Тақырыбы:Бала тәрбиесіндегі қазақ мысал өлеңдерінің өміршеңдігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:Бала тәрбиесіндегі қазақ мысал өлеңдерінің өміршеңдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ мысал өлеңдерін балаға ерте жастан оқытудың маңызы жайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Курамысова Жансая Адилгалиевна

Ақтөбе қаласы,

МКҚК №17 «Шұғыла» МДҰ,

қазақ тілі мұғалімі


Тақырыбы: Қазақ мысал өлеңдерінің бала тәрбиесіндегі өміршеңдігі


Жаста оқыған оқуың- тасқа жазғанмен бірдей,

Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей.

Халық даналығы


Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін, біз білімді бай Һәм күшті болуымыз керек, білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек.Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс жасау керек.»Болашақ ұрпаққа білім беру жолында әр халық әр түрлі инновациялық тәсілдер қолданады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарында монтессори, мальберт тастары арқылы, тағы да басқа тәсілдер арқылы дамыту жұмыстарын жүзеге асырып жүр. Балаға білімнен бұрын тәрбие беру маңызды іс. Бала тәрбиесі де осы керектің жолында жұмыс жасау екендігі сөзсіз. Ол- біздің көлеңкеміз, біз қайда бет бұрсақ, ол сонда бет бұрады. Өмір бойы ізіңнен қалмайтын, бізбен бірге жасайтын сыңарымыз секілді. Ұлттың ұлағатты ұлт болып қалыптасуы бала тәрбиесінің негізінде жатыр. Ғасырдан ғасыр асырып жалғасқан бұл мәселеге қазақ халқы жайдан -жай қарамағаны сөзсіз. Себебі тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады деп білеміз.

Баланы тәрбиелеу түрлі әдіс- тәсілдер арқылы жүзеге асатынын да естіп, көріп жүрміз. Өз тәжірибемде мен әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындық барысында өлең жолдарын түйін сөз ретінде алып жүрмін. Мысалы: «Әрбір сөзім үйрену, ұғу, ұлағат, әрбір адам- досым, бауырым жұрағат!» деген сияқты сөздерді алып осы сөздер арқылы балаларға тәрбие беруге тырысып жүрмін. Нәтижесі оң болып жүр. Сол мысал өлеңдер балаға жаттауға жеңіл, тілі орамды, ұйқасты болып келеді. Ертегілер көбіне қара сөз бен жазылады. Оларды жаттау балаға оңайға түспейді. Ал, қазақ мысал өлеңдерінің ерте жастағы балаларды оқытуда маңызы өте зор.

Мысал өлеңдердің балаға қазақ тілін үйретудегі және тәрбиелеудегі 10 артықшылығы:

1. Балаларды жақсы сөйлеуге әдеттендіреді.

2. Баланың ойы- қиялы спецэфектілермен шектелмейді.

  1. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді.

  2. Орыс тіліндегі нұсқасы да, қазақ тіліндегі нұсқасы дайын.

  3. Қысқа әрі мазмұнды.

  4. Мысал өлеңдерді жаттау бала миын шынықтырады.

  5. Қазақ төл дыбыстарын нақышына келтіріп айтуға машықтанады.

  6. Мысал желісін толық және тез түсінуге дағдыланады.

  7. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренеді.

  8. Ізгілендіріп, инабаттылыққа тәрбиелейді.


Біз заман дамыған сайын адам ойы да, санасы да дамиды дейміз. Иә, ол рас. Балалардың ойы да, санасы дайын нәрсеге үйреніп бара жатыр, бәрі автоматтандырылып кеткен сияқты. Тіпті біз өзімізде еңбек тәрбиесінен алшақтап бара жатырмыз. Себебі бала өмірге келер келместен қолына телефон беріп қоямыз. Ал, сол телефон ішіндегілер өз алдына түбі теңіздің тереңгіндей жатқан бір үлкен мәселе. Бала тәрбиесінде біз ұлттық мүддені жолғалпауымыз үшін көбіне рухани және ізгілік адамгершілік мәселелеріне мән беруіміз керек. «Заманың түлкі болса, таз боп шап» демей ме атамыз қазақ, демек балдырғандарымыздың болашығы үшін өзіміз әрекет етпесек кім қозғалады.Ата- аналармен бірге Адам жанын бірден баурап алатын ұлттық тәрбиенің иісі бұрқырап тұрған қазақ мысал өлеңдерінен, интернет бетін жаулап алған бейнелерден ерекше қылып неге бейнелер түсірмеске? Бәрі де ата-анаға байланысты екені белгілі. Бала тәрбиесіне біріншіден отбасында мән беру керек. Бұл мәселелердің алдын алу үшін тағы да ата- аналарды жұмылдыруға болады. Ата-аналарға жарыстарды көбірек өткізу үшін бала тәрбиесіне байланысты тапсырмалар беру керек. Балаларыңызбен бірге бір ертегіні сомдап, мысал өлеңдең дер жаттатқызып баласы мен ата -анасы бірге сомдап бейне түсіріп, үздік шыққан бейнені үлгілі деп жариялауға болады.

Балаға ерте жастан қазақ ауыз әдебиетін құлағына сіңірсек,мақал- мәтел, жырлар, соның ішінде мысал жанрын, қиссаларды жаттатсақ бала тәрбиесінің сапасы арта түседі. Бізді өзге ұлт өкілдерінен ерекшелейтін құндылығымыз, ұлттық тәрбиеміз бен мүддеміз. Ұлттық тәрбиенің негізгі қайнар көзі – қазақ ауыз әдебиеті, қазақ мысал өлеңдері. Ерте жастан осындай тәрбиеге тұнған мысал өлеңдерді жаттап өскен бала өскенде өзі жыр жазатынына сенімдімін. Қазақ мысал өлеңдерінің өміршеңдігі осында деп ойлаймын. Болашағымыз кітаптағы мысал өлеңдерден тәрбие алып өссе, оқыса, тоқыса тәрбиеміздің тамыры тереңдей түсетіні сөзсіз. Тек еңбек қана ұлттық тәрбиеге тура жол солады. Қазақ ауыз әдебиетінен ерте сусындап өскен балалардың болашағы қашан зор болмақ.«Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе келістіріп істейді.» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай әрбір бала тәрбиесіне қатысты жұмыстарды келістіріп істесек, болашағымыз жарқын.




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Абайтырсынов «Ақ жол» Алматы «Жалын» 1991ж

  2. С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев. Қазақ әдебиеті. Алматы «Мектеп»2001ж







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.01.2019
441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі