстіне бәліштерді койып шық. Мөлдір: тамаша! Табылған ақыл. М/ж: балалар, Мөлдірге бәліш пісіруге көмектесейік. -Балалармен топтық жұмыс. Мөлдір: о- о-о Бәліштерде дайын болды, бәліштерді себетке салып, аюдан әжеме апаруды өтінемін, ал өзім бәліш салынған себет ішіне тығыламын. Аю мені, байқамайды. Тышқан: пи-пи-пи, балалар өте тамаша қылып дайындадындар, мен ағаштың үстінен бәрін бақылап тұрдым. Мөлдір: сенің келгенің өте жақсы болды, сен маған бәліштерді себеттерге салуға көмектес, ал мен бәліштің астына себетке тығылайын. Солай етіп, мені аю ата-әжеме апарады. Тышқан: дұрыс, Мөлдір мен саған көмектесейін. Пи-пи-пи. М\ж: тышқан, сен бәлішті ұстамастаң бұрын қолдарыңды жуып ал, балалар біз тышқанға қолды, қалай жуды көрсетейік.

Сергіту сәті:

Тышқан: дұрыс, мен сендерден қалай қол жуу керегің үйрендім, мен Мөлдірді себетке отырғызып үстіне бәліштерді салайын. Қоян: сәлем тышқан, мен терезеден сенің себетке Мөлдірді отырғызып, үстіне бәліштерді салғанынды көрдім. Сенің айлан тамаша екен. Енді біздер аюды шақырып, оны ата-әжесіне апар деп қалай айтамыз. Біз оны қалай шақырамыз, ол алысқа кеткен. Тышқан: мен қалай шақыруды білемін, қарашы біздің ертегімізге балалар келіп тұр. Мүмкін балалардан сұраймыз, балалар аюды қалай шақыруға болады.. М/ж: а а а таптым. Аюға арналған әнге би билеп берейік. Мүмкін аю естіп, үйшігіне келер. Аю: Мөлдір, Мөлдір сен қайдасың? Тышқан: пи-пи-пи аю, сен Мөлдірді іздеме, ал мына бәліш салынған себетті алып, Мөлдірдің әжесінің үйіне апарып бер. Қоян: аюжан, сен Мөлдірді шақырып қайтесің, ол серуенге кетті. Мына себетті әжесіне жеткіз. Аю: жарайды апарайын, оооой неткен ауыр бәліштер. Ой, шаршадым, ағаштың түбіне отырып, бәлішті жеп көрейін. М/ж: жоқ, аю жеме оданда балалардың өнерін тамашала. Аю: жарайсыңдар, сендер сондай өнерлі балалар екенсіңдер, ал мен жолымды жалғастырайын. Ой, шаршадым, ағаштың түбіне отырып, бәлішті жеп көрейін. М/ж: жоқ, аю жеме, оның орнына би тамашала. Аю: жарайсыңдар, міне әжесінің үйіде көрініп қалды. Мен себетті есік алдына қойып, есікті қағып орманға қашып кетейін. әйтпесе, иттеріннен қорқамын. Әже: атасы, қарашы аю бізге себет акеліпті. Мөлдір: ата-әже бұл мен -Мөлдір! Мен аюды алдап бәліштің астына тығылып келдім. Ал мына балалар маған көмектесті. Әже: рахмет, сендерге балалар. Ал көмектескендеріңіз үшін, сендерге бәліш беремін. Өзім сендерге таратып берейін.



-Иә.

-Иә.



-Қоянның іс-қимылын жасайды.

-Аюдың іс-қимылын жасайды.

-балалар қасқырдан қашады.





-Балалар слайдқа назар аударады.









-Иә.





































































-Балалар әуенге билейді.


Рефлексті коррекциялаушы

-Балалар бүгін біз қандай оқу қызметін өттік.Оқу қызметіне ерекше қатысқан баланы мадақтап,оқу қызметін аяқтау.


Күтілетін нәтиже:


Білуі керек: Әуен ырғағымен іс-қимылдар жасап білуі керек.

Болуы керек: балалар музыкалық аспаптардың дыбысын ажыратуды менгереді.

Баланың қолынан келуі: әуен орындай отырып, қимылды ойын ойнауды,жұптаса би қимылдарын жасауды дағдыланды.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
55
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі