Тәуелсіз елім менің –
Қазақстан
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік
туралы түсінік беру. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері еліміз,
жеріміз , тәуелсіздігіміз туралы түсінік беру.Елін, жерін сүюге,
тілін құрметтеуге тәрбиелеу.Патриотық сезімдерін
қалыптастыру.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері ,
Слайд
Шаттық
шеңбері:
Армысың мейірімді
жер-ана
Армысың, шұғылалы Алтын
күнім
Армысың , тәуелсіз елім
менің!
Армысың табиғат
анамыз
Әдеппен бас иер
баламыз!
Қайырлы таң, қайырлы күн
баршаға
Қош келдіңіз «Жұлдыз бөбек
жайымызға »!!
Сәлематсыздарма
қонақтар!!
Тәрбиеші –Біз аспаны ашық ,
сәулелі , кең байтақ тәуелсіз елде тұрамыз. Ол
ел-Қазақстан
-ҚР өзінің тәуелсіздік
алғанына 26 жыл болды.Еліміз өркендеп жайнауда.Біз өз елімізді,
жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Қазіргі таңда Тәуелсіз
Қазақстанның дамып көркейгенін слайд арқылы тамашалаймыз
/бейнефильмінен тамашалаймыз.
-ҚР –рәміздеріне не жатады?
/балалар жауабы/
1
бала- Рәміздерім елдігімнің
белгісі...... / Зере/
2бала Айнымайды
аспаннан
Біздің тудың
бояуы
Оны халық
қашанда
Биікке іліп
қояды
3
бала Тәуелсіздік
жолында
Талай-талай тер
тамған
Билігіміз
қолымда
Еркіндігім
елтаңбам
4бала Күміс күй мен әнге толып тұла
бой
Қуанышқа кенелтеді асыл
ой
Шаттандырған баласы мен
бабасын
Тәуелсіздік күні бүгін - ұлы
той!!
Алдар көсе келеді /әндетіп/
Алдармын, Алдармын бәріңді де алдармын а-а о-оо Алдар көсе: Балалар
қаламызда Тәуелсіздік мерекесіне орай той болып жатыр.Мен сендерді
тойға шақырамын.
Тәрбиеші : Қане бәріміз
қатарға тұрып «Жаса Қазақстан» әнін шырқап, мерекеге
барайық.
-Міне мерекеге де келіп
жеттік, қандай тамаша безендірілген. Түрлі жалаушалар шарлар
ілініпті.
Алдар көсе:Той болған соң онда
ақындар айтысады, палуандар күреседі , ұлттық ойындар ойналады. Ал
мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ендеше «Орамал тастамақ»
ойынын ойнайық.
Шарты: Орамал алған бала
тәуелсіздік туралы, Отан туралы , Туған жері туралы , бірлік
ынтымақ туралы мақал-мәтел айтады.
Тәуелсіздік – ел тұғыры
/элиф/, тәубенің зоры-Тәуелсіздік /зере/
Азат елдің аспаны ашық
/Амина/, Егеменді елдің еңсесі биік /мансур/ Ел іші-алтын бесік
/Еркеназ/
Ел болам десең бесігіңді түзе
/Айгерім/, Отан от басынан басталады /ракош/, Отан оттан да ыстық
/хиуаз/ Ырыс алды-ынтымақ /алтыншаш/ , бірлік болмай, тірлік болмас
/мерей/
Жарайсыңдар балалар сендер
мақал-мәтелді де көп білесіңдер екен.
Біз қандай мерекені тойлап
жатырмыз
Балалар –Тәуелсіздік мерекесін
тойладық
/Тәрбиеші : ендеше Алдар көсе
аспанымыз ашық, заманымыз тыныш , бейбітшілік болсын деп балалармен
бірге бейбітшілік құсын ұшырайық!/
Тәрбиеші : Алдар көсе біздің
балалардың өзіңізге және қонақтарға арнап сыйлықтар жасап
береді.
«Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 25 жыл» деп жазылған түрлі-түсті параққа күнді
жапсырып Алдар көсемен қонақтарға тарту
етеді.
Алдар көсе ; Сыйлықтарыңыз
маған ұнады , рахмет Сау болыңдар балалар
!!
Тәрбиеші : құрметті қонақтар,
қымбатты балалар . Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып
,заманымыз тыныш болсын!
Сау
болыңыздар!