Тақырыбы: «Ата Заңым
-айбыным»
Мақсаты: Балалардың Отанға деген
сүйіспеншілігін оята отырып , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Патриоттық
сезімін ояту.Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз
жеткізу.
Көрнекілігі
: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
суреті, мемлекеттік рәміздері , әнұранның фонограмасы
,слайд.
Әдіс –
тәсілі: Түсіндіру , сұрақ-жауап,
қайталау ,ойын ойнату
(Балалар шеңберге тұрып
амандасады)
Амансың ба, көк
аспан!
Амансың ба,
жер-ана!
Амансың ба,
достарым!
Сендерді көрсем
қуанам.
Жүргізуші сұрақтар
қояды:
-Арайлаған танды сүйетін
кім?
-Алтын сәулені сүйетін
кім?
-Туған жерді сүйетін
кім?
-Ата-ананы сүйетін
кім?
-Досын сүйетін
кім?
-Еліміздің болшағы
кімдер?
Жүргізуші: - Қазақстан Республикасы
тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды.
Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30- тамызда 1995 жылы
өз Ата Занымыз қабылданды . 30- тамыз – мемлекеттік мереке
Конституция күні деп аталады.
Елдігімнің -
реңі,
Теңдігімнің –
тірегі,
Мүдесінен
халықтың
Ажырамас бір
елі.
Алтын заңым – арай
таңым!
Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігін
дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары –
үлкендерге , балаларда мемлекеттік рәміздерді олардың
символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз елінің Туын , Елтанбасын
және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау
.
-Балалар , біз қай елде , қай
Республикада тұрамыз ?
-Қазақстанның елордасы қай
қала?
-Елбасымыз
кім?
-Біз Қазақстан Республикасының
рәміздерін білеміз бе?
-Балалар сендер рәміздер
туралы білесіңдер ме?
Жүргізуші: Қатар шақпан қос
тұлпар
Ай үстінде қазақ
үй
Қалықтаған жас сұңқар
.
Шарықтаған таза
күн
Бұл таңбасы
елімнің,
Елдігімнің
белгісі.
(Балаларға Елтаңбаны көрсетіп
түсіндіреді)
Жүргізуші: Отан туы
желбіреп,
Көз тартады құбыла
,
Біз қараймыз
елжіреп,
Туған жердің
туына
(Балаларға туды көрсетіп
түсіндіреді)
Жүргізуші: Ән ұраным –жан
ұраным,
Айтар
әнім,сөйлерсөзім.
Туған жерім
сағынарым,
Мәңгі бақи
шырқалады.
(ҚР Мемлекеттік Гимні
орындалады)
Қимылды
ойын: Киіз
үй
Көтеріліп
шаңырақ,
Уықтары
шаншылар.
Керегелер
керіліп,
Өрімдей боп
өрілер,
Бәріміз жүрсек
айналып,
Киіз үй болып
көрінер.
Жүргізуші:ҚР Конситуциясы күні
баршамызға құтты болсын!
Еңсесін асқақтатқан
Қазақстанымыз жайнап,гүлдене берсін,-дей отырып, «Ата Заңым
-айбыным» тақырыбындағы іс-шарамызды
аяқтаймыз.