Материалдар / Тақырыбы: Сулы жер - нулы жер

Тақырыбы: Сулы жер - нулы жер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарлауға үлгі ретінде алса болады
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:______________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 9-сабақ


Бөлім:

6-бөлім: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.
Морфология

Педагогтің тегі, аты,

әкесінің аты: К.М.Хамзина

Күні: 29.01.25

Сынып: 6


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сулы жер – нулы жер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.3.1 -тыңдалған мəтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау

6.4.4.1 - сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану

Сабақтың мақсаты

Тыңдалған мəтіннің мазмұнын түсіндіру арқылы детальді ақпаратты анықтай алады, сөйлемдегі есімдіктің қызметін ажыратып, зат есім мен сын есімнің орнына қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: бірлік және ынтымақ

-бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;

-басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

-өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

Құндылық: заң және тәртіп

-қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

3 минут







Сабақтың

ортасы

5 минут








































15 минут
































7 минут








10 минут













Сабақтың аяқталуы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Жүректі тазарту»

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ой түрткі сұрақтары:

Асанқайғының қазақтың кең байтақ өлкесін аралап, баға бергенін сендер жақсы білесіңдер. Осы Асанқайғының жерге берген сынында қандай өзендер мен көл атаулары кездеседі?

(Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады.)

2.Өзен-көлдердің атаулары жазылған қима парақтар арқылы топқа бөлініңдер.

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңдар.

Тыңдалым мәтіні

Асанқайғының желмаясына мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде әр жерге айтқан сындары мынау екен:

Балқаш көлі туралы: «Балығы тайдай тулаған, құстары қойдай шулаған несібелі көл екен». Нұра өзенін көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»,-депті. Өлеңті өзенін көргенде, еш нәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: «Өлеңтінің

суы – май, Шідертінің шөбі – май»,-деп жүре беріпті. Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май

татыған жер екен»,-депті. Жайы өзенінен өткенде: «Суы татыған бал екен, жағасы сірескен тал екен»,-депті.


Топтық жұмыс

1-топ

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.

Асанқайғы Сарыарқаны қалай аралады?

Асанқайғы Балқаш көліне қандай баға берді?

«Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен» деп қай өзенге айтты?

Торғай өзеніне айтқан сыны қандай?

Жайық өзеніне берген бағасы қандай?

Асанқайғы қазақтың кең байтақ өлкесін не үшін аралады деп ойлайсыз?

Асанқайғының берген сынының қазіргі уақытта қандай маңызы бар?

2-топ: Сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтаңдар.

Асанқайғы қазақтың кең байтақ өлкесін не үшін аралады деп ойлайсыз?

Асанқайғының берген сынының қазіргі уақытта қандай маңызы бар?

3-топ:

Мәтін мазмұны бойынша сөздерді сәйкестендіріңіз, берілген сөздердің қай өзен-көлдерге берген бағасы екенін атап өтіңіз.

Суы бал

өте үлкен

Ақ шабағы май татыған

суы тәтті, тұщы

Ат семіретін жер

суы құнарлы

Балығы тайдай

балықтары семіз

Суы май

шөбі мол, құнарлы

Жұптық жұмыс

Өзен-көлдердің әрқайсысының тұсына бір сөйлеммен есімдіктерді қолдана отырып, сипаттама бер.

Балқаш көлі

Нұра өзені

Өлеңті өзені

Торғай өзені

Жайық өзені

Жеке жұмыс

11-тапсырма

Жұмбақтардың жауабын тап. Көшіріп жазып, есімдіктердің астын сыз. Есімдіктердің түрлерін, құрамын ажырат.

1.Көреді бәрін өзгенің

Көре алмайды өздерін.

2.Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

3.Біреу найза түйреді,

Өзі де содан күйреді.

4.Ана ауылдың бурасы,

Мына ауылдың бурасы,

Желкілейді шудасы.


Үйге тапсырма: 9-тапсырма, 125-б.

Ойтаразы

Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкене бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?


Психологиялық ахуал

Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.


Сұраққа жауап бергеннен кейін, стикердің артына жазылған өзен-көлдердің атаулары арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: «Нұра» тобы

2-топ: «Торғай» тобы

3-топ: «Жайық» тобы



Мәтінді мұқият тыңдайды.













Бірінші топ мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.





Екінші топ сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды.

















3-топ мәтін мазмұны бойынша сөздерді сәйкестендіреді. Берілген сөздердің қай өзен-көлдерге берген бағасы екенін атап көрсетеді.











Өзен-көлдердің әрқайсысының тұсына бір сөйлеммен есімдіктерді қолдана отырып, сипаттама береді.








Жұмбақтардың жауабын анықтайды. Көшіріп жазып, есімдіктердің астын сызады. Есімдіктердің түрлерін, құрамын ажыратады. Морфологиялық талдау жасайды.

1. Көз

2.Кірпі

3.Ара

4. Түтін





Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды.




Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша!

Керемет!












Дескриптор

Білім алушы

- сұрақтарға жауап береді – 1 балл;

-деталді ақпаратты анықтайды – 1 балл.

-мәтін мазмұны бойынша сөздерді сәйкестендіреді – 1 балл,

-берілген сөздердің бағасын анықтайды – 1 балл.







Топтың өзара бағалауы

1-топ:

Ертегі құрастыру арқылы бағалайды.

2-топ: Алғыс хат беру арқылы бағалайды.

3-топ: Келесі топқа “SMS” жазу арқылы бағалайды.






















Дескриптор

Білім алушы

-кестені толтырады – 1 балл,

-өзен-көлдердің тұсына бір сөйлеммен сипаттама береді – 1 балл.


Дескриптор

Білім алушы

- жұмбақтың жауабын табады – 1 балл,

- есімдіктердің астын сызады – 1 балл,

- есімдіктің түрлерін ажыратады – 1 балл,

- есімдіктердің құрамына талдайды – 1 балл


https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&text=отбасы Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж





ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ



Қалыптас

тырушы бағалауға арналған тасырмалар жинағы



















Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж






Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі