70% арзан
30% арзан

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: «Тәуелсіз еліміздің бүгінгі батырлары»
Күні:_________________________
Үйірме:______________________
Тақырыбы: «Тәуелсіз еліміздің бүгінгі батырлары»
Мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
Барысы:
1. Кіріспе.
Тәуелсіз ел- Қазақстан.
2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
3.Тарихи оқиғалар тізбесі.
4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
5. Қорытынды.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойндайсың.Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Қазақ халқы азаттык үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір: «Тақсыр! Қазақтар келіп тұр»
Хан: «Кірсін!»
«Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да, елдеріңе қайтыңдар!»
Қазыбек: «Біз – қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ табысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт »
Хан: «Балам, атың кім?»
Қазыбек би: «Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек »
Хан: «Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын»
Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
2-жүргізуші: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс шаруаларына үлестіріп берген олар халықтың ашу-ызасын тудырды. Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.
Махамбеттің өлеңінен үзінді. «Мен, мен едім, мен едім...» Оқитын Б. Нұрсұлтан.
«Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсамдеп едім»
1917 ж. бастап қазақ елі кеңес елінің құрамында болды. 1925-1933ж.ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп , «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына тіреп негізгі күн көрісі мал болған қазақтар екі-үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.1937ж. асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. (Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың портреттері) Ақтаңдақ жылдардағы «қазақ» деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
«1941-1945ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді» ( Кеңес Одағының Батырлары - слайд)
Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды. ( Желтоқсан оқиғасы жайлы слайд көрсетіледі) С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі тыңдатылады Желтоқсан құрбандары-Ербол, Қайрат, Ләзат сынды аға-апаларымздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің ішінде 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы– Астана.
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемелекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс,көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.
Еліміздің өзіне тән туы, елтаңбасы,әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары- Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік туы көгілдір түсті. Онда Алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі - бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы - байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт-дәстүрдің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының елтаңбасының бастысы- шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері.Қазақта «Ат- адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды , жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Елтаңбаның авторлары - Шота Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібекұлы.
1991ж. 29 тамызда |
Семей полигоны жабылды. |
1991ж. 2 қазанда |
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. |
1991ж. 1 желтоқсанда |
Тұңғыш президентіміз сайланды. |
1992ж. 2 наурызда |
Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып кірді. |
1992ж. 4 маусымда |
Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды. |
1993ж.15 қарашада |
Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді. |
1994ж.19 маусымда |
Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды. |
1995ж. 30 тамызда |
Жаңа Конституцияның қабылдануы. |
1998ж. мамырда |
Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді. |
1999ж. 10 қаңтар |
Президент сайлауы болды. |
2000ж. |
«Мәдениетті қолдау жылы» Түркістанға 1500жыл толды. |
2002ж. |
«Денсаулық жылы» деп аталды. |
2004ж. |
«Қазақстан –Ресей жылы» болды. |
2007ж. |
«Қазақ тілін қолдау » жылы болды. |
2009ж. |
«Ана мен бала жылы» |
2010ж. 12 желтоқсан |
Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті. |
2011ж. |
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды. |
2012ж. |
Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті. |
2012 ж. |
Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды. |
Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
«Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да, елдеріңе қайтыңдар!»
Қазыбек: «Біз – қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ табысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт »
Хан: «Балам, атың кім?»
Қазыбек би: «Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек »
Хан: «Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын»
Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс шаруаларына үлестіріп берген олар халықтың ашу-ызасын тудырды. Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.
Махамбеттің өлеңінен үзінді. «Мен, мен едім, мен едім...» Оқитын Б.Нұрсұлтан.
1917 ж. бастап қазақ елі кеңес елінің құрамында болды. 1925-1933ж.ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп , «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына тіреп негізгі күн көрісі мал болған қазақтар екі-үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.
1937ж. асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. (Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың портреттері)
: Ақтаңдақ жылдардағы «қазақ» деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
«1941-1945ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді» ( Кеңес Одағының Батырлары - слайд)
Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды Желтоқсан құрбандары-Ербол, Қайрат, Ләзат сынды аға-апаларымздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін,
Көңілім көкке шарықтады, серпілдім.
Көкірегім мұздап еді, ерідім,
Домбырадай күмбірледі көңілім,7
5-оқушы:
Қазақстан – қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті,
У-уайымсыз уақытты,
Е- егемендік елдікті.
Л-дейді лағып лепірме,
С-сенімділік секілді,
І-ілтипат пен ізетті
З- зиялылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа,
І- ізденіс пен нәтиже
К- дейді күн боп көктегі
Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің ішінде 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы– Астан
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемелекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс,көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Еліміздің өзіне тән туы, елтаңбасы,әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары- Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік туы көгілдір түсті. Онда Алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі - бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы - байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт-дәстүрдің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының елтаңбасының бастысы- шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері.Қазақта «Ат- адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды , жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Елтаңбаның авторлары - Шота Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібекұлы.
1991-2012 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жетті. (Слайдтар көрсету)
1991ж. 29 тамызда |
Семей полигоны жабылды. |
1991ж. 2 қазанда |
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. |
1991ж. 1 желтоқсанда |
Тұңғыш президентіміз сайланды. |
1992ж. 2 наурызда |
Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып кірді. |
1992ж. 4 маусымда |
Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды. |
1993ж.15 қарашада |
Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді. |
1994ж.19 маусымда |
Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды. |
1995ж. 30 тамызда |
Жаңа Конституцияның қабылдануы. |
1998ж. мамырда |
Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді. |
1999ж. 10 қаңтар |
Президент сайлауы болды. |
2000ж. |
«Мәдениетті қолдау жылы» Түркістанға 1500жыл толды. |
2002ж. |
«Денсаулық жылы» деп аталды. |
2004ж. |
«Қазақстан –Ресей жылы» болды. |
2007ж. |
«Қазақ тілін қолдау » жылы болды. |
2009ж. |
«Ана мен бала жылы» |
2010ж. 12 желтоқсан |
Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті. |
2011ж. |
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды. |
2012ж. |
Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті. |
2012 ж. |
Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды. |
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін,
Көңілім көкке шарықтады, серпілдім.
Көкірегім мұздап еді, ерідім,
Домбырадай күмбірледі көңілім.

