Тақырыбы: «Табиғат әлемін қорғайық».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Табиғат әлемін қорғайық».

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туралиева Каламкас Кариматовна

Атырау қаласы.

КМҚК «№9 «Әлия» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі


Тақырыбы: «Табиғат әлемін қорғайық».

Мақсаты: Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылықты түсіндіру. Судың қасиеттерін білуге. Тәжірибе арқылы судың қасиетін ажырату, түсіндіру. Сусыз өмірдің қаншалықты маңызды екенін ұғындыру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруа отырып, табиғатты және суды қорғай білуге тәрбиелеу. Сумен тәжірибе жасау арқылы баланың бақылап-байқау әрекетін жетілдіру, қабілетін және ойлаудың қарапайым нысандарын дамыту. Табиғаттың баға жетпес байлығы-суды қорғап, сақтай білу туралы білімдерін көркем сөз арқылы бекіту.

Көрнекілік: Слайд,тәжірибе жасау,сұрақ-жауап,қорытынды,көркем сөз.

Шаттық шеңберін құру:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал,кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме!

Сұрақтар:

1.Кәзір жылдың қай мезгілі?

2.Қанша жыл мезгілі бар?

3.Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

(балалардың жауаптары тыңдалады).

Балалар бүгін біз табиғат әлемі жайында әңгімелесетін боламыз.

-Балалар табиғат дегеніміз не?

-Бізді қоршаған әлем.

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Тірі табиғатқа не жатады?

-Өлі табиғатқа не жатады?

(балалардың жауаптары тыңдалады).

-Слайдқа назар аудару:

-Біздер балалар қызықты да,қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз.Айналаға қарасаң бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз,олар: неше түрлі әдемі ғимараттар,жолдар,көпірлер,ұшақ,жиһаздар және т.б.Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су,ағаштар мен жануарлар,күн мен аспан жатады,оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.Олар-тау-тас,ауа,ғаламшар,яғни жансыз табиғат.Ал енді бір бөлігі тыныс алады,өседі,өнеді,көректенеді,яғни бұлар жанды табиғат қатарында.Жанды табиғатқа адам,өсімдік,жануар,жатады.Табиғаттың көп бөлігін су алып жатыр.Суды жан-жануарлар,құстар мен өсімдіктер де қажет етеді екен.Сусыз өмір жоқ.Су-тіршілік көзі. Ол сұйық зат.Өзен-көлдер мен мұқиттарды құрайды.Адам ағзасының 86% судан тұрады. Адам күніне 1,5-2л су ішеді.

-Бүгін біз судың ерекшеліктерімен,қасиеттерімен жақынырақ танысып, тәжірибе жасап, зертеп білеміз.

Сергіту сәті:

Жапырақтай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Денемізді тік ұстап,

Билеп,билеп аламыз.

Ми шабуылы:

Тәжірибе жасау арқылы судың қасиетін анықтау.

1.Судың түсін анықтау.

2.Судың дәмін анықтау.

3.Судың иісін анықтау.

4.Пішінін анықтау.

Тәжірибе барысында түсіндіре және көрсете отырып орындау.

Су-түссіз,иіссіз,дәмсіз,пішіні жоқ.

Табиғатта су үш күйде болады: сұйық,бу,қатты(мұз).

1-тәжірибе: «Су сұйық,ал құм сусымалы».

Енді стаканға құм салу.Ол да стаканның пішініндей жайылады. Сонда құм сұйық зат болғаны ма? (осыны тексеріп көрейік).Суды жалпақ ыдысқа құйсақ ол жайылып және төгіліп кетеді. Су болса-сұйық зат. Ал,құмды жалпақ ыдысқа төгеміз.Құм ол төккенде ,ол үйіліп қалды.Құмның сұйық емес екенін білдік,Су мен құм әртүрлі заттар екен. Құм-сусымалы зат,ал су сұйық зат екенін білдік.

2-тәжірибе: «Құм суда еридіме?».

Бір стаканға су құйып құмды салу,келесі ыдысқа қант салу.Екі ыдысты да араластыру.Нәтежесінде қанттың еритінін және құмның суда ерімей,түбінде тұнып қалатынын көрдік.Балалар құм суда ерімейтінін туралы айтады.Құм сусымалы зат,су сұйық зат екенін білді.Балалар құмның пайдасы өте көп екен күн ыстық болғанда құмда ыстық болады.Ыстық денсаулыққа пайдалы екен.

3-тәжірибе:Тас пен көмір айырмашылығы қандай?

Ыдыстағы суға тасты саламыз,келесі ыдысқа көмірді газды суға саламыз түсі өзгереме көрейік.Тас батады ол ауыр,ал көмір ауыр олда батады бірақ газды суда өзгереді түсі.Балалар бізге көмір не үшін керек? Біз көмірді отқа жақтық газ келмеген кезде,көмір болмаса үйіміз суық болатын болды екен.Түсі қара жылтыр болатын болды.Ескі көмір болса жанбай қиналатын болады.

4-тәжірибе: Сүтке қасық салып көрсету: Тәрбиеші сүт құйылған ыдысқа қасық салады.-қасық көріне ме? (көрінбейд»). -Дұрыс. Қасық көрінбейді, себебі сүт мөлдір емес-ақ түсті.Ал енді мен қасықты суға салайын. Қасық көрінеме.(көрінеді). -Дұрыс. Қасық көрініп тұр, себебі су мөлдір. Мен енді алдымдағы суға тұз салып көрейін.,ал мынаған ештеңе салмайын қай суды ішуге болады?.Таза суды ішуге,тамақ пісіруге болады екен. Дұрыс.

5-тәжірибе: Балалар әктің пайдасы да зияны да бар екен.Онымен үйдің ішін әктесе ауа тазарады екен. Ағаштың түбін әкпен әктесең құрт пен құмырсқа дан сақтайды екен. Түсі ақ болады екен,суға салсаң ериді екен. Жарайсыңдар балалар.Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Тыйым сөздер:

Су ішкен құдыққа түкірме,

Бұлақ-көрсең көзін аш.

Судың да сұрауы бар.

Түнде суға барма.

Сусыз тіршілік жоқ.

Судың бетін ашық қалдыр ма.

Ойын: «Текшелер».

Шарты: шаршыны лақтырып,түскен суретке байланысты жасаған әрекеттерін айтуды ұсынады.

Тақпақ: Әмір:

Табиғат жасарды баянды,

Сылдырап су ақты жылғадан.

Жаңа күн жаңадан бір қадам,

Келді ғой мінекей жаңадан.

Қасиет.

Су деген-өнер көзі,

Тіршілік нәрі бұл.

Су болмаса оянбайды,

Табиғаттың барлығы.

Қорытынды:

Балаларды мадақтау,оқу-қызметті аяқтау.




Тақырыбы: Қыс кезі қандай көңілді! Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын мномокесте суреттері арқылы толық жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау

Тәрбиелілік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Слайд, мазмұнды суреттер,
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.

Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Ал, кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздерме! Здраствуйте!

Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.

Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар.

Ал балалар енді тақтаға назар аударайық.Тақтада суреттер берілген. Сол суреттер арқылы мнемокесте бойынша сөйлем құрайық.

Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір қыс мезгілі.
Т: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.
Б: Қыста күн салқын болады, аяз болады, қар жауады, боран болады және т.б.
Т: Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Т.Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?

Т:Қыс мезгілінде қандар мереке бар?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
Балалар: қазір ақпан айы.

Тіл ұстарту:

Қыста боран болар, қар болар,
Қыздар шәлі, орамалмен оранар.

Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,
Алқапты аппақ ақ қар жапты.


Қыста құлағым үсіп кетті,.

Үсіп, ісіп кетті.

Ойын: «Ақ қала құрастырамыз»


Т: Осы кесте арқылы тақпақтар жаттап көрейік?

Тақпақ:

Қармен ойнап балалар,
Далада жүр алысып.
Шана,шаңғы,конькимен,
Бір-бірімен жарысып.
Аққала жасап әбігер,
Ақ қарды ойып құшақтап.
Тоңып жүрсе де өздері
«Қыс жақсы,-дейді,-түсі аппақ.

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны-сәбіз, үп-үшкір,

Көзі-көмір, қап-қара

Ішік, пима қолғап бар

Арада жоқ тоңғақтар

Баста қолың малақай

Біз тоңбаймыз алақай.


Қорытынды

Балалар бүгін біз не үйрендік?

Қыс мезгілінің қызықтарын үйрендік. Қыс мезгілі туралы мномокесте арқылы тақпақтар жаттадық «Аққала» ойынын ойнадық.

Өте жақсы, балалар, барлығыңда қыс мезгілі туралы жақсы біледі екенсіңдер. Бүгінгі күніміз сәтті өтті. Рахмет .Сау болыңдар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2021
447
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі