2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тақырыбы: «Рухани жаңғыру –еліміздің болашағы»

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру –еліміздің болашағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру –еліміздің болашағы» Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың туған жеріне, еліне, Елордаға деген, оның бүгіні мен болашағы туралы танымдық көзқарасы артады. Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды. Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді. Көрнекілік: слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ,қажетті құралдар Түрі: танымдық Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық:Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз. Тренинг «Мен елімнің…..» Топқа бөлу Суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылар қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ценари

Мұғалімі:Абдуллаева Сарвиноз

Күні:11.02.2023

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру –еліміздің болашағы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушылардың туған жеріне, еліне, Елордаға деген, оның бүгіні мен болашағы туралы танымдық көзқарасы артады.

Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды.

Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.

Көрнекілік: слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ,қажетті құралдар

Түрі: танымдық

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық:Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз. Тренинг «Мен елімнің…..»

Топқа бөлу

Суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылар қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді.

1-сүрет

II.Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.

1. Біздің еліміз қалай аталады?

2. Рәміздеріміздің бірі

3. Орман неден құралады?

4. Бал жинайтын жәндік? 5

. Пайдалы қазба

6. Қамбар ата төлі

7. Рәміздердің бірі.

8. Астанадағы Қазақстан символы?

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Рухани жаңғыру - » деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қосаса аласыңдар.

Бейнеролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=1Wqc3EyYvK4

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады

Зияткерлік тапсырма

«Ойлан тап»стратегиясы

Отан, Туған жер туралы мақалдарды толықтыру керек.

1. Отан — … да ыстық. (оттан)

2. Туған жерге … тік. (туың)

3. … көлін аңсайды,… туған жерін аңсайды. (Аққу) (Ер жігіт)

4. Туған жердің … де ыстық, … де ыстық. (күні) (түні)

5. Отан … басталады. (отбасынан) (бесік).

7. Абыройлы анаң да – Отан,… әкең де – Отан. (Асқар тау)

8. … өскен жерінде,Адамның жаны – туған елінде. (Ағаш)

9. Туған жердің … да тәтті. (жуасы)

10. …– көлінде патша,…– суында патша,…– елінде патша. (Бақа) (Балық) (Ер жігіт)

Топтық жұмыс

1-топ. «Суреттерді пайдалан» стратегиясы

Менің елім сурет салу

3-топ Отан, туған жер туралы өлең оқиды.

2-топ. Болашақ Қазақстанның суретін салу.

Рефлексия

«Соңғы сөзді мен айтайын»стартегиясы

1-оқушы: 1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2- оқушы: 2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3- оқушы: 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4- оқушы: 4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5- оқушы: 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6-оқушы: 6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

Қорытынды:

Мұғалім сөзі: Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

Кеше (өткен тарихқа шолу)

ҚShape1 азақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді. Шолу жасап өтейін.

Жоңғар шапқыншылығы ;

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;

1928-1932 жылдардағы аштық;

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы;

1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.



Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды. Қаншалықты биіктеп, өркендесек те біз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз.

Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)

Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан. Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.

Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

Сабақтың соңы:

Сабақтың соңында кері балыныс болады.

Құрметті оқушылар,біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.Ат салысып,қатысқандарың үшін рахмет!



19 Қаңтар 2025
69
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі