Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұғырым»

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған мәнерлеп оқу сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұғырым»

Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін сүюге, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету, оқушылардың сөздік қорын, қиялын, мәнерлеп оқу дағдысын дамытып, өз ана тілін бойына сіңіру, шыншылдыққа үйрету.

Көрнекілігі: слайд «Тәуелсіз ел - Қазақстан», бейне-аудиомәтін электронды нұсқада өлеңдер, «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» кітап көрме

Жоспар.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар , оқушылар Тәуелсіздікке 26 жыл толуына орай ұйымдастырып отырған 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

(Ән: «Көк тудың желбірегені». Қатысатын оқушылар ән әуенімен қолдарына жалау ұстап сахнаға шығады.)

Әнұран орындалады.

Бүгінгі 3-4 сынып оқушыларының мәнерлеп оқу сайысын бағалаушы  әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. ӘЖ директордың орынбасары, қазақ тілі мұғалімі Айжарқын Ондыбайқызы

  2. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бұланбаев Дәуренбек Дәнекеевич

  3. ОІЖ директордың орынбасары,бастауыш мұғалімі Рахметова Гулзат Турсуновна

Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілетінін қаперлеріңізге береміз. Мәнерлеп оқу сайысының бүгінгі жеңімпазы қалалық сайысқа жолдама алады. Ал, енді сайысымызды бастаймыз.

«Тәуелсіздік шежіресі» атты видео көрсетіледі.

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды. Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізгелі отыр.

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік! Бостандық! Кім-кімнің де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Тәуелсіздік жолы алыс пен жақынды, кешегі мен болашақты жалғайды.

2 - жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заң қабылданып, отанымыздың Тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.16 желтоқсан - қазақ халқы үшін ұлы күн.

1) 3«А» сынып оқушылары

    1. «Қуан қазақ» Базарбай Исаев

    2. «Тәуелсіздік құтты болсын баршаға»

    3. «Қазақстан - тәуелсіз ел»

    4. «Тәуелсіздік - тұғырым» Орынбасар Самалықов

    5. «Тәуелсіздік - тірегім»

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні –ең қастерлі күн.

2) 3«Ә» сынып оқушысы +

  1. Еркінбек Дидар «Тәуелсіздік» Қалқаман Сарин

  2. Талғатұлы Саян «Тәуелсіздік - тірегім» Қанаев Марат

  3. Тұрсынбек Нәзік «Тәуелсіздікке 26 жыл»

2 - жүргізуші:

Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,

Не көрмеді Қазақ елі соны ойла, - дей келіп ортаға


3) Б» сынып оқушысы +

  1. Серғазы Бекзат «Үш бақытым» М.Мақатаев

1 - жүргізуші:

4) В» сынып оқушысы +

  1. Совет Арслан «Тәуелсіздік күні» Садулова Әдемі

  2. Шадихан Ақерке «Тәуелсіздік деген осы» Ерлан Ахмет

5) Г» сынып оқушысы +

  1. Мұхамбет Инабат «Қазақстан» Ауыт Мұқибет

  2. Асқар Далила «Тұрар Рысқұлбековтың монологы»

  3. Қалманбай Ханифа «Еркіндік» Қалқаман Сарин

1 - жүргізуші: Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекетін құруға деген заңды құқығы,- деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай , бабалар аңсаған тәуелсіздікке қолымыз жетіп отыр. Бабалар аманатына адал болу әр қазақ үшін бұзылмайтын серт.

6) 4«А» сынып оқушысы +

  1. Бұрханұлы Әли Қабірден хат. Әлібек Шегебай. Қайрат Рысқұлбековтың монологы

  2. Абжанова Алуа «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» Азармат Орынбасаров

  3. Амангелді Нұрайым «Тәуелсіздік»

2 - жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің. - деп жырлағандай, туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік ету, еліміздің ертеңі ұлттар достығы,татулығы, теңдік деген ұғымды білдіреді.

7) 4«Ә» сынып оқушысы +

  1. Комытова Бибинур «Тәуелсіздік » Қалқаман Сарин

 1 - жүргізуші:                                                    

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

8) 4«Б» сынып оқушысы +

  1. Серік Ансаған «Тәуелсіздік тарих ізімен»

  2. Садықбек Ұлжан «Азаттықтың ақ таңы» Гүлсім Дүйсенбаева

2 - жүргізуші: Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.Тәуелсіз елдің тілегі- бейбітшілік, тыныштық, келешегі-білімді ұрпақ. «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңіне кезек береміз.

9) 4«В» сынып оқушысы +

  1. Канешова Жазира «Қыран ұшты» Әдікенова Марфуга

  2. Баймагамбет Ислам «Тәуелсіздік алған күн» Қайрат Алимкулов

1-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі, - дей келіп ортаға бір топ оқушыларды шақырамыз.

10) 4«Г» сынып оқушысы

  1. Хамит Жанерке «Елбасы ел тірегі»

  2. Қабден Мадина «Елбасы Нұр аға»

  3. Базарбек Мөлдір

1 - жүргізуші:

Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

2-жүргізуші.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!


Қатысушыларымыз өз елі, өз жері, өз отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті деген ойдамыз.

Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаңызды қазақ жеріндегі  бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен құттықтаймыз.

Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.

1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп – қорытынды сөзді әділ-қазыларға береміз.

(Сайыс қорытындыланып, қатысқан оқушылар марапатталады.)

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.

1-2 жүргізуші бірге: Мереке құтты болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
1988
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12