400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Ұлтым деген ұлы арман ...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби – танымдық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлтым деген ұлы арман ...»

(Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби – танымдық сайыс)

Өткізілу түрі : сайыс

Мақсаты: Қазақ әдебиетін барлық салада байытқан жазушы Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын терең де түбегейлі тану, насихаттау. Студенттердің көркем әдебиетке деген ынтасын арттыру, сөйлеу шеберлігін, тіл байлығын, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Жүру барысы: Кіріспе

Оқытушының сөзі:

Атақты жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлесін қосқан Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Оның шығармашылық жолы жарқын оқиғалар, терең әлеуметтік идеялар және әлі күнге дейін оқырмандар мен зерттеушілерді шабыттандыратын мәңгілік шындыққа толы.

Жастайынан жетім қалғанына қарамастан, Бейімбет Майлин өз сауатын ашып, Троицк және Уфа қалаларында білім алды. Мектепте мұғалім ретінде сабақ беріп, шығармашылық жолын қазақ халқының сауатсыздықпен күресіне арнады. «Қазақ» газетінде және «Садақ», «Айқап» журналдарында мақала жазумен айналысып, «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет еткен.

Бейімбет Майлин әр түрлі әдеби жанрларды жетік меңгеріп, өзін әмбебап жазушы ретінде көрсетті. Оннан астам өлеңдердің, көптеген әңгімелердің, очерктердің, фельетондардың авторы болды. Оның шығармалары өзекті әлеуметтік бағыттылығымен және терең психологиялық талдауымен ерекшеленді.

«Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады» – деп жазған Мұқтар Әуезов. Жазушы әңгімелерінде өз заманының шындығын мәлімдеп, қоғам тіршілігінің көрінісін реалистік тұрғыда көрсеткен дара тұлға. Шығармалары мен өлеңдерінің кейіпкерлері арқылы халықтың мұңын, өмірін суреттеп қана қоймай, өз терең ойлары мен ұстанымдарын жеткізе алған.

Майлин қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырды. Оның «Шұғаның белгісі» повесі, «Азамат Азаматович» романы, «Байдың қызы», «Мырқымбай» поэмалары сияқты шығармалары оқырмандар мен жазушылардың жаңа буындарын қуантып, шабыттандырып келеді.

Осыдан 130 жыл бұрын есімі қазақ әдебиеті тарихының алтын беттерінде мәңгілік қалатын жазушы дүниеге келді. Бейімбет Майлин – тек жазушы ғана емес, әдебиеттегі шындық, әділдік, адамгершілік үшін күрестің символы. Оның еңбегін ұрпақтарымызға даналық, өнеге ретінде ұлықтап, қазақ елі үшін жасалған құрбанын бағалайық.

Ақын, драмматург, жазушы Б.Майлин өмір жолына арналған бейнеролик көрсетіледі .

Біз бүгін қазақ әдебиетінің алып тұлғасы, жүрегі ұлтым деп соққан Бейімбет Майлиннің шығарамашылығына арналған әдеби – танымдық кешімізге 1 курс студенттерін шақырып отырмыз. Олай болса, бүгінгі сайысымыз арқылы жазушы мұрасын жаңғырту, оның шығармашылық қызметін насихаттау мақсатында тоқталып өтсек дейміз. Екі топқа бөлініп сайысымызды бастаймыз!

1 топ-БҚ-24-2 тобы, 2 топ-БҚ-24-4тобы

Кешіміз келесі кезеңдерден тұрады:

  1. «Қанат қақты» кезеңі». Әдеби викторина (әр топқа 6 сұрақ)

  2. «Самғау» кезеңі. Әр топ Б.Майлиннің бір шығармасын талдайды

3. «Шарықтау» кезеңі Жазушы шығармаларындағы тақырыпты қазіргі қоғаммен байланыстырып, постер қорғау

4. «Шырқау» кезеңі. Ақын өлеңдері үлгісі бойынша 2 шумақ өлең шығару

5. «Жерұйық» кезеңі. «Жазушыға хат» жазу

1 топқа

1.Б.Майлин өмір сүрген жылдар?

А) 1894-1938ж.ж В)1895-1938ж.ж С)1893-1939ж.ж

2.Б.Майлиннің повестерін атаңыз

А)«Раушан –коммунист», «Шұғаның белгісі» В) «Азамат Азаматович», « Қызыл жалау» С) «Разия қыз», «Мырқымбай»

3.Бейімбет Майлиннің туған жері

А)Қостанай облысы Таран ауданы Ақтөбе ауылында В)Алматы облысы Ақсу ауданы С) Ақтөбе облысы, Алға ауданы

4.«Шұғаның белгісі" хикаясы неден басталады?

А) Екі жолаушының әңгімесінен В) Әбдірахманның ауылға келуінен

С) Автордың кейіпкерлерді суреттеуінен

5. Б. Майлиннің поэмаларын ата

А) «Байдың қызы» В) «Қашқын келіншек» С)«Күлпаш»

6. Қазақтың үш бәйтерегі

А)Ілияс Жансүгіров Бейімбет Майлин Сәкен Сейфуллин

В)Абай Құнанбаев Шоқан Уәлиханов Ыбырай Алтынсарин

С)Мағжан Жұмабаев Міржақып Дулатұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы

2 топқа:

1. Бейімбеттің шын есімі кім?

А) Жанбағамбет В)Баймағамбет С) Бимағамбет

2. «Шұғаның белгісі" шығармасындағы кейіпкерлер

А)Ботагөз, Итбай, Аманай В) Әбдірахман, Шұға, ҚасымС)Әбдірахман, Шұға, Ұлпан

3.Бейімбеттің әңгімелерін ата

А)«Кедейге», «Құтты болсын мейрамың» В)«Аштық құрбаны», «Күлпаш», «Айт» С)«Раушан — коммунист», «Азамат Азаматыч»

4.Бейімбет Майлин кім?

А)Алаш қайраткері В)Ақын,жазушы С)Сазгер, күйші

5.Б.Майлин қайда оқыды?

А)Троицкі, Уфа қаласы В) Орынбор, Алматы қаласы С)Қостанай, Атбасар қаласы

6.«Күлпаш» әңгімесінің кейіпкерлерін ата

А)Күлпаш;Мақтым,Раушан В)Әбдірахман, Шұға, Ұлпан С)Күлпаш, Разия, Мырқымбай

Олай болса, сайысымыздың келесі кезеңінде шығармашылық таланты жарқырай ашылып, өнімді жазуы, қаламынан алуан түрлі жанрларда, сала - сала тақырыптардағы бағалы еңбектерінен қысқаша мазмұнын айтып, талдау жасап өтейік !

2.«Самғау» кезеңі мұнда бізге берілген тапсырма - Б.Майлиннің бір шығармасына талдау жасау керек.

«Күлпаш» әңгімесі және «Шұғаның белгісі» повесі ( шығарманы талдау)

3. «Шарықтау» кезеңі. Жазушы шығармаларындағы тақырыпты қазіргі қоғаммен байланыстырып, постер қорғау

4.«Шырқау» кезеңі. Ақын өлеңдері үлгісі бойынша 2 шумақ өлең шығару

5.«Жерұйық» кезеңі. «Жазушыға хат» жазу

Осымен, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.

Сайыс нәтижесін шығару, топтарды марапаттау .

Қорытынды сөз: Ойымызды жинақтай келіп, қорытып айтсақ, Бейімбет Майлин - өзінің жеке басының азаматтық, адамгершілік қасиеттері жағынан да, шығармашылық, шеберлік үрдістері тарапынан да біздер мен кейінгі ұрпаққа атап айтарлық, масаттана мақтанарлық, әркез үлгі - өнеге тұтарлық, тамсандырып табындырар тағылымдар қалдырған асқаралы заңғар жазушы. Шығармаларын оқып, білген – түйгенімізді кәдемізге жарата білейік!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2025
300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі