Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстаным!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Круглоозерный ЖОББМ

Шағын орталық тәрбиешісі

Жумабекова Кулимхан Аккалиевна



Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстаным!»

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілген мерекелік ертеңгілікте балалар барлығы Әнұранды орындайды.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала –дағы ең кіші.

Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,

Shape1 Shape2

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Астана қандай қала?

Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Тамирис: Отан- жерім, Отан- суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан- ұран, Отан- туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

Айназ: Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Айсултан: Шырқап көкке аспан – ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам- АСТАНА !

Бекназар: Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қала- АСТАНА!

Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді тойлаудамыз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?

Балалар: Туымыздың түсі – көк.

Жүргізуші: Иә, өте жақсы.

Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).

Айлин: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада- аспан әлемі.

Інжу: Анаң- күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен- бақытты ұлансың,

Ербол: Тәуелсіздік жолында,

Талай – талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам.

Гүлсезім: Ақ ниеті- алтын күн

Асқақ арман – қыраны.

Жалауы бұл- халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз».

Shape3

Shape4















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12