Материалдар / Тақырыбы:"Қызықты математика әлеміне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы:"Қызықты математика әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге оқу қызметінен көмек ретінде ұйымдастырылған оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математика негіздері.
Білім саласы: «Таным»
Білім саласын кіріктіру: «Таным» «Шығармашылық», Монтосори элементтері.

Тақырыбы: «Қызықты математика әлеміне саяхат».
Мақсаты: Балалардың сан санау ұғымын кеңейту дамыту. Салыстыру, санау, санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктері: Слайд, сандар , сандар таңбасы, санайтын таяқшалар,магнитті тақта, ,тәрелке мәни салынған ,көк және қызыл дөңгелектер.


Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, салыстыру.
Оқу әрекеті:
Тәрбиешінің іс - әрекеті: 
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Сәлемдесу

Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Алдымен біз қонақтармен амандасайық.

-«Сәлеметсіз бе»,қазақша амандасу.

- Здраствуйте, орысша амандасу.

- Гуд монен ағылшынша амандасу.

Баланың іс - әрекеті:
Балалар шаттық шеңберіне жиналады.
Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз. Қимылмен балалар көрсетеді.

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші сұрақтар қою арқылы сабақты бастайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері?

Мнемо кесте бойынша суретті оқу. Қар еріп,күн шығып, құстар келіп ән салды .

-Көктемде ағаштар бүршік жарады,шөп шыға бастайды. Күн жылынады. Қар ериді.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар.
- Атап беріңдер?
- наурыз, сәуір, мамыр.

-Қазір көктемнің нешінші айы?

-Үшінші соңғы айы- мамыр.
- Ал енді, балалар апта күндерін қайталайық.

Дүйсенбі.

Сейсенбі.
Сәрсенбі.
Бейсенбі.
Жұма.

Сенбі.
Жексенбі.

Хормен .жеке баладан сұрау
-Балабақшаға неше күн келеміз?

5 күн . Атау.

Ал неше күн демаламыз?

Екі күн демаламыз.
- Балалар саяхатқа барғыларың келе ме?
- Барғымыз келеді!
Онда біз қызықты математика еліне саяхатқа шығамыз.
1-аялдама.
«Сиқырлы сандар елі».
Балалар мен сендердің алғыр, тапқыр, шапшаңдықтарыңды білемін. Ол үшін менің бірнеше тапсырма, ойындарым бар. Соларды орындай аласыңдар ма? 1. Тапсырма.

Балық аулау ойыны .

Магнитті тақтада орындау.түсіп қалған сандарды орнына қою.

1...3..5.
1, 2, 3, 4, 5,6,8.9,10- ға дейінгі сандарды тура санау 1-баладан сұрау.

үш тілде санау

10,9,8, 7,6, 5,4,3,2,1 кері санау 1-баладан сұрау.

Сандарды орысша санау.(Келесі баладан сұрау).

Адасқан сандар . Сандарды ретімен тұру . Музыка әуенімен жүру.

2-ші аялдама: Тапсырма. «Логикалық суреттер».

Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма. -Қоян мен қонжықтың сүйікті тағамы қандай?
-Қоян – сәбіз.
-Қонжық – бал.-Қоянның құлағы нешеу?-Екеу.

Балалар мына ағаштар қандай?

Жуан ,жіңішке

Енді балалар біз мына берілген тапсырмаларды орындап көрейік:

Сергіту сәті: «Алма кетті домалап»

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосқанда

Болып шықты оң саусақ саусақ жаттығуын жасау
3-ші біздің аялдама: «Әр түрлі тапсырмалар».

Ол үшін біз мына тұрған үстелдерге отырамыз.

Сендердің алдарында жатқан геометриялық пішін қандай? Моншақ тізбегін жасау Монтосори элементтері арқылы

-Көк және қызыл дөңгелектер.

-Үлкен бе әлде кішкентай ма?

-Кішкентай көк және қызыл .

-Дұрыс айтасыңдар.Ендеше осы дөңгелекшелерден моншақ құрастырайық.

Моншақ құрастырамыз.

Д/О. Таяқшылар (Есте сақтау). Монтосори әдісі
Шарты: Санау таяқшаларынан құралған пішінді көрсетіп, 1 - 2 секунд оны бала өзі құрастыру керек.
Үй
Балық.

Шырша

Енді балалар сендер сандарды ұнтақталған дақыл салынған тәрелкеде Монтосори әдісі арқылы айтылған сандарды жазып отырайық. 1-3-5 сандарын жазайық. Мысалы : 1 санын жазады апай қарайды шайқап келесі сан айтылады. Балалар жазады тағы да қайталанады.

Ал енді біз ойын ойнаймыз . «Қыстырғыштармен ойын».Ойынның шарты: Әр түрлі суреттер сандарды сандар санына қарай орналастыру.

Тәрбиеші:
Балалар сендер өте жақсы тапсырма орындадыңдар.

-Балалар біз қайда саяхатқа бардық?

-Бүгінгі сабақта нені білдік?

-Қандай жұмыстар жасадық?

-Сандарды санадық, санамақ айттық.

Балалар сендер менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар . Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер.
Балалар сендер нағыз алғыр, білімпаз, өнерлі балалар екенсіңдер.
Ойындарға да жақсы қатыстыңдар ,логикалық есептерді шештік басқа сұрақтарыма жауап бердіңдер.Менің сендерге сыйлығым бар.Сыйлықты үлестіру.
Күтілген нәтиже:
Білуі керек:
Логикалық есептерді шеше білу керек, сан санау ұғымын кеңейту.
Болу керек: Ойлау қабілеттері, білімге деген құштарлығы.
Үйрену керек: Шапшаңдыққа, шыншылдыққа, адамгершілікке баулу.






















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!