|
МАД
|
Тәрбиеші:
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
|
Тақырыбы
|
Тәуелсіз
Қазақстан
|
|
Сабақтың
мақсаты
|
Тақырыпты
зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне
білуге үйрету, мазмұны бойынша қойылған
сұрақтарға жауап беруге ынталарын
арттыру.
|
|
Көрнекіліктер
|
Үлестірмелі суреттер, плакат
т.б
|
|
Іс-әрекет
кезендері
|
Тәрбиеші
әрекеті
|
Балалардың іс —
әрекеті
|
|
Психологиялық ахуалды
қалыптастыру
|
Берекелі
бақ-дәулет,
Арта түссін
тойланып.
Сау
болындар, балалар,
Келгенше жыл
айналып
|
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық
жасайды.
|
|
Ұйымдастыру
іздестіру
Жаңа
сабақ
|
-
Қандай сөз пайда болды? (Отан) Отан деген не? Отан деген сөздің
мағынасы – ол адамның туып - өскен жері. Отан туралы қандай
тақпақтар білесіңдер? (1, 2 оқушы тақпақ оқиды)
- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? «Отансыз адам –
ормансыз бұлбұл», «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан
басталады».
1. Мұғалім сөзі. – Жаңа
мақалда айтылғандай, Отансыз адам болмайды. Балалар, біздің
Отанымыз қай ел? (Қазақстан)
Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным –
Тәуелсіз Қазақстан». (дәптерлеріне жазады, эпиграф туралы айту)
- Қазақстан туралы не білесіңдер? (Қазақстан тәуелсіз мемлекет,
астанасы – Астана қаласы, президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, бай
мемлекет) Дұрыс, енді қазір жаңа мәтінмен таныс
боласыңдар.
|
Балалар барлық
қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген
тапсырмаларды
орындайды.
|
|
Сергіту
сәті
|
Тарсылдатпай
едендi
Орнымыздан тұрып
ап
Жүгiрейiк бiр
уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi,
үш.
Аяқты алға
созайық
Тiк көтерiп,
қозғайық.
Тым
сылбыр да болмайық
Алға қарай
озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi,
үш.
|
Оқушылар ойын
ойнайды
|
|
Рефлексивті —
түзетушілік
|
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол –
тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16
желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 22 жыл болады.
Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі
– қазақ тілі.
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт
- дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.
Қазақстанның табиғаты әдемі.
Біз Отанымызды мақтан
етеміз.
Сонымен, балалар, бүгін Қазақстан туралы не
білдік? Ал енді кластер құрастырайық. (дәптерге жазу)
Отан
Астана
Тәуелсіз Қазақстан
рәміздер
қазақ тілі табиғат
|
Тапсырмаларды әр бала
өз алдына ерекше
орындады.
|
|
Күтілетін
нәтиже:
|
|
Білу
|
Тапсырма мазмұнын
толық есте
сақтады.
|
|
Өзіне
үйренгені
|
Жаңа білімді
түсінеді
|
|
Үйрену
|
Сұрақтарға толық жауап беруге
үйрену.
|