Материалдар / Тақырыбы: "Ұл ұятымен,қыз қылығымен ардақты"атты дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: "Ұл ұятымен,қыз қылығымен ардақты"атты дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты атты дөңгелек үстел.

Мақсаты:

1. Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.

2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру.

3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» атты буклет.

I.Ұйымдастыру.

II.Кіріспе бөлім.

Мұғалім: Адам табиғаттың қандай түріне жатады? (тірі)

Жануардан, өсімдіктен қандай айырмашылығы бар? (Адам басқа тіршілік иелерінен өзінің терең ойланатындығымен, саналығымен ерекшеленеді).

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» деп аталады.

III.Негізгі бөлім.

Мұғалім: Иә, балалар, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Жақсы адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез - әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Сендерге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, шындылықты үлкендер үйретеді. Үйде ата-аналардың, мектепте мұғалімдердің сендер міндетті түрде орындайтын тәртіп ережелері бар. Ол – «Ержетер ұл ережесі , бойжетен қыз ережесі».

«Екі дос»

Адамзат ұлдарының бірі - Әбунасыр әл Фараби достық туралы қалай деген екен? Халқымызда ғұлама ғалымдар, ақын – жазушылар, билер, шешендер адамдардың қажетіне байланысты қарым – қатынастарына байланысты, бала тәрбиесіне байланысты өте көп өсиетті сөздер, ақыл – кеңес айтқан.

1. Достықтың екі түрі болады. Оның бірі – адал дос та, екіншісі – айнымалы дос.

2. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет.

Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы – тұщыны бірдей татып, нені болса да бірдей көретін болады.

Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез – құлқындағы кемшілігін айта берудің қажеті жоқ. Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымай – талмай жұмыс жүргізген ғанибет.


Балаң жақсы болса

Екі көздің шам – шырағы

Міне – бес бақыт осы.

Мұғалім: Өздеріңе байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Жаман әдеттерден сақтандыру үшін айтылатын сөздер бар. Қазақ мұндай сөздерді қалай айтады?

«Тыйым сөздер» дейді. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. Оқушылардың тыйым сөздерін тыңдайық.


Тыйым сөздерді жатқа айту.

1. Дастарханды, тамақты баспа.

2. Нанды жерге тастама, үстіне зат қойма.

3. Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.

4. Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.

5. Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.


Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

Ыбырай Алтынсарин.


Жақсы жігіт белгісі.

Жақсы туған жігітті

Жаным десе жарасар.

Жақсы ұл туған әйелді

Ханым десе жарасар.


Жақсы туған жігітке

Бүкіл елі таласар.

Жаман туған жігіттер

Қара жолдан адасар.



Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса уысыңнан шығарма.

Қатта тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.


Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер-

Әке – шеше жүзі жайнап нұр себер.


Ақылсыз адам өкінішпен қартаяр,

Есті адам қайғырмай-ақ қартаяр.


IV бөлім

Мұғалім: Бұл бөлімде қиын сұрақтарға, хаттарда жазылған жағдайаттарды орындау.

«Жалғастыр» ойыны.

1.Мен басқы сөзін айтамын, сендер ойланып жалғастырып айтуларың керек.

Үлкен кісіні - ........ (сыйлау керек)

Үлкеннің - ....... (тілін алу керек)

Үлкендерге - ....... (сәлем беру керек)

Аналарды, әкелерді - ......... (сыйлау керек)

2. «Ананың ақ сүтін ақта» тақырыбында төрт жол өлең жазу.

3. Адалдық пен адамдықты қалай түсінесің?

4. «Жеті қырлы, бір сырлы» жігіт кейпін сипаттау.

5. Абайдың он сегізінші қара сөзінде не туралы айтылады? (Адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой түйеді.)


Қорытынды «Жақсы – қасиет – жаман» кестені толықтыру.

Еліміздің ардақты азаматтары болу үшін үйдегі, мектептегі айтылатын ақыл – кеңестерді, үйреткен тәрбиені бойларына сіңіріп, шебер, өнерлі, өнегелі, білімді, тәртіпті балалар болыңдар.














Абай орта мектебі









Тақырыбы:



«Ұл ұятымен,қыз қылығымен ардақты»

атты дөңгелек үстел





































Ұйымдастырушы педагог: Э.Қуандықова







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!