Материалдар / Тақырыбы: "Үй құстары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: "Үй құстары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгі көмек ретінде ұйымдастырылған оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиеші: Абилкадырова Зауреш Аманжоловна

6 «Нұрай» балабақшасы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қоршаған ортамен таныстыру,мүсіндеу.

Тақырыбы: «Үй құстары.»

Мақсаты: Балаларға үй құстар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.

Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Құстардың табиғатқа,адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу,үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге тәрбиелеу.   Эстетикалық талғамдарының болуына жағдай жасау.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Балаларды үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: үй құстары,

Алдын ала жұмыс: әтеш туралы әңгіме жүргізу.

Құралдар үй құстарының суреттері, ермексаз,тақтайша,сулық,үлес-

тірмелі материал,сюжетті суретер,дидактикалық ойындар .

үй құстарының суреттері тауық,әтеш,балапан жұмыртқаның суреті.

Қос тілдік білім: Тауық -курыца,әтеш-петух,балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су вода.

Іс-әрекет кезеңдері

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанамыз бәріміз.

Арайлап атқан таңға.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Бар адамға ізетпен

Бас иеміз біз!!

Бүгінгі күн тамаша!!!
Біздің көңіл күйде керемет.



Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі тәрбиеші үй құстары туралы әңгіме жүргізді. Үй құстары туралы суреттермен жұмыс .

-Үй құстарын адамдар өсіріп,күтеді,үй жағдайында

ұстайды.Қорада тұрады.Жем жейді.Әтеш таңертең ерте оянып, ку- ка-ре-ку деп таңның атқанын білдіреді екен, ал тауық бізге жұмыртқа береді. Тауықтың ұлпа мамығынан жастық көрпеше жасаймыз.Сондықтанда құстарды қорғаймыз.

Балаларға үнтаспадан үй құстарының дыбысын тыңдату.
-Балалар,сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?
-Иә,балалар,үй құстарының дауысы екен.
-Дұрыс,тауық,әтеш,қаз,үйрек,балапан және т.б.Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды?
Суретпен жұмыс.
-Балалар,үй құстарының адамға пайдасы өте көп. Олардың жұмыртқасы мен еті-тамақ. Бүгін үй құстарының бірі-тауық және оның балапанымен танысамыз. Тауық-ең көп тұрған құстардың бірі. Оның балаларын балапан деп атаймыз.
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
-Балапанның түсі қандай?
-Тауықтарға жем,су береміз.
Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне,балалар,суреттен көріп тұрғандарыңдай,әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оның айдары бар,ал қауырсыны түрлі түсті болады.
Тауықты сипап көрейік(жұмсақ ойыншықты тауықты көрсету)жүні майда,айдары бар,тұмсығын,қанатын созып көрейік,ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.

Үй құстары қалай дыбыстайды?

Picture 28 Picture 19 Picture 10 Picture 13 Picture 7

Тақпақ қайталату. «Нан қоқымын шашпау»ҚАЙТАЛАТУ,тұрып айтқызу.

Сергіту сәті: «Бала,бала, балапан» аудио таспамен ойнату арқылы қимылын жасату.

Дидактикалық ойын

«Үй құстары,дала құстарын ажырат?»



Билингвалдық компоненті: Тауық -куры,әтеш-петух,балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.
Балалар тыңдайды. Олардың жауаптары тыңдалады.

Балалар құстардың аттарын атап қайталайды.
Үйде күтіп-баптап өсіретін құстарды үй құстары деп атайды.
-Балапан.
-сары (суретке қарап атайды)
Балалар үй құстарының дауысын салады.
-Қыт-қыт.
-Ку-ка-ре-ку.
Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Тауық -куры,әтеш-петух, балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.

Ыдыста су .ыдыстың астында құстар суреті .Стаканды дүрбі ретінде пайдалану.Стаканды жүргізу арқылы үй құстарын атау . Дүрбі арқылы яғни стаканды жылжыту арқылы ,құстардың атын атау.

Қауіпсіздік ережесін қайталау.

Ермексазды ауызға салуға болмайды,ұқыпты жұмыс істеу керек.

Үлестірмелі материалға назар аудару.

-алдымен балалар мұқият тыңдаймыз, Мынау қағазда әтеш бейнеленген . Дөңгелекшелерге ермексаздан кішкене дөңгелекшелер жасап жапсырамыз. Тарелкеге де ермексазды саусақпен жағып үстіне шекілдеуікті ермексазға жапсырамыз.

Балалар енді жұмысқа кірісеміз.

Әтештің мүсінін мүсіндеу. Әтештің денесіндегі дөңгелекшелерге ермексазды жапсыру.тәрелкеге ермексаздың үстіне шекілдеуік жапсыру,яғни тамағын.құстарға қамқорлық.



Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетінде оқып үйренгенін пысықтайды. Балалар жауап береді. Балалар бүгінгі күннің сабағына белсене қатыстыңдар, әрдайым белсене қатысыңдар. Рахмет сендерге , балалар менің сіздерге арнаған сыйлығым бар. Сендерді аналарын қалай еркелетеді. МЕНІҢ БАЛАПАНЫМ ДЕП . менде сендерді кішкентай менің балапандарым деп еркелетемін. Әрдайым ақылды болыңдар деп сары балапан суретін сендерге сыйға тартамын.Көрме ұйымдастыру.

-Мен құстарды жақсы көремін,мен жем,су беремін т.б.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді:үй құстары мен дала құстарын,олардың аттарын,түстерін ажырата біледі.

Қандай түсініктерді игерді:тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті игереді.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: үй құстары және олардың пайдасы туралы білімді меңгереді.

Қандай түсініктерді игерді:тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті игереді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!