жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары
Тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары
|
|
«Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі, кешегі қан майданда Отанын қорғап, замандастарымен қатар қазақтың жауынгерлік рухын көтерген, сол ерлікті қарымды қаламының күшімен ақ қағазға айғақтаған, әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов есімі елімізге, алыс-жақын шет жұртқа көптеп әйгілі.» (Шериаздан Елеукенов) |
Хронологиялық кесте
|
1923 ж. |
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында дүниеге келген. |
|
1941ж. |
Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады. |
|
1948-1951 ж.ж. |
Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. |
|
1951-1953 ж.ж. |
«Қазақ фильм» киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы. |
|
1953-1954ж.ж. |
«Әдебиет және искусство» қазіргі («Жұлдыз») журналының редакторы. |
|
1954-1955ж.ж. |
Қазақстан жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы. |
|
1955-1957ж.ж. |
Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы. |
|
1957-1958ж.ж. |
жылдары Қазақстан Министрлігінің Кенес жанындағы көркемөнер басқармасының бастығы. |
|
1966ж. |
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. |
|
1994ж. |
Қаламгер дүниеден өтті. |
Тахауи Ахтанов кім?
Жазушы, драматург, қаламгер, майдангер жазушы, аудармашы, редактор.
Шығармалары
Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия.
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы».
1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді.
«Дала сыры» повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, «Боран» романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді.
А.Н. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Қорыта айтқанда,
Романдары: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін».
Прозалары: «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы», «Жоғалған дос», «Алыстан жеткен сарын».
Драматургиясы: «Сәуле», «Әке мен бала», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Ант», «Махаббат мұңы» және «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары.
Аудармалары: С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт», «Жер үстіндегі нұр» атты романдары, А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» атты үш томдық романы.
Атқарған қызметтері:
Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. «Әдебиет және искусство», «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.
Марапаттары:
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
"Боран" романы туралы жалпы түсінік
Т.Ахтановтың «Боран» романы алғаш 1963 жылы «Дала сыры» деген атаумен жарық көрген. 1965 жылы «Новый мир» журналында жарияланып, кейін толықтырылып, “Боран” деген атаумен шыққан. Осы шығармасы үшін Т.Ахтанов 1966 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болады.
Романның бас кейіпкері Қоспан - қойшы, өз өмірінде талай қиындықты бастан кешірген, соғыста болған, жау қолында тұтқын лагерінде болып қашып шыққан, әйтсе де қиын тағдырына ашынып езілмеген, адамдық ізгілігін жоймаған күрделі тұлға.
Романның тақырыбы - қарапайым еңбек адамының тағдыры, 1950-1960 жылдардағы кеңестік қоғамның өмір шындығы тақырып етіп алынған. Жазушы осы тақырыпты ашу жолында өздері өмір сүріп отырған заманнын, қоғамның, әлеуметтің айнасындай болған Жаңыл, Қасболат, Жаппасбай образдарын жасаған.
Жаңыл – азаматын ардақтап, күте алған адал жар.
Қасболат – заманның илеуіне түсіп, заманы түлкі болса, тазы болып шалған айлакер, пысық.
Жаппасбай – шаш ал десе, бас алған шолақ белсенді.
Роман сюжеті - шопанның ақ түтек боранмен алысып, өзіне сеніп тапсырылған бір отар қойын аман алып қалу жолындағы күресі суреттелген. Шығармада табиғат апатымен алысып жүрген шопан әрекеті ғана суреттелмейді, жазушы кейіпкерінің ішкі дүниесінің көріністеріне көңіл бөліп, ретроспекция әдісімен Қоспанның өмірінен өткерген не бір белестерін, уақыт әділетсіздігімен ұштасқан өмірдің ащы сабақтарын көрсетіп отырады. Жазушы боран мен Қоспанның ішкі әлемінің арасында психологиялық параллелизм жүргізеді. Боран үдей түскен сайын, Қоспанның жан дүниесіндегі драматизм де күшейе береді. Оқырман кейіпкердің ой талқысынан оның қандай өмірлік жағдаятта болмасын өзінің адалдығын, жүрек тазалығын сақтап қалғанын бақылайды. Оның рух, ерік-жігер мықтылығын, қоғам алдындағы жауапкершілігін, адамдық-азаматтық бейнесін көреді.
Идеялық түйін- қандай қиындыққа түссе де адамдық қасиетті сақтап қалу мәселесі.
bilimland.kz.11-сынып.Проза. Тахауи Ахтанов. «Боран» романын тыңдай аласыздар.
"Шырағың сөнбесін" романы туралы жалпы түсінік
“Шырағың сөнбесiн” романы “Жұлдыз” журналының 1973 жылғы 10-11 сандарында, 1980 жылғы 2-3 нөмірлерiнде қалың оқырман назарына ұсынылған Т.Ахтановтың соңғы романы, кесек туындысы. “ Онда Тахауи Ахтанов Ұлы Отан соғысының шындығын аша отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделілігіне назар аударады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі шытырман соғыс қасіретінің сұмдығын әр қырынан ашып, көрсетеді. Қанды қырғынның адам басына салған ауыр нәубеті еріксіз ойландырады. Қазақ әйелі Назира бейнесін кестелеу арқылы талай ойлар айтылады. Роман соғыс алапатына түсіп қалған жас келіншек Назираның атынан баяндалады. Соның көзімен берілетін соғыстың қатал шындығы оқырманды әр түрлі күйге түсіріп, адам тағдырының ойыншыққа ойналғанынақынжылтады. Адамның өмір үшін күресі бас қаһарманның бастан кешкендері арқылы әсері ашылады. Бұл шығармада Назира атты әйелдің өмірін баяндайды.
Роман тақырыбы - Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарындағы кезеңді суреттеуге арналған.
Романның бас кейіпкері қазақтың қарапайым жас келіні – Нәзира. Батыс шекарада қызмет атқаратын кеңес офицері Қасымбекке күйеуге шығып, жат елде жүргенде, кенеттен соғыс басталып кетеді. Жат елде басынан не бір қиындық өткен жас әйел майдан жерінде өмірге ұрпақ әкеліп, жолдасымен қайта қауышады. Ұлын көрген офицер жігіт көп ұзамай соғыста мерт болады. Майдан даласында Абат атты жігітпен жаңа өмірін бастаған Нәзира одан да айрылады. Қайтыс болған құрбысы Светаның, өзінің баласын және құрсағында тағы бір перзентін арқалаған жас ана поездға мініп, туған жеріне аттанады.
Романның негізгі идеясы - кiтаптың алғашқы беттерiн-ақ байқалады. Нәзира анасынан ерте айырылады. Әжесi сол анасының қабiрiне шырақ жағып, бата оқып, “Шырағың сөнбесiн!” деп күбiрлейдi. Жас бала Нәзира түсiнбей, жаққан шырақтың майы таусылып, сөнiп қалмай ма дейдi. Сонда әжесi басын шайқап: «– Әй, балам-ай, әлi баласың ғой... Сенсiң ғой оның шырағы. Сенiң тiлеуiңдi тiлеп кеткен жоқ па, бейшара» - дейді.
Жазушы соғыс әкелген зұлымдыққа осындай ұлттық дүниетаным мен адами құндылықтарды, адами күш-қайратты қарсы қою арқылы шығармаға терең философиялық мән дарытқан. Романның күллі оқиғасы әйелдің көзімен тізілгендіктен де, адамдардың жан-дүниесі тереңінен ашылып, роман психологиялық сипат алған.

bilimland.kz.11-сынып. Проза. Тахауи Ахтанов. «Шырағың сөнбесін» романын тыңдай аласыздар.
Бекіту сұрақтары:
1. Тахауи Ахтанов кім?
2. Романдарын атаңдар
3. Прозалары қандай?
4. Драматургия саласындағы еңбектері
5. Қандай жазушылардан аударды?
6. Атқарған қызметтеріне тоқталыңдар
7. Марапаттарын атаңдар
Үйге тапсырма
1. "Боран" романының тақырыбына, сюжетіне, идеясына, кейіпкерлерге сипаттама беріңдер.
2. "Шырағың сөнбесін" романындағы Нәзира бейнесіне талдау жасаңдар.



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген